Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бөлім. Қоғамның экономикалық дамуының жалпы негіздері



Экономикалық теория бойынша тест

1. Қандай анықтама экономикалық теорияның зерттеу пәнін дәл анықтайды?

А) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінің динамикасы туралы ғылым

Б) адам іс-әрекетінің құлшыныстары туралы ғылым

В) игіліктерді өндщіру және бөлу туралы ғылым

+Г) ресурстардың шектеулілігі жағдайында қоғам дамуының жалпы заңдары туралы ғылым

Д) ақша ресурстарын басқару туралы ғылым

2. “Политэкономия” терминін өз еңбегінде ең алғаш қолданған кім?

А) Адам Смит

+Б) Антуан де Монкретьен

В) Аристотель

Г) Карл Маркс

Д) Альфред Маршалл

3. “Экономикс” терминін өз еңбегінде қолданысқа енгізген кім?

А) Жан Батист Сэй

Б) Артур фон Хайек

+В) Альфред Маршалл

Г) Джон Мейнард Кейнс

Д) Пол Самуэльсон

4. Экономикалық теорияның тарихи ең алғаш қалыптасқан мектебі қандай?

А) марксизм

+Б) меркантилизм

В) кейнстік ілім

Г) классикалық политэкономия

Д) монетаризм

5. Байлықтың көзі- ауыл шаруашылығы өнімдері мен табиғи ресурстар деп санаған экономикалық мектеп:

+А) физиократтар

Б) меркантилизм

В) монетаризм

Г) институционализм

Д) маржинализм

6. Институционалдық пікір бойынша экономикалық талдауда келесі мәселелер қаралуы тиіс:

а) әлеуметтік

б) этикалық

в) құқықтық

г) саяси

+д) әлеуметтік, этикалық, құқықтық, саяси

7. Экономиканың жекелеген субъектілері деңгейінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалануды оқытатын бөлім:

+а) микроэкономика

б) менеджмент

в) макроэкономика

г) маркетинг

д) мегоэкономика

8. Экономика ғылымының әдісі түсінігін қамтиды:

а) пәннің құрылымы

б) нақты мәліметтер жиынтығы

+в) барлық танымдық құралдарды оптималды пайдалану тәсілдері

г) ғалымның дүниетанымдық ұстанымдары

д) шаруашылық процестер арасында туындайтын байланыстарды дұрыс әрі терең түсінуге мүмкіндік беретін ғылыми құралдар

9. Ғылыми абстракция әдісінің мазмұны қандай?

а) зерттелетін процесс туралы біздің ойымызды кездейсоқ және өтпелі мәліметтерден арылту

+б) зерттелетін процестің аса елеулі жақтарын бөліп алып, кездейсоқ және екінші ретті жағдайлардан бас тарту

в) экономикалық процестерді модельдеу

г) тәжірибе жасау

д) зерттелетін құбылысты жекелеген элементтерге бөлу

10. Егер экономикалық жалпылау мәліметтерге сүйенетін болса, онда ол-:

а) бақылау

б) ғылыми абстракция

в) дедукция

+г) индукция

д) экономикалық- математикалық модельдеу

11. Экономикалық заңдар дегеніміз не?

а) экономикалық құбылыстардың елеулі жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін ғылыми абстракция

б) экономикалық құбылыстар туралы формальды түсініктер

+в) өндірістік қатынастардағы елеулі және тұрақты байланыстар

г) себеп-салдарлы байланыстар

д) экономкалық қатынастарды реттейтін құқықтық заңдар

12. Экономикалық категориялар дегеніміз не?

+а) өндірістік қатынастардың әртүрлі жақтарын сипаттайтын ғылыми абстракция

б) түсініктерді субъективті бағалау

в) қарапайым пікірлер

г) себеп-салдарлы байланыстар

д) экономикалық құбылыстар туралы формальды түсініктер

13. Макроэкономиканың зерттейтін мәселесі:

а) экономикадағы мемлекеттің рөлі

+б) жалпы ұлттық экономикадағы процестер

в) адамзаттың экономикалық дамуының жаһандық мәселелері

г) политэкономия алғаш қалыптасқан кездегі мәселелер

д) баға қою механизмі

14. Дедукция дегеніміз не?

а) экономикалық құбылыстырға тарихи ұстанымды қолдану

б) жекелеген ұстанымдардан жалпы жағдайлар шығару

в) қарапайым пікірлер

г) экономкалық процестерді модельдеу

+д) жалпы дағдайлардың негізінде жеке пікірлер шығару

15. Синтездеу әдісін қалай түсіндіруге болады?

а) экономкалық процестерді модельдеу

б) жалпы дағдайлардың негізінде жеке пікірлерді негіздеу

в) тәжірибе жасау

+г) жекелеген элементтерді біртұтастылыққа біріктіру және оларды өзара байланыста зерттеу

д) құбылысты жекелеген бөліктерге бөліп зерттеу

16. Төмендегі тұжырымдаманың қайсысы дұрыс?

а) экономикалық заңдар адам санасына тәуелді, адамдар оларды белгілейді

+б) экономикалық заңдар объективті түрде әрекет етеді, адамдар оларды танып-біліп, өз тәжірибесінде пайдаланады

в) экономикалық заңдар адамдардың еркі мен қалауынан тыс өз-өзінен пайда болады

г) құқықтық заңдарға ұқсас

д) табиғат заңдарына ұқсас

17. Экономикалық теорияның зерттейтіні:

а) тауарларды өндіру мен айырбастау

б) жиынтық экономикалық процестер

+в) шектеулі экономикалық ресурстарды пайдалану

г) капиталды арттыру механизмі

д) қоғамдық процестерді басқару

18. Экономикалық теория қарастырмайды:

а) ұлттық экономикадағы ішкі жүйенің әрекеті

б) әлемдік экономиканың жалпы қызмет етуі

в) ұлттық экономикалық жүйенің қызмет етуі

г) жекелеген экономикалық субъектілердің әрекеті

+д) субъектілердің психологиялық әрекеті

19. Экономикалық теория ғылым ретінде қай ғасырда қалыптасты?

+а) XVI ғ.аяғы - XVII ғ. басы

б) XVII ғ. аяғы

в) XIXғ.

г) XIVғ.- XVғ.

д) XVIII ғ.- XIX ғ.

