Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Тақырыбы:Corel Draw векторлық редакторы



Тақырыбы: Corel Draw векторлық редакторы

Жоспар:

1. Corel Draw векторлық редакторының интерфейсі

2. Мәзір командасы

1. Corel Draw векторлық редакторының интерфейсі

Программа экранында басқару батырмалар жиынтығымен қатар, Welcome to CorelDraw (CorelDraw программасына қош келдіңіз) панелінде программаны ашудың алты режимі берілген.

Олар келесі батырмалар:

§ New (жаңа графика) жаңа графикалық құжатты құруға арналған.

§ Recently Used (соңғы редактірленген құжатты ашу) соңғы өңделінген құжатты ашу.

§ Open (графиканы ашу) кез-келген файлдағы графиканы ашуға мүмкіндік береді.

§ New From Template (шаблон) батырмасының көмегімен жаңа құжат құру мақсатында сол программаның шаблонында әмбебеп шаблон таңдалады.

§ CorelTutor (Corel Tutor кітабы) жаңа құжат құруға және CorelDraw программасының электронды кітапшасы жүктелген, Web бейнелеуіш соңғы терезесін ашуда қолданады.

§ What is New? (что нового?) батырмасы, программаның он бірінші нұсқауында Features overview (функцияның бейнесі) сұхбат терезесі ақпараттарды ашу мүмкіндіктерін береді.

CorelDraw программасының қолданушы интерфейсі жайпақ (плоский) деп аталатын қазіргі заманғы интерфейсі болып табылады. Осыған байланысты қолданушының назарын таңдалынған құрал–сайманына, программада керекті құрал–сайманынан іздеуін тездетуге және оның қателесу мүмкіндіктерін азайтуға арналған.

2. Мәзір командасы

CorelDraw программасы әртүрлі командалардан тұрады. Оларды қолдануға ыңғайлы болу үшін тізім ашылған түрде анықталған бейнесі ретінде топтастырылған. Бұл тізімдер мәзір командасы деп аталады.

Программаның негізгі мәзір өзінің функционалдығымен ұсынылған он бір тізімінде топтастырылған ең керекті негізгі командаларынан тұрады. Программаның тақырыбының астында орналасқан тізімдер бүктетілген мәзір жолы түрінде берілген.

Жанама мәзір интерфейсінің анықталған элементімен немесе өңделінген объектімен байланысқан және олар оның жанында орналасқан команда топтарын қосады. Берілген мәзір келесі екі тәсілдің біреуімен ашуға болады:

· Программадағы интерфейс элементіне керекті жеріне көрсеткішті орналастырғаннан кейін тышқанның оң батырмасын басып, объектінің немесе құжаттың бос аймағын өңдейміз.

· Тышқанның сол жақ батырмасын басқан кезде докердің оң жақ бұрышында тұрған, докердің белсенді мәзірі ашылады.

Ережеге сәйкес, жанама мәзірі ағымдағы элементке немесе объектіге қатысты барлық командалардан тұрады. Бұл дегеніміз құжатты өңдеу эффектілірін жоғарлатады, яғни программадағы негізгі мәзірінен керекті командасын іздеуге уақыт кетпейді. Сонымен қатар, негізгі мәзірінде жоқ командаларымен жанама мәзірі жұмыс жасай алады.

Программаның жанама мәзірінде кездесетін кейбір белгілері мен функцияларын қарастырайық:

· Бөлімнің соңындағы қара төртбұрыш белгісі мәзір ішіндегі командалар бар дегенді көрсетеді. Тышқанды шерткен кезде қосымша команда тізімі ашылады;

· Бөлім атының соңындағы көп нүктелі белгісі, ағымдағы команданы орындауда, команда параметрінің құрылуында (сұқбат терезеде немесе докерде ашылған) немесе тышқанның манипулясиясына байланысты кейбір кідірістер болатынын білдіреді.

· Перне тақтаның аты немесе перне тақталардың топтарының (олардың арасында «қосу» белгісімен) бөлімі, берілген команда осы пернетақталарды басу жолымен орындалса, онда мұндай жағдайда олар жедел орындалатындығын көрсетеді.

CorelDraw программасында негізгі командаларын және жанама мәзірлерін құру режимі қарастырылған. Оның көмегімен сіз тек кез–келген мәзір құрамына кіретін командалар құрамын өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар осы командаларға жедел және «жылдам» перне тақталарын көрсете аламыз.

Кілттік сөздер:

Smudge Brush(жағып өшіру (Мажущая ластик)) жұмыс құралы құралдар–саймандар блогінің екінші ұяшығында тұрады. Жылдам перне тақтасы жоқ. Берілген құралдың көмегімен векторлық объектінің формасын өзгертуге болады. Құралдың қатысу аймағы эллипстік формада, ал оның параметрлерін өзіміз орнатуға болады.

Roughen Brush (Қопсытылу қылқалам (Разрыхляющая кисть)) жұмыс құралы құралдар–саймандар блогінің екінші ұяшығында тұрады. Жылдам перне тақтасы жоқ. Бұл құрал векторлық объектінің тісшелері осы контурда таңдалынған бөлімнен орын ауыстыру жолы арқылы өзгертуге мүмкіндік береді. Тісшелердің параметрлерін орнатуға болады.

