Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Тақырыбы:3ds max –та материалдармен және текстуралық картамен негізгі амалдар



Тақырыбы: 3ds max –та материалдармен және текстуралық картамен негізгі амалдар

Жоспар:

1. 3ds max –та материалдары

2.Материалдар редакторы

3.Материалдар палитралары

1. 3ds max –та материалдары

3ds Max объектілерімен жұмысты бастаған кезде оларда бір түсті түс және біркелкі бликтер болады. Олардың барлығының жоғарғы бөлігі «пластмассалы» болады. Бұны өзгерту үшін объектілерге жаңа материал тағайындау қажет. Ол объектінің дерлік жоғарғы бөлігінің түрін анықтайды.

Материал жоғарғы бөлікке мынандай параметрлерді береді: түс, рельеф, өлшем және блик формасы, айналық көрініс түрі және басқалары. Осылардың барлығы санмен беріледі.

Материалдар материал редакторында құралады (Material Editor). Бұл - 3ds Max-тің маңызды модульдерінің бірі. Сіз материалды жаңадан құруыңызға болады.

2.Материалдар редакторы

Материалдар редакторы терезесін экранға шығару үшін:

1) М батырмасын басыңыз.

2) Мәзір пунктінен Rendering Material Editor (Визуализация Материалдар редакторы).

3) Негізгі саймандар панеліндегі белгісін шертіңіз.

Материалдар редакторы терезесі үш негізгі бөлімнен тұрады:

· Үлгі палитрасы. Мұнда материалдар үлгілері көрсетілген. Палитра оң жағында палитрадағы материалдар түрлерін басқару батырмалары орналасқан;

· Материалды басқару батырмасының жиынтығы. Материалды басқару функциясына рұқсат беру мүмкіндігін береді: материалды өшіру, материал ағашы бойынша ораналастыру, оның көшірмесін құру және басқалары;

· Ерекшеленген материалдарды басқарудың бұрмалы тақталары. Енгізуде көрсетілген түс, рельеф, жылтыр, текстуралық карталарды ұсыну және т.б. Оның кез келген қасиеті үстінен толық бақылау жасау.

3.Материалдар палитралары

Материалдар редакторы терезесінің жоғарғы жағында максималды сапалы материалдар үлгісі көрсетілген материалдар палитралары орналасқан.

Үнсіз келісім бойынша материалдар палитрасында 6 үлгі көрестілген-вертикаль бойынша үш бағана және екі қатар горизонталь бойынша. Материалдар редакторында барлығы 24 үлгі бейнеленеді (6 бағана және 4 жол). Қалған үлгілерді көру үшін айналу жолағын пайдалану керек немесе көрсетудің басқа режиміне қосылу керек:

1) тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы материалдар үлгісін қосыңыз. Үлгі айналасында ақ жиек пайда болады.

2) Тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы жанама мәзір шақырыңыз.

3) Мәзірдің кез келген бір пунктін таңдаңыз, мысалы 6х4 Sample Window (Үлгі терезесі 6х4). Материалдардың барлық 24 үлгісі көрсетіледі. Материалдар саны 24-пен шектеліп қоймайды. Ол кез келгені болуы мүмкін, бірақ материалдардың барлығы үлгі палитрасында бейнеленбейді.

Кілттік сөздер:

Құрамдас материалдар дегеніміз – бірнеше қарапайым материалдарды айтамыз





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1274 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...