20. Экономикалық теорияның пайда болуы қандай жағдаймен байланысты?

+а) капитализмнің дамуымен және рыноктың ұлғаюымен

б) мануфактураның дамуымен

в) еңбектің жаңа түрлерінің шығуымен

г) трансұлттық компаниялардың пайда болуымен

д) ақшаның пайда болуымен

21. Экономикалық теория арқылы:

а) өмір сүру деңгейі анықталады

б) жалақы мөлшері анықталады

+в) экономикалық саясат анықталады

г) зейнетақы мөлшері анықталады

д) өндіріс шығындары анықталады

22. Экономикалық теорияның негізгі қызметтері қандай?

а) танымдық, әдістемелік, логикалық

+б) танымдық, теориялық- әдістемелік, практикалық

в) формациялық, әдіңстемелік, практикалық

г) практикалық, логикалық, танымдық

д) гнесеологиялық, дүниетанымдық

23. Ғылым ретінде экономикалық теорияның алғашқы атауы қандай?

а) экономикс

+б) политэкономия

в) жалпы экономика

г) экономика

д) қолоданбалы экономика

24. Экономика- бұл:

а) шаруашылық жүргізу бойынша адамдар арасындағы қатынастар

б) адамдардың өндірістік әрекеті

+в) материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну бойынша қоғамдық қатынастар

г) өндіргіш күштерге мемлекеттің ықпал етуі

д) адамдардың табиғатқа әсер етуі

25. Экономикалық білімдегі экономикалық теорияның маңызы қалай сипатталады?

а) адамдардың қоршаған ортаға деген қатынасы

б) адамдардың заттарға қатынасы

в) адамдардың ғылымға деген қатынасы

+г) қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы қатынас

д) өндіріс көлемі туралы толық ақпарат береді

26. Сауданы ұлғайтуды және алтынды жинақтауды мемлекетке ұсынған кімдер?

+а) меркантилистер

б) маржиналистер

в) физиократтар

г) классиктер

д) утопистер

27. Меркантилизмнің көзқарасы бойынша:

а) байлық материалдық өндірісте жасалады

б) байлық еңбек өнімдерін тиімді бөлудің нәтижесінде пайда болады

в) абсолютті артықшылығы бар тауарларды өндіруші мануфактураны қолдау қажет

г) сауда эквивалент тауарлардың айырбасын білдіреді

+д) байлық дегеніміз- алтын

28. Меркантилизмнің алғашқы кезеңі қашан пайда болды?

+а) XV- XVI ғ.

б) XIV- XVғ.

в) XI- XIII ғ.

г). XVII- XVIII ғ.

д) б.д.д. III ғ.

29. Меркантилизмнің екінші кезеңі қандай теория ұсынды?

а) ақша балансы

б) төлем балансы

в) өндірістік баланс

+г) сауда балансы

д) қаржылық баланс

30.Қоғам байлығы саудада емес, материалдық өндіріс сферасында қалыптасады деп тұжырымдаған қандай мектеп?

а) утопиялық

б) маржиналистік

+в) классикалық

г) әлеуметтік бағыт

д) тарихи

31. «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» кітабының авторы кім?

а) К. Маркс

б) П. Самуэльсон

в) Д. Рикардо

+г) А. Смит

д) Л. Вальрас

32. Қазіргі экономикалық теориядағы кейнстік бағыт нені қолдайды?

а) экономиканы мелекеттің реттеуін шектеуді

+б) жиынтық сұраныс арқылы рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеуді

в) еркін бәсеке арқылы барлық әлеуметтік- экономикалық мәселелерді шешуді

г) аралас экономикаға қарағанда рыноктық жүйенің артықшылығын

д) экономиканың толық еркіндігін

33. Төмендегілердің қайсысы экономикалық теорияның қызметіне жатпайды?

а) экономикалық өмірдегі процестер мен құбылыстарды зерттеу және түсіндіру

б) құбылыстар мен процестердің мәніне үңілу

в) рационалды шаруашылық жүргізу қағидалары мен әдістерін дайындау

г) қоғамның даму болашағы мен ғылыми болжамын жасау

+д) қоғамның конституциялық негізін дайындау

34. Қай талдау экономикалық теорияның пәніне қатысты емес?

а) қажеттіліктерді дербес таңдау механизмі

+б) шексіз өндірістік ресурстарды пайдалану

в) өндіріс факторларын тиімді пайдалану

г) өндіріс шығындарын анықтау

д) пайданы барынша молайту

35. Келесілердің қайсысы экономикалық мақсатқа жатпайды?

а) экономикалық өсу

б) толық жұмыспен қамту

+в) саяси тұрақтылық

г) экономикалық тиімділік

д) адамдардың әл- ауқатын арттыру

36.Неоклассикалық бағыттың сипаттық белгілері қандай?

а) патернализмді ұстануы

б) тиімді бюджет-салық саясаты ұсынуы

в) экономикаға мемлекеттің араласуын қолдауы

г) рыноктық қатынастардағы мемлекеттің белсенділігін жақтауы

+д) барлық әлеуметтік- экономикалық мәселелерді еркін бәсеке арқылы шешуі

37. Монетаризм теориясы нені ұсынады?

а) ақша массасын мемлекеттік бақылауды, теңгерілген мемлекеттік бюджетке жетуді

б) теңгерілген мемлекеттік бюджетке жетуді

в) несие пайызын жоғары көтеруді, ақша массасын мемлекеттік бақылауды

г) несие пайызын жоғары көтеруді, ақша массасын мемлекеттік бақылауды, теңгерілген мемлекеттік бюджетке жетуді

+д) ақша массасын мемлекеттік бақылауды

38. Экономикалық заңдар нені сипаттайды?

а) моральдық- этикалық байланыстарды

б) субъективті- психологиялық байланыстарды

в) әлеуметтік- саяси байланыстарды

г) заңдық- құқықтық байланыстарды

д+) себеп- салдарлы байланыстар

39. Экономикалық жүйені дамытудың қазіргі кездегі мақсаттары қандай?

а) жаһандық мәселелерді шешу

б) әлеуметке бағытталу

+в) экономикалық тиімділік, әлеуметке бағытталу және жаһандық мәселелерді шешу

г) экономикалық тиімділік

д) тек қана экономикалық тиімділік және әлеуметтік бағытталу

40. Көрсетілгендердің қайсысын микроэкономика зерттейді?

