Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс. Тақырыбы:Графикалық мәліметтерді ұсыну



Тақырыбы: Графикалық мәліметтерді ұсыну. Түстер өлшемі және модельдері

Жоспар:

1. Түс моделдері

2. RGB моделі

3.CMYK моделі

4. HSB моделі және LAB моделі

1. Түс моделдері

Жалпы түс моделдері шексіз болады. Кейбір құрылғылар түстерді қабылдай алады, ал кейбір құрылғылар түстерді бейнелей алады, бірақ мұнда әр түрлі әдістер қолданылады. Адам көзі ультра фиолетті және инфрақызыл диапозон түстерін қабылдай алмайды, бірақ та ол монитор экранына фотосурет немесе офсетті баспаға қарағанда неғұрлым көбірек түстерді қабылдай алады. Әр түрлі құралдардң түс диапозоны айырықша болғандықтан бейнелерді тасымалдау үшін және алу үшін бірнеше түс модельдері құрылған. Бірақ құрылған модельдердің біреуіде идеалды болып саналмайды.

Монитор экранында таза көгілдір және таза сары түстер көрсетіле алмайды.

Жалпы алғанда барлық түстер шексіз. Кейбір құрылғылар соның ішінде адамның көзіде әртүрлі түстерді қабылдай алады. Адамның көзі ультракүлгін және инфрақызыл диапазондағы түсті қабылдай алмайды. Дегенмен, монитор экраны овсетті баспа немесе суретке түсіру нәтижесінде берілетін түстерді қабылдайтын түстер көп. Әртүрлі құрылғылардың түсті қамту ерекшелінген бейнелерді беру және қабылдаушы бірнеше түс моделдері құрылған. Экран мониторында таза көк немесе таза сары түстерді нақты бере алмаймыз. Ал баспаға шығару кезінде құрамы өте төмен р-н тұратын түстер мүлдем берілмейді. Түс модельдері түрлі түс қамтулары бар құрылғылар арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін қолданылады. Түс модельдері мынандай болып бөлінеді:

· RGB

· CMYK

· HSB, LAB

2. RGB моделі

RGB моделі (Read Grecn Blue), бұл модельдің базалық компоненттері 3 сәулеге негізделген. Ал қалған түс политрасы осы 3 негізгі түстердің әр түрлі қатынаста нәтижелік түс базалық құрылғыларға қарағанда неғұрлым ақшыл болады. Екі жағымен ақ түс және сұр түс.

RGB моделі ағылшын сөзінің Red–қызыл, жасыл, көк сөздерінен алынған. Бұл модель сәуле шығаратын түстерді сипаттауға арналған. Палитрадағы барлық басқа түстер үш негізгі түстің әртүрлі қатыстарда араласу жолымен алынады. Екі негізгі түстің қосындысы ашық түсті береді. Ақ түс пен сұр түс қосылғанда үш негізгі түс тең дәрежеде бірақ әртүрлі қаныттылықпен қосылу нәтижесі алынады. Мұндай модельдің түстерін адетивті деп аталады.

1. Қызыл және жасыл максимум ашықтықта сары түсті береді, минимум ашықтықта жасыл түс көбейгенде, түс қызғылт сары (оранжевый) түсті береді.

2. жасыл және көк максимум ашықтықта көгілдір, минимум ашықтықтың пропорциясын өзгерте отырып көгілдір түсінің 65000 түсін алуға болады, яғни аспан көгілдір түсінен қою көк түсіне дейін өзгереді.

3. қызыл және көк ашықтық максимум қара қошқыл қызыл (пурпурный), көктің ашықтығын азайтқанда түс ашық қызылға ауысады (розовый), ал қызылды азайтқанда қара қошқыл түске ауысады.

3.CMYK моделі

CMYK моделі шағылысқан түстерді сипаттауға арналған және түскен жарық спекторы бөліктерінің айырмаларына негізделген субтрактивті деп аталады. Екі негізгі түстің араласу нәтижесінде бастапқы түстерден қою түстері алынады. CMYK каналдары ақ түстері негізгі RGB негізгі компонентінің алу негізінде қалған қалдықты береді. Нәтижесінде келесі түстер алынады: Cyan (ақ қызыл), Magenta (ақ жасыл), Yellow (ақ көк) осы модельді жетілдіру үшін CMYK моделі пайдаланатын болады. Толық түсті баспа процестерін сипаттағанға арналған CMYK моделінің түстік кеңістігі RGB моделінің төңкерілген түріне келеді. Қара түс компонентінің максимум мәні, ал ақ 0–дік мәні болады, ақ және қара нүктелері сұр шкаламен байланысқан.

Бұл модель баспа бейнелерін сипаттауға арналған, оның түстерді қамтуы RGB ға қарағанда төмен, себебі ол шағылысқан түстерді сипаттайды.

CMYK моделінің ерекшеліктері:

1) Бұл модельге өту үшін бірнеше мәселені шешуге тура келеді. Себебі, түстерді қамтылуы аз және RGB–дан өту түстің аздап жойылуына алып келеді.

2) Бұл модель ашық көк, жасыл, қызыл, сары түстерді беруде проблема туғызады.

4. HSB моделі және LAB моделі

HSB моделі адетивті түстерді сипаттайды. Көбінесе компьютер ішінде ең танымал болады. Модельдің базалық компоненті:

1) Hue – түстің тоны;

2) Brightness – жарықтық;

3) Saturation – қанықтылық;

LAB моделі үш каналды түс моделі болады. Бұл алдында айтылған RGB, CMYK модельдеріндегі кемшілікті жою үшін жасалған модель. Бұл адамның түс қабылдауына негізделіп жасалған. LAB жарықтықтан бөлімшелеп алынады. Объектінің жарықтығы ашық жарық ( светлый ) каналымен және екі хроматкалық каналдарынан тұрады. А–параметрі жасылдан қызылға, В-көктен сарыға өзгереді. Бұл расторлық бейнелермен жұмыс жасағанда түсті қозғалтпай жарықтықты өзгертуге көмектесуге болады. Бейненің ең примитивті типі монохромды бейне. Оның әрбір нүктесі не тек қара немесе не ақ түспен боялады. Монохромды бейнелер ақпараттарды сақтау және шығару үшін өте аз жадты қажет етеді. Ақ қара түске кез–келген жартылай туынды суреттерді конверттеуге болады, бірақ бейнелерді сақтауға болмайды.

Кілттік сөздер:

Түстің тоны берілген түстің спектрінде орналасуын сипаттайды. Қызыл түс нөлдік мәнде болады, ал қалған түстер сол түстің бұрыш өлшемінен қызыл түс арасында беріледі. Ол 0–ден 360–қа дейін өзгере алады.

Қанықтылық таза спектрлік түстер үшін максимум мәнді болады, ол максимумынан (100 немесе 255 градация) 0–ге кейін қанықтылық аз болған сайын, түс соншалық ашық болады. 0–де қанықтылықта таза спектрлі түс аққа айналады.

Жарықтық спектрлі түстер үшін максимумды (100 % немесе 255 градация) жарықтықты төмендеткенде түс қара түске ауысады, егер 0–ге тең болса түс қара болады.

Үш базалық түс бірдей қатынаста араласу жолымен құралады. Мұндай модель түсі адитивтік деп аталады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2218 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...