Freehand (Қолдан сурет салу (Рисование от руки)) жұмыс құралы құрал–саймандар блогінің төртінші ұяшығында орналасқан (тағы жеті құрал-сайманымен). Жылдам перне тақтасы жоқ. Бұл құрал Безье контуры болып табылтын кездейсоқ сызықтармен сурет салуға арналған. Сызық тышқанның батырмасын басып отырып құжаттың аймағында көрсеткіштің орнын ауыстыру әдісі арқылы құрылады.

Bezier (Безье) жұмыс құралы құрал–саймандар блогінің төртінші ұяшығында орналасқан (тағы жеті құрал-сайманымен). Жылдам перне тақтасы жоқ. Бұл құрал пішімдегі берілген түйінге қатысты, бақылау нүктелерінде орналасқан түйіндерін тышқанның көмегімен жылжытып орын ауыстыру арқылы, Безье контурын өзгерту үшін қолданылады

Interactive Connector (Интерактивті біріктіру (Интерактивный соединитель)) жұмыс құралы құрал–саймандар блогінің төртінші ұяшығында орналасқан (тағы жеті құрал-сайманымен). Жылдам перне тақтасы жоқ. Өз кезегінде құрал сызықтарды біріктіретін екі құралдар жиынын қосады және оларды келесі қасиеттер панелінен таңдап алуға болады: Angel connector (бұрыштық біріктіру (угловой соединитель)) және Straight connector (тігінен біріктіру(Прямой соединитель)).

Interactive Blend (интерактивті ауысу (интерактивный переход)) жұмыс құралы құрал–саймандар блогінің оныншы ұяшығында орналасқан (тағы алты құрал-сайманымен). Жылдам перне тақтасы жоқ. Берілген құрал комбинирленген объектісін құратын, екі векторлық объектіге эффектісін құру үшін қолданылады. Эффект параметрін интерактивті басқарушы құралдар құрылымын және қасиеттер панелінің көмегімен беруге болады.

Interactive Contour (интерактивті контур (Интерактивный контур)) жұмыс құралы құрал–саймандар блогінің оныншы ұяшығында орналасқан (тағы алты құрал-сайманымен). Жылдам перне тақтасы жоқ. Құрал векторлық объектінің контурларының эффектісін құруға болады. Эффект параметрлерін Interactive Blend құралы сияқты беріледі.

Interactive Distorion (интерактивті ауытқу (Интерактивное искажение)) жұмыс құралы құралдар блогінің оныншы ұяшығында орналасқан (тағы алты құрал-сайманымен). Жылдам перне тақтасы жоқ. Құрал векторлық объектінің сығу эффектісін құруға болады. Эффект параметрлерін Interactive Blend құралы сияқты беріледі.

Interactive Envelope (Интерактивті қабықша (интерактивная оболочка)) жұмыс құралы құрал–саймандар блогінің оныншы ұяшығында орналасқан (тағы алты құрал-сайманымен). Жылдам перне тақтасы жоқ. Құрал векторлық объектіде қабықша эффектісін құруға болады. Эффект параметрлерін Interactiv e Blend құралы сияқты беріледі.

Interactive Extrude (Интерактивті сығу (интерактивное выдавливание)) жұмыс құралы құрал–саймандар блогінің оныншы ұяшығында орналасқан (тағы алты құрал-сайманымен). Жылдам перне тақтасы жоқ. Құрал векторлық объектіде сығу эффектісін өңдеуге мүмкіндік болады. Эффект параметрлерін Interactive Blend құралы сияқты беріледі.

Interactive Drop Shadow (Интеравтивная тень от объекта) жұмыс құралы құрал –саймандар блогінің оныншы ұяшығында орналасқан (тағы алты құрал-сайманымен). Жылдам перне тақтасы жоқ. Құрал векторлық объектіде объектіні көлеңкелеу эффектісін құру үшін қолданылады. Эффект параметрлерін Interactive Blend құралы сияқты беріледі.

Interactive Transparency (интерактивті мөлдірлік (интерактивная прозрачность)) жұмыс құралы құрал–саймандар блогінің оныншы ұяшығында орналасқан (тағы алты құрал-сайманымен). Жылдам перне тақтасы жоқ. Құрал объектінің мөлдірлік деңгейін келесі заңдардың біреуімен басқаруға мүмкіндік береді: біркелкілік және градиентті.

Eyedropper (Тамшуыр (Пипетка)) жұмыс құралы құралдар блогінің он бірінші ұяшығында орналасқан (тағы бір құрал–сайманымен). Жылдам батырмасы жоқ. Құжаттағы векторлық объектіні сыртыннан сызуға және (Paintbucket құрамының көмегімен) құю мақсатында, құрал құжаттың жұмыс аймағындағы программаның күй жолағындағы кез-келген түстерін таңдауға мүмкіндіук береді.

Paintbucket жұмыс құралы құрал–саймандар блогінің он бірінші ұяшығында орналасқан (тағы бір құрал-сайманымен). Жылдам батырмасы жоқ. Құрал таңдалынған векторлық объектінің ішін бояуға немесе күй жолағындағы Eyedropper (Пипетка) құралымен таңдалынған түспен контурды (мұнда объектіні бөлу қажет емес) бояуға мүмкіндік береді.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1442 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...