а) индивидтердің әрекетін жетелеуші мотивтер

б) ел экономикасында жұмыспен қамтылғандар

в) бағалардың жалпы деңгейі

г) экономиканы тұтас жүйе ретінде қарастырады

+д) ресурстарды бөлу

41. Экономикалық теория қандай жүйені зерттеуде қолданылады?

а) тек капиталистік экономикалық жүйеге

+б) барлық экономикалық жүйеге

в) бұрынғы кеңестік мемлекеттерге

г) социалистік елдерден басқа дамушы және дамыған елдерге

д) аралас экономикаға

42. Экономикалық процестерді зерттеуде қандай әдістер қолданылмайды?

+а) картографиялық

б) индукция және дедукция

в) математикалық

г) графиктік

д) анализ және синтез

43. Экономикалық теорияның пәніне қандай жағдайдың қатысы жоқ?

а) игіліктердің сиректігі

б) ресурстарды тиімді пайдалану

в) қажеттіліктерді толық қанағаттандыру

+г) шексіз өндірістік ресурстар

д) білім берудегі қажеттіліктерді қанағаттандыру

44. Маржинализм көзқарасына қандай жағдай қайшы?

а) сапалық талдау маңызды

б) барлық процестердің негізі- шекті, соңғы жағдайлар

в) құбылыстарды субъективті сезімдер арқылы бағалау

+г) сандық талдау маңызды

д) экономика- бұл өзара байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілердің жүйесі

45. Физиократтар ілімінің басты мазмұны қандай?

а) шаруаларды әртүрлі салықтардан босату

б) әлемде табиғи тәртіп бар, оны тану қажет

в) сауда дегеніміз өндірілген игіліктермен айырбас

г) байлықтың көзі еңбекте

+д) ұлттың байлығының көзі еңбек және ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімдері

46. Физиократтар іліміне қандай пікір қайшы болып табылады?

а) шаруаларды әртүрлі салықтардан босату

б) әлемде табиғи тәртіп бар, оны тану қажет

+в) барлық процестердің негізі- шекті, соңғы жағдайлар

г) сауда дегеніміз өндірілген игіліктермен айырбас

д) ұлттың байлығы- ауыл шаруашылық тауарлары

47. Экономикалық теория қандай қатынастар жүйесін қарастырады?

+а) әлеуметтік- экономикалық, техника- экономикалық және ұйымдастырушылық- экономикалық

б) ұйымдастырушылық- экономикалық

в) техника- экономикалық

г) ұйымдастырушылық- құқықытық

д) этикалық

48. Қоғамның экономикалық өмірінде қандай қатынастар маңызды?

а) діни

+б) өндірістік

в) саяси

г) идеологиялық

д) моральдық- құқықтық

49. Либерализм идеялары мен мемлекеттің экономикаға араласуын шектеу туралы көзқарастарды алғаш ұсынған кім?

а) Дж. Кейнс

б) К. Маркс

+в) А. Смит

г) У. Петти

д) А. Маршалл

50. Экономика нені қарастырады?

а) экономика мен оның нақты сфералары қалай қызмет ететінін түсіндіреді

б) экономикалық қағидалардың кешені

+в) шектеулі ресурстарды пайдалану

г) адамдардың әлеуметтік- экономикалық қатынастарын, объективті щындықты сипаттайды

д) экономиканың қызмет ету заңдары болып табылады

51. Экономикалық категориялар мен экономикалық заңдардың жалпы сипаты қандай?

а) тек мінез- құлық қатынастарын сипаттайды

б) объективті шындықты бейнелейді

в) бір құбылыстың мәні, оның бір жағы ғана зерттеледі

+г) адамдар арасындағы әлеуметтік- экономикалық қатынастарды және объективті шындықты бейнелейді

д) адамдар арасындағы әлеуметтік- экономикалық қатынастарды бейнелейді

52. Экономикалық өмірдегі процестердің ішкі мәніне үңілуге мүмкіндік беретін қандай әдіс?

а) анализ

б) синтез

в) диалектикалық

+г) ғылыми абстракция

д) математикалық талдау

53. Маркстік теория бойынша экономикалық теорияның пәні не?

+а) экономикалық қатынастар

б) игіліктердің сиректігі

в) табиғатқа деген қатынас

г) тиімді өндіріс

д) тиімді бөлу

54. Микроэкономика нені зерттейді?

а) елдегі жұмыссыздық деңгейін

+б) өндіріс факторлары рыногындағы салыстырмалы бағалардың орнауын

в) экономикадағы ивестициялық сұраныстың көлемін

г) экономикалық өсуге фискалды саясаттың әсерін

д) инфляцияға қарсы саясаттың әдістерін

55. Экономикалық ғылымдар жүйесіне жалпы, арнайы және салалық экономика ғылымдары енеді. Жалпы ғылымға не жатады?

а) көлік экономикасы

б) менеджмент

в) кәсіпорын экономикасы

+г) экономикалық теория

д) еңбек экономикасы

56. Әрбір экономикалық жүйеде “не, қалай және кім үшін өндіру” мәселесі микро және макро деңгейлерде шешіледі. Төмендегі сұрақтардың қайсысы микроэкономикалық деңгейде шешіледі?

а) толық жұмыспен қамтуға қалай жетуге болады?

+б) не және қанша өндіру?

в) инфляциядан қалай құтылуға болады?

г) жұмыссыздықтан қалай құтылуға болады?

д) экономикалық өсуді қалай ынталандыруға болады?

57. Қоғамның негізгі даму заңы қандай?

а) ақша айналысының заңы

б) баға заңы

в) сұраныс заңы

г) ұсыныс заңы

+д) өндірістік қатынастардың өндірістік күштер деңгейі мен даму сипатына сәйкес келу заңы

58. Қоғамдық өндірістің басты емес бөлімі қайсы?

а) өндіріс

б) бөлу

в) айырбас

г) тұтыну

+д) жинақтау

59. Қандай мәселе барлық экономикалық жүйелерге тән?

а) инвестициялау

б) өндіру

в) тұтыну

+г) ресурстардың шектеулілігі

д) бөлу

60. Экономикалық категория ретінде өндіріс нені білдіреді?

