Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Осу және айыру



2-немесе оданда көп тармақтан тұратын қосылған сызық – қисық ұғымын қарастырғанбыз. Бұндай сызық өздерін мүлдем басқаша санайтын экранда жеке қисықтар ретінде көрінеді. Pick құралымен тармақтың бірін ерекшелеу үшін ерекшелеу терезесі қосылған қисықтың барлық тармақтарын қамтиды. Бір тармақтың орнын ауыстыру керек болса онда барлық тармақтар синхронды түрде орындарын ауыстырады. Егер де түс үлгісін 1-тармаққа апарып көрсек онда бояу немесе контур түсі басқаларға да орындалады, сонымен бірге бояуға қисықтың тұйықталған тармақтары аймақ (зона) болады.

Әдетте байланыстырылған қисықтармен олардың мәтіннен қисыққа түрлендіруінен кейін ғана жұмыс істеуге болады. Бірақ Corel DRAW–та ерекшеленген объектілерді бірыңғай қисыққа қосуға, арнайы командалары бар. Атрибут понелінде осы команданың Combine батырмасымен кем дегенде 2 жеке объектілердің ерекшеленуінен кейін ғана жұмыс істеуге болады.

Қосу командасының кемшілігі барлық ерекшеленген объектілердің қисықтар жиынтығына түрлендіруі болып табылады.

Қосылған қисықты оның құрайтын тармақтарын бөлу үшін атрибуттар панеліндегі Break Apart немесе 1-атаулы Arrange меню командасы қолданылады. Бөлінген әрбір тармақ жеке объект ретінде болады.

2. Маскалар және маскалау

Масканы дайындау үшін мөлдір тесіктерімен объектілерді қосу командасы көмегімен құруға болады. Маска деп масканың төменгі жағында (артында) орналасқан объектіні жасыру үшін қолданылатын көмекші (вспомогательный) объектіні айтуға болады. Маскалар нүктелік графика программаларындағы нүктелік бейнелер жұмысы технологиясының негізін білдіреді. Сонымен қатар олар векторлық графика Corel Draw-та жиі қолданылады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 749 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...