а) қоғам өмірінің бір жағын

+б) адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндіріс факторларының өзара әрекет ету процесін

в) адамның жұмыс істейтін орынын

г) пайдалы өнімді өндіру барысында адамдардың машиналарды, механизмдерді пайдалануын

д) еңбек құралдары мен еңбек заттарының жиынтығын

61. Ресурстардың шектеулілігі деген ұғым қалай түсіндіріледі?

+а) олардың көмегімен бір мезгілде және қажеттіліктерді толық қанағаттандыру мүмкін емес

б) олар қоғамда қажетті тауарлар өндірісі үшін жеткіліксіз мөлшерде кездеседі

в) ресурстар тұтыну тауарларын өндіру үшін ғана жетеді

г) ресурстар алғашқы қажетті тауарларды өндіру үшін ғана жетеді

д) ресурстар таусылатындықтан және олардың орыны толтырылмайтындықтан жетпейді

62. Өндірістің қандай факторларын білесіз?

а) еңбек, капитал, ақпарат, технология

б) заттық және жеке

в) табиғи ресаурстар, капитал, еңбек

+г) жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік

д) табиғи, еңбек, материалдық және қаржы ресурстары

63. Еңбек заты дегеніміз не?

а) станоктар

б) машиналар, құрылғылар

в) домна және мартен пештері

г) тракторлар мен автомашиналар

+д) темір жол және шоссе жолдары

64. Ресурстардың «салыстырмалы» шектеулілігі немен байланысты?

а) ресурстардың таусылуымен

б) ресурстардың қайта өндірілмейтіндігімен

в) қажеттіліктердің шектеулілігімен

+г) қажеттіліктердің шексіздігімен

д) ресурстардың таусылмайтындығымен

65. Экономика өндірістік мүмкіншіліктер шекарасында болады, егер….

+а) өндірістік ресурстар толық пайдаланылса

б) өндіріс тиімділігі артса

в) инвестициялар тұтыну шығыстарынан жоғары болса

г) ұсыныс сұраныстан жоғары болса

д) ұсыныс сұранысқа тең болса

66. Ақылы оқудың альтернативті құны мынаны көрсетеді:

а) оқу әдебиеттеріне және концелярия керек-жарақтарына кеткен шығын

+б) жұмыс жасаудан алынатын жалақы

в) тамаққа шығын

г) оқу үшін төлем

д) оқуға берілетін несие

67. Егер де экономиканың өндірістік мүмкіндіктер қисығы оңнан солға төмен қарай қозғалса, онда ол мынаны білдіреді:

+а) альтернативті шығындар көбейеді

б) альтернативті шығындар азаяды

в) альтернативті шығындар бір қалыпты

г) альтернативті шығындар төмендеуі және өсуі мүмкін

д) альтернативті шығындар өзгермейді

68. Өдірістік мүмкіндіктер қисығы нені көрсетеді?

а) шикізаттардың өзгеруі кезінде өндірістің өзгеру мумкіндігін

+б) бар шикізаттың толық қолданылуы бойынша екі түрлі өнімнің түрлі өндірістік мүмкіндіктер жинағын

в) қосымша шикізаттарды тарту бойынша екі түрлі өнімнің өндірістік мүмкіндігін

г) альтернативті шығындардың азаюын

д) екі түрлі өнімнің ресустары толықтай пайдаланылмаған өндірістің мүмкіндігін

69. Ұдайы өндірістің экстенсивті үлгісі нені білдіреді?

а) іс жүзіндегі кәсіпорынның қайта құрылуын

б) өнімнің және өндірістің жаңаруы арқылы дамуын

+в) бастапқы техникалық және өзгермейтін еңбек өндірісінің негізінде қосымша шикізаттарды тартуды

г) өндірістік технологияларының өзгеруін

д) қоғамдық өндірістің салалық құрылымының өзгеруін

70. Ұдайы өндірістің интенсивті үлгісі нені білдіреді?

а) жұмыс орындарының саны көбейту арқылы дамуды

б) жаңа кәсіпорындардың салынуын

в) қоғамдық өндірістің салалық құрылымының өзгеруін

+г) жаңа технологиялар негізінде барлық факторлардың тиімді қолданылуы арқылы өндірістің өркендеуін

д) техниканың жетілуін

71. Өндірістік мүмкіндіктер сызығында өндірістік өнімнің өсуі немен байланысты?

а) әртүрлі жағдайлар болуы мүмкін

б) өндірістің өзге өнім түрінің өсуімен

в) сату көлемінің тұрақты көлемімен

+г) өндірістік өзге өнім түрлерінің кемуімен

д) өндіріс көлемінің өсуімен және кемуімен

72. Экономикалық жүйенің тйімді құрылуы өндірістік мүмкіндік сызбасында мынаны көрсетеді:

а) сұраныс қисық сызығында жатқан нүктені

б) өндірістік мүмкіндік қисығынан төмен жатқан нүктені

в) өндірістік мүмкіндік қисығынан жоғары жатқан нүктені

+г) өндірістік мүмкіндік қисығында жатқан кез-келген нүктені

д) қисық сызықта жатқан кез-келген нүктені

73.Төмендегілердің қайсысы экономикалық игілікті сипаттайды?

а) адамдардың қажеттілігін қанағаттандыра алмайды

б) өндірістің нәтижесі болып табылмайды

в) ол өте көп болғандықтан, жеткілікті болады

г) адамдар оны тегін иеленуі мүмкін

+д) адамдардың қажеттілігін қанағаттандырады

74. Төмендегілердің қайсысы экономикалық игілікке тән емес?

+а) өндіріс тиімділігінің нәтижесі болып табылады

б) адамдардың қажеттілігін қанағаттандырады

в) барлық адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болып табылады

г) тегін болмайды

д) қоғамдық өндіріс нәтижесі болып табылады

75. Адам еңбегінің бағыты төмендегілердің қайсысы арқылы көрсетілген?

а) жинақталған кіріс деңгейінің жоғарылауымен

+б) еңбек құралдарымен

в) басшылықпен түсініспеушіліктің азаюымен

г) ресурстардың сиректігімен

д) тұтыну деңгейінің тұрақтылығымен

76. «Еңбек» түсінігінің анықтамасын табыңыз:

а) адам іс-әрекетінің көп жақтылығы

б) бірнеше өнімді ұйымдардың өндіруі

+в) материалдық игіліктермен қызметтер өндірісі бойынша мақсаттық бағытталған іс-әрекеттер нәтижесі

г) нақты міндеттермен байланысты шарттық еңбек нәтижесі

д) адамның қоршаған ортамен өзара іс-әрекетінің нәтижесі

77. Материалдық өндірісті көрсетіңіз:

а) денсаулық сақтау

б) білім беру

+в) ауыл шаруашылығы

г) спортпен шұғылдану

д) балет өнері

78. Материалдық емес өндіріс сферасын атаңыз:

+а) білім беру

б) құрылыс

в) өнеркәсіп тауарларының өндірісі

г) пайдалы қазбалар өндірісі

д) агроөнеркәсіп кешені

79. Материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру құралдары қандай?

а) маманның білімі мен тәжірибесі

б) жалдамалы жұмысшының физикалық және рухани қасиеттері

+в) өндіріс ресурстары

г) ақша ресурстары және меншіктің көптүрлілігі

д) материалдық және материалдық емес игіліктерді тұтынушылардың табыстары

80. Қарыз пайызының қойылымы неге тәуелді?

а) жалақы деңгейіне

б) пайда мөлшеріне

+в) пайданың орташа мөлшеріне

г) доллардың курсына

д) сұраныс пен ұсыныстың икемділігіне

81. «Не, қалай және кім үшін өндіру керек» мәселесі қандай жүйеге қатысты?

а) тек нарықтық экономикаға

+б) кез-келген экономикалық жүйеге

в) тек дамыған экономикаға

г) тек артта қалған экономикаға

д) тоталитарлық жүйеге

82. Шектеулі ресурстарды пайдалану барысында шығындарды төмендетуге, пайданы жоғарылатуға ұмтылған қоғамның мақсаты қандай?

а) толық жұмыспен қамту

б) экономикалық өсуді қолдау

в) экономикалық қауіпсіздік

+г) экономикалық тиімділік

д) экологиялық қауіпсіздік

83. Технология экономикалық жүйе үшін неліктен маңызды?

а) өндіріс факторларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді

б) өндірістік мүмкіндіктер шекарасын анықтайды

в) не өндіру керек екендігін анықтайды

г) өнім бағасына әсер етеді

+д) не өндіру керек екендігін, өндіріс факторларын тиімді пайдалану мүмкіндіктерін анықтайды

84. Аралас экономиканың сипаттамасы қандай?

а) нарықтық және жоспарлы реттегіштердің үйлесуі

+б) нарық механизміне сай өзара әрекет етуші мемлекет пен жеке сектордың бірлігі

в) командалық- әкімшілік механизм негізінде экономиканы орталықтан жоспарлы басқару

г) дәстүрлі шаруашылық жүргізуге негізделген экономика

д) директивті жоспарлау

85. Орталықтан жоспарланған экономиканың сипаты қандай?

а) еркін бәсеке

б) меншіктің көптүрлілігі

+в) ресурстар мен капитал салуды жоспар арқылы бөлу

г) нарықтық реттегіштердің қызмет етуі

д) нарықтық және жоспарлы реттегіштердің үйлесуі

86. Экономикалық мәселелер ішінара нарықпен, ішінара мемлекетпен шешілсе, онда ол қандай экономика?

+а) аралас

б) нарықтық

в) дәстүрлі

г) командалық

д) өтпелі

87. Өтпелі экономиканың белгісі қандай?

а) ҒТП-ның эволюциялық дамуынан қазіргі ҒТР-ға өту

б) мануфактурадан ірі машина өндірісіне өту

в) машина өндірісінен автоматтандырылған өндіріске өту

+г) әртүрлі экономикалық жүйелердің бір кезеңде өмір сүруі, қайшылықтар мен тұрақсыздықтың болуы

д) ҒТП-ның қарқынды дамуы

88. Еркін сауда экономикасын қалай сипаттауға болады?

а) нарықтық және жоспарлы реттегіштердің үйлесуі

б) бағаны жоспар арқылы белгілеу

+в) еркін бәсеке және нарықтық биліктің ешкімде болмауы

г) таурлардың импорты мен экспортына шектеулердің болмауы

д) меншіктің көптүрлілігі

89. Дәстүрлі экономикаға тән емес:

+а) ұлғаймалы ұдайы өндіріс

б) сұраныстың төмен болуы

в) бағаны реттеу

г) фирманың үстемдігі

д) заңдардың әлсіздігі

90. Қазіргі экономикалық теория өндіріс факторларына нені жатқызады?

а) ақпаратты

б) саясатты

в) идеологияны

г) экологияны

+д) ақпаратты, экологияны

91. Марксизм бойынша өндіріс факторларын жіктеудің негізгі ерекшелігі қандай?

а) өндірістің жалпы техника- экономикалық элементтерін қарастырады

б) өндіріс факторына кәсіпкерлік қызметті жатқызады

в) капиталға еңбек құралдары мен заттарын жатқызады

г) табиғи жағдай ерекше өндіріс факторы болып табылады

+д) қоғамдық өндірісті талдау тапқа бөлу арқылы жүзеге асады

92. Капиталдың экономикалық категория ретіндегі мәні қандай?

а) капитал- ақша

б) капитал- жер байлығы

+в) капитал- экономикалық қатынастар

г) капитал- тұрмыстағы қымбат заттар

д) капитал- өндіріс құралдары

93. Қазіргі экономикалық теория капиталға нені жатқызады?

а) өндіріс құралдары

б) ақша, бағалы қағаздар, қаржы

в) энергия, дағды

г) уақыт

+д) капитал- табыс алып келетіннің барлығы

94. Физиократиялық мектеп капитал ретінде нені қарастырады?

а) қоғамдық жинақталған еңбек

+б) жер

в) өндірістің техника- экономкалық элементтері

г) қоғамдық ерекше өндірістік қатынастар

д) ақша, қаржы ресурстары

95. Маржинализм капитал деп нені таниды?

а) қоғамдық жинақталған еңбек

б) жер

+в) өндірістің техника- экономкалық элементтері

г) қоғамдық ерекше өндірістік қатынастар

д) ақша, қаржы ресурстары

96. Капиталға толық және ауқымды анықтама берген қай мектеп?

а) классикалық

б) физиократиялық

+в) марксизм

г) монетаризм

д) маржинализм

97. Өндіріс факторларына не жатады?

а) капитал

б) еңбек

в) жер

г) кәсіпкерлік қабілет

+д) капитал, еңбек, жер, кәсіпкерлік қабілет

98. Батыстық көзқарас ҒТР жағдайында капиталға қалай анықтама береді?

а) белгілі бір қоғамдық қатынас

б) адамның білімі, дағдысы, тәжірибесі, оның өндірісте пайдаланатын күш қуаты

в) бүгінгі тұтынудан бас тарту арқылы болашақта сый- ақы ретінде табыс алынатын уақыт

г) белгілі бір қоғамдық қатынас, бүгінгі тұтынудан бас тарту арқылы болашақта сый- ақы ретінде табыс алынатын уақыт

+д) адамның білімі, дағдысы, тәжірибесі, оның өндірісте пайдаланатын күш қуаты, бүгінгі тұтынудан бас тарту арқылы болашақта сый- ақы ретінде табыс алынатын уақыт

99. А. Смиттің капиталға берген анықтамасы қандай?

+а) жинақталған және заттанған еңбек

б) өндірісте қолданылатын елдің байлығының бір бөлігі, яғни азық- түлік, киімдер

в) еңбек бөлінісі мен айырбастың пайда болуымен байланысты қорлардың ерекше түрі

г) өндіріс құралдарының жиынтығы

д) елдегі барлық игіліктер

100. Д. Рикардо бойынша капиталдың ұғымы қандай?

+а) өндіріс құралдарының жиынтығы

б) өндірісті дамыту үшін қажет жинақталған еңбек

в) өндірісте қолданылатын елдің байлығының бір бөлігі, яғни азық- түлік, киімдер

г) өндіріс құралдарының жиынтығы, өндірісте қолданылатын елдің байлығының бір бөлігі, яғни азық- түлік, киімдер

д) өндіріс құралдарының жиынтығы, өндірісті дамыту үшін қажет жинақталған еңбек

101. К.Маркс капиталды қалай қарастырады?

+а) белгілі бір қоғамдық қатынас

б) өндіріс құралдарының жиынтығы

в) адамның білімі, дағдысы, тәжірибесі, оның өндірісте пайдаланатын күш қуаты

г) қорлардың ерекше түрі

д) табыс алып келетін кез келген құндылық

102. Капитал- бұл:

а) К.Маркстың кітабы

+б) өздігінше өсетін құн

в) ақша

г) өндіріс факторлары

д) тауарлар мен қызметтердің қозғалысы

103. Өндіріс құралдары дегеніміз не?

а) капиталдың бір бөлігі

б) еңбек ресурстары мен капитал

+в) еңбек құралдары мен еңбек заттарының жиынтығы

г) барлық материалдық ресурстар

д) техника

104. «Экономикалық ресурстар» категориясына берілген анықтаманың қайсысы дұрыс?

а) жерден алынатын барлық қазбалар

+б) өндіріс процесінде қолданылатын ресурстар

в) өндіріс құралдары

г) жұмыс күші

д) өндіріс факторлары

105. Үнемдеу деген ұғым қандай түсінік береді?

а) жинақтар жасау

+б) қолда бар ресурстардан барынша жоғары пайдалылық алу

в) экономикадағы процестерді зерттеу

г) мейлінше аз шығын жұмсау

д) табыстар мен шығыстарды салыстыру

106. Экономика қандай жағдайда тиімді болып табылады?

а) толық жұмыспен қамтылса

б) өндірістік ресурстар толық пайдаланылса

в) толық жұмыспен қамтылса немесе өндірістік ресурстар толық пайдаланылса

+г) толық жұмыспен қамтылса және өндірістік ресурстар толық пайдаланылса

д) ресурстардың толық іске қосылмауы

107. Жаңа стадион құрылысының балама шығындарына жатады:

а) оны күзету шығындары мен басқа жұмысшыларға төлем

б) болашақта салынатын стадион құрылысының бағасы

в) стадион табысынан төленетін нақты салық қойылымының өзгерісі

+г) стадион құрылысы бағасымен бірдей басқа тауарлар мен қызметтердің өндіріс бағасы

д) стадион құрысының шығындары

108. Бөлу дегеніміз не?

а) пайдалы игіліктерді дайындау процесі

+б) игіліктерді өндіру мен адам қажеттіліктері сәйкестендірілетін қоғамдық байлық айналымының бір сатысы

в) тек өндіріспен байланысты адамдар арасындағы ерекше экономикалық байланыстың бір түрі

г) адамдардың жеке мұқтаждықтарын қанағаттандыруа бағытталған өнімдердің қозғалысы

д) іскерлік қатынас жасау әдістері мен түрлері

109. Экономикалық қажеттіліктер- бұл:

а) адамдардың қанағаттанбаушылығын сипаттайтын психологиялық ерекше жағдай, ішкі және сыртқы өмір сүру жағдайларының сәйкессіздігі

б) осы сәйкессіздікті жоюға бағытталған белсенділік

+в) адам мұқтаждықтарының бір бөлігі, оларды қанағаттандыру үшін өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну қажет

г) тұтынушының тауар сатып алуға ниеті мен қабілеті

110. Өндірістік (экономикалық) қатынастар жүйесі қандай сатылардан тұрады?

а) өндіріс

б) бөлу

в) айырбас

г) тұтыну

+д) өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну

111. Өндірістің тұлғалық факторына не жатады?

+а) жұмыс күші

б) еңбек

в) өндіріс құралдары

г) еңбек заты

д) жер

112. Адам өмірінің негізін не қалыптастырады?

а) білім

б) тәжірибе

+в) материалдық өндіріс

г) мәдениет

д) өндірістік емес сфера

113. Меншік категориясы қандай қатынастарды сипаттайды?

+а) өндіріс құралдары мен нәтижелерін иемдену бойынша адамдар арасындағы қатынастар

б) таптық белгісі бойынша адамдар арасындағы қатынастар

в) құқықтар жүйесі

г) меншік құқықтарын айырбастау бойынша қатынастар

д) жерді иелену мен пайдалану

114. Бөтенсу дегеніміз не?

а) кәсіпкерліктің барлық мәселелерімен айналысуға құлықсыздық таныту

б) табиғат игіліктерінің адамнан бөтенсуі

+в) өмірлік игіліктерді, өндірістік және қаржылық ресурстарды адамның өмір сүру мүмкіншіліктеріне айналмауы

г) кәсіпорынды басқаруға қабілетсіздік

д) қарызды төлемегені үшін меншіктен айыру

115. Меншіктің экономикалық мазмұнын ашатын қандай категория?

а) мәні- құбылыс

+б) иемдену- бөтенсу

в) базис- қондырма

г) себеп- салдар

д) субъект- объект

116. Қандай түсінік мүліктің тағдырын анықтайды?

а) иелену

б) пайдалану

+в) билік ету

г) иемдену

д) басқару

117. Игіліктің пайдалы қасиетін пайдалану құқығы қалай аталады?

а) иелену

+б) пайдалану

в) табыс алу

г) егемендік

д) басқару

118. Иелену құқығын қалай сипаттауғаболады?

а) мұраға қалдыру құқығы

б) заттың пайдалы қасиетін алу құқығы

в) заттың тағдырын анықтау құқығы

+г) игілікті тек жалғыз бақылау құқығы

д) қауіпсіздік құқығы

119. ҚР Конституциясы бойынша меншіктің қандай нысандары бар?

+а) жеке және мемлекеттік

б) мемлекеттік және ұжымдық

в) дербес және аралас

г) кооперативтік және біріккен

д) жеке және аралас

120. Жеке меншіктің теріс салдары қандай?

а) жеке меншік иесінің әл ауқаты өндіріс нәтижесіне тәуелді

+б) меншік иелерінің мүліктік жіктелуі

в) кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді

г) бәсекенің күшеюіне әсер етеді

д) ресурстарды тиімді бөледі

121. Жалпы иемдену қандай нақты нысандарда кездеседі?

а) отбасылық, ұжымдық, біріккен

б) аралас, муниципалды, отбасылық

+в) қоғамдық, отбасылық, мемлекеттік

г) мемлекеттік, кооперативтік

д) мемлекеттік, муниципалдық, акционерлік

122. Мемлекет иелігінен алу дегеніміз не?

а) меншік нысанын ауыстыру

б) ұлттандыру

в) экономикалық процестерді толық басқарудан мемлекеттің бас тартуы

+г) меншіктің көптүрлілігіне өту

д) жеке меншікке өту

123. Командалық әкімшілік экономиканың ерекшелігі қандай?

а) қоғамдық мүдделерге негізделген мемлекеттік реттеудің болуы

б) жеке меншікке негізделген шағын өндірістің болуы

в) ресурстарға деген жеке меншіктің болуы

г) сұраныс пен ұсыныс заңдарына негізделген экономикалық реттеу механизмінің болуы

+д) ел кәсіпорындарын орталықтан жоспарлау және басқау

124. Нарықтық экономиканыңи ерекшеліктері қандай?

а) шаруашылық жүргізудің натуралдық қоғамдық нысанының болуы

б) жеке меншікке негізделген шағын өндірістің болуы

в) экономикалық ресурстардың елеулі бөлігіне қоғамдық меншіктің болуы

+г) сұраныс пен ұсыныс заңдарына негізделген экономикалық реттеу механизмінің болуы

д) ел кәсіпорындарын орталықтан жоспарлау және басқау

125. Экономикалық жүйенің басты міндетіне не жатады?

а) өндірістің ұлғаюын қамтамасыз ету

б) өндірістің техникалық жағдайын анықтау

в) инфляция мен жұмыссыздықты жою

г) әділетті қоғамдық құрылым құру

+д) жекелеген экономикалық субъектілердің әрекеттерін бағыттап отыру

126. «Өндіріс факторлары» - бұл:
а)өндірістің потенциалды ресурстары

б) өндірістің қолданылған ресурстары

+в) өндірістің қолданыстағы ресурстары

г) өндірістің болашақ ресурстары

д) қолдағы барлық ресурстар

127. Қандай қатынастар жүйені құрушы болып табылады?

а) табиғи ресурстарды пайдалану

+б) өндіріс құралдарына меншік

в) табысты бөлу

г) өндірілген өнімді бөлу

д) еңбекті пайдалану

128. Жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процестерінің экономикалық мазмұны қандай?

а) меншікті жалға беру нысандарының көп түрлерін құру

б) мемлекеттік меншікті қысқарту

в) нарыққа ену жағдайларымен қамтамасыз ету

+г) мемлекеттік меншіктің үлесін қысқарту, меншіктің көптүрлілігі арқылы бәсекелік қатынастар құру

д) ұлттандыруды жүзеге асыру

129. Көптүрлі меншік нысандарын қалыптастырудың қажеттігі немен байланысты?

а) нарықты тауарлармен толтырумен

б) саяси жағдайлармен

в) жаңа постиндустриалды қоғамның талаптарымен

г) өндіргіш күштердің даму деңгейімен

+д) бәсеке талаптарымен

130. Меншіктің қандай нысандары бар?

а) көптүрлі шарттық келісімдер

+б) жеке, мемлекеттік, шетелдік

в) жеке тұлғалық, дербес, жеке

г) ұжымдық, ассоциацияланған, жеке тұлғалық

д) сенімді басқару, жеке, ұжым

131. Меншіктің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

а) Құқық жиынтығы, объект

б) Объектілер және субъектілер

+в) Иелік ету, пайдалану, яғни қажеттіні жарату

г) Меншікті қорғау құқығы және объективті қатынастар

д) Тұлғаның иелік ету жөніндегі келісімі, мемлекеттің иелікке алу акті

132. Нарықтық және өтпелі эканомикалы елдердегі жекешелендірудің практикалық аспектілері:

а) Заңгерлік құжаттың жаңа түрлерін шығару

+б) Жекешелендірудің модельдері мен әдістерін жасау

в) Меншіктің активті тегін алуы

г) Нарықтағы ең негізгі бақталастықтың артықшылықтарын жасау

д) Нарықтан төмен бағамен меншікті алу

133. «Жекешелендіру» деген ұғымды қалай түсінесіз?

а) Меншікті аукцион және тендерге салу

б) Өндіріс орындарын ұтымды бағаға сату

в) Мемлекеттік меншікті жою саясаты

+г) Үкімет меншігін жеке меншікке аудару саясаты немесе бұрын мемлекеттік органдардың басқаруында болған кәсіпкерлікті жекешелендіру

д) Банкротқа ұшыраған өндіріс орындарын нарықта төмен бағамен сату саясаты

134. Жеке меншіктің қандай артықшылықтары нарық жүйесіне тұрақтылық береді?

а) Нарыққа еркін кіруі, жоғары пайда табуы

б) Жоғары табыс табу мүмкіндіктері

в) Өндірісті кеңейту қабілеті

г) Трансакциялық шығындардың нөлге дейін түсуі

+д) Меншіктің сақталуы мен кеңейтілуі.

135. Жеке меншіктің өз орнын табу құқығы:

а) Меншік тағдырының еркін сақталуында

+б) Барлық «құқық жиынтығына» ие болуында немесе басқа құықтарында

в) Меншікті пайдалануға қатысуында

г) Өзге тұлғалардың пайдаға қол жеткізуінің шектеулігінде

д) Меншікті абсолютті пайдалануында

136. «Құқық жиынтығында» меншіктің қанша элементі бар?

а) 3

б) 16

+в) 11

г) 7

д) 10

137. Меншік құқығы теориясы авторларының бірі:

а) Дж. Кейнс

б) М. Фридмен

в) К. Маркс

+г) Р. Коуз

д) Дж. Хикс

138. Меншік құқықтарының мазмұны:

+а) «құқық жиынтығы»

б) құқықты пайдалану ресурсы

в) Меншік обьектілері мен субьектілерінің диалектикасы

г) Меншік қатынастары

д) Мемлекет пен субьект арасындағы ара қатынас

139. Меншік нысанына қатыссыз фирманың түрі қандай?

а) Жеке

б) Әріптестік

в) Акционерлік қоғам

+г) Франчаизинг

д) Мемлекеттік

140. Ресурстарды пайдаланатын фирма қандай мақсатпен тауар өндіреді және қандай қызмет көрсетеді?

а) Жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін

б) Қоғамдағы әлеуметтік жағдайы төмен адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін

+в) Пайда табу үшін

г) Қоршаған ортаға теріс әсер етуді шектеу үшін

д) Бақталастықты шектеу үшін

141. Кәсіпкерлік фирманы экономикалық субьект ретінде сипаттайтын негізгі белгісі қандай?

а) Меншік түрі

б) Әрекет ету еркіндігі

в) Мүліктік жауапкершілігі

г) Фирма көлемі

+д) Аталған жауаптардың бәрі дұрыс

142. Кәсіпкерлікке тән емес қандай іс-әрекет?

а) Үнемі жаңашылдық

б) Толық жауапкершілік

в) Тәуекелге дайын болу

+г) Кәсіпкердің әлеуметтік қорғалуы

д) Өзін өзі жаңарту және икемділік

143. Нарық жағдайындағы коммерциялық іс-әрекет:

а) Жеке секторда мүмкін емес

б) Мемлекеттік кәсіпорындарда мүмкін емес

в) Акционерлік қоғамдарда мүмкін емес

г) Тек біріккен шарушылықтарда мүмкін

+д) Кәсіпорындардың барлық түрінде мүмкін

144. Шағын кәсіпкерліктің шешетін ең басты экономикалық міндеттері қандай (дұрыс емес жауабын көрсет)?

а) Кәсіпкерлік қабілеттерді жүзеге асыру

б) Бәсекелестікті қолдау

в) Жұмыссыздық мәселесін шешу және жұмыс орындарын ашу

г) Нарықты тауарлар және қызметтермен толтыру

+д) әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігін тударыды

145. Қазақстанда шағын бизнесті дамыту үшін не қажет (дұрыс емес жауабын көрсет)?

а) Жеңілдетілген несие

б) Жеңілдетілген салық

в) Арнайы қолдайтын бағдарламалар мен қорлар құру

г) Құқықтық қорғау

+д) Кедендік жеңілдіктер

146. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі ірі бизнес атқармайтын қандай қызмет?

а) ҒТП – ны негізгі жүзеге асырушы

б) Мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді

в) Дүние жүзілік нарыққа шығу мүмкіндіктерін ашады

+г) Кәсіпкерліктің дамуын шектейді

д) Қоғамдық шарушылықтың жалпы тиімділігін жоғарылатады.

147. Акционерлік қоғамның жоғарғы басқару органына не жатады?

а) Директорлар кеңесі

б) өкілетті өкілдердің жиналысы

+в) Акционерлердің жалпы жиналысы

г) |Артықшылығы бар акция иелерінің жиналысы

д) Кәсіподақ

148. Облигация иесі дегеніміз кім?

а) Компанияның біріккен иегері

б) Дивиденд алатын салымшы

+в) белгіленген пайыз алатын инвестор

г) Коммерциялық несие беруші

д) белгіленген табыс алатын салымшы

149. Кәсіпкерлік – бұл:

а) Кез келген кәсіпкерлік

б) Меншіктен бөлек бола алмайды

в) Алдын- ала болжауға келмейтін іс- әрекет

+г) Еңбек, жер және капиталды тиімді байланыстыратын іс- әрекет түрі

д) Тәуекелмен байланысты іс- әрекет түрі

150. Аталған кәсіпорындардың ішінен қайсысы қоғамдық секторға жатады?

а) Кооператив

+б) Мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындар

в) Жеке акционерлік қоғам

г) Жеке тұлғаның иеленуі

д) Толық серіктестік

151. Жеке еңбекке негізделген кәсіпорын өндіріс көлеміне байланысты:

+ а) Шағын

б) Аралас

в) Ірі

г) Біріккен

д) Орта

152. Акционерлік компанияның меншік капиталы неден құралады?

а) Ағымдағы активтер, ұзақ мерзімді активтер.

б) Пассивтердің жиынтығы, ұзақ мерзімді қарыздар.

в) акционерлік капитал, ұзақ мерзімді қарыздар.

+г) акционерлік капитал және бөлінбеген пайда.

д) Ұзақ мерзімді қарыз және ағымдағы активтер.

153. Акционерлік қоғамның жалпы мақсаты қандай?

а) Мемлекеттік дотацияларды алу

+б) Дивидендтер мен пайданы көбейту

в) Әлеуметтік қорғау

г) Салықтық жеңілдіктер алу

д) Қоғамдық тауарларды өндіру





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2633 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.202 с)...