Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ситуациялық есептерді шығару.Шағын топтарда жұмыс, әр топ өз есебің шығарады,содан кейін топпен талқылайды



Жағдайлық есептер:

1. Науқас іші өтіп, қарынның айналасы ауысынуда. Асқазан сөліне талдау жасағанда күкіртті сутектің иісі бар және бос тұз қышқылының жоқ екені анықталды. Асқазанда қандай ауру туралы айтуға болады?

2. Науқастың асқазанында кенеттен ауырсыну сезімі байқалғанына шағымданды. Асқазан сөлінің құрамына сапалық реакция бойынша талдау жүргізгенде қанға «оң», жалпы қышқылдық 90 болған. Сіздің қояр диагнозыңыз?

3. 5 мл асқазан сөлін титрлегенде бос HCI-ды нейтралдауға 2,5 мл 0,1 н NaOH ертіндісі жұмсалды. Ал В көлемі 3 мл болды. Қышқылға сезімтал барлық заттарды нейтарлдауға 4,5 мл ертінді жұмсалған. Жалпы қышқылдықты, бос және байланысқан түз қышқылын есептеп, алынған мәліметтерді бағалау қажет.

4. Асқазанның, ішектің және ұйқы безінің созылмалы ауруында дәрігер науқасқа құрамында қарын асты безінің ферменттері бар препарат мезим-фортені (панкреатин) ұсынады. Осы аталған препараттың әсер ету механизмін түсіндіріп, АІЖ белоктардың қорытылуы мен ондағы эндо-және экзопептидазаларды жіктеп, осы ферменттердің активтелу реакциясының сызбанұсқасын жазыңдар. Активаторларды атаңдар.

5.Қан сарысуында мочевина азоты 0,75 г/л-ге тең, ол барлық қалдық азоттың 80% құрайды. Сіздің жорамал диагнозыңыз?

6. С ары аурудың ауыр түріменауыратын науқастың80%-ға дейін бауырдың паренхималық жасушалары зақымданған. Неге науқас белокты тағамды пайдалануды шектеген.

Шағын топтармен жұмыс (№ 20б, 83, 85, 87 зертханалық жұмыстарды орындау)

Шағын топтармен жұмыс жасау.. Зертханалық жұмыс: «Асқазан сөлінің қышқылдығын анықтау». Студенттерді 3 топқа бөліп әр топ зертханалық жұмысты орындауы бойынша қышқылдығы жоғары, қышқылдығы төмен және қалыпты асқазан сөлі құйылған, арнайы нөмірленген шыны ыдыстарды алып, асқазан сөлініңқышқылдығын анықтайды. Студенттер зертханалық жұмысты орындамас бұрын асқазан сөлін анықтау әдістерін талдап, асқазан сөлінің қалыпты мөлшері, қышқылдығы, қышқылдық түрлері, өлшем бірлігі туралы ақпараттанып, берілген асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктерін талдау қажет. Құрамдас бөліктерге жүргізілетін сапалық реакцияларды білу.

Практикалық жұмыс барысында оқытушы жұмыстың орындалуын, дұрыс титрлеу жүргізуді қадағалап, үйге берілген тапсырманы жаттығулар мен жағдайлық есептердің шешімінің дұрыстығын тексеру қажет.

** Студент дұрыс диагноз қойған жағдайда асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктеріне байланысты есептер беруге болады.

*** Асқазан сөлінің қышқылдығы, қышқылдықтың өлшем бірліктері, түрлері,асқазан сөлінің құрамдас бөліктерін сапалық ореакциялар арқылы студенттер өздері анықтау қажет. Асқазан сөлінің қышқылдығын анықтайтын бұл әдіс ірі мегаполистерде іс жүзінде жүргізілмейтінін, тек ақпараттандырылатын әдіс екенін студенттерге түсіндіру қажет.

№85, 87, 83, 20(б) жұмыстар жасалады.

Тесттер:

1.Трансаминдену процесінің маңыздылығы неде:

1) алмастырылатын амин қышқылдарының синтезіне

2) алмастырылмайтын амин қышқылдары синтезіне

3) глицерин синтезіне

4) амин қышқылдарының катаболизмінің бастапқы сатысы болып табылады

5) белоктар мен көмірсу алмасуы байланысады

2. Серотониннің физиологиялық әсері:

1) қан тамырларын кеңейтіп, өткізгіштігін арттырады

2) қан тамырларын тарылтып, ішектің перистальтикасын жоғарылатады

3) тұз қышқылының секрециясын жоғарылатады

4) жүйке жүйесінің импустар өткізгіштігін тежейді

5) мидағы қан айналым үрдісін жақсартады

3. ГАМҚ физиологиялық әсері:

1) қан тамырларын кеңейтеді

2) қан тамырларын тарылтады

3) тұз қышқылының секрециясын жоғарлатады

4) қозу үрдісін тежейді

5) мидағы қан айналып үрдісін жақсартады

4. Гистаминнің физиологиялық әсері:

1) қан тамырларын кеңейтіп, қан тамырларының қабырғасының өткізгіштігін жоғарылатады.

2) қан тамырларын тарылтады

3) тұз қышқылының секрециясын жоғарлатады

4) қозу үрдісін тежейді

5) мидағы қан айналым үрдісін жақсартады

5. Креатинин:

1) креатин синтезі үшін пайдалданылады

2) креатинфосфат синтезі үшін пайдалданылады

3) соңғы өнім және зәрмен бірге бөлінеді

4) белоктар алмасуының аралық өнімі

5) бауырдың қызметін анықтауға қажет

6. Аминқышқылдарының декарбоксилирденуіеде түзіледі:

1) СО2 и NH3

2) H2O b CO2

3) креатинин и NH3

4) СО2 және биогенді аминдер

5)жануар индиканы және NH3

7. Креатин синтезінде келесі аминқышқылдары қолданады:

1) лизин және глицин

2) триптофан және серин

3) аргинин және метионин

4) глицин және аргинин

5) валин және треонин

2 дұрыс жауапты таңда

8. Тотыға дезаминденудің бірінші этапы:

1) декарбоксилдену

2) тотығу

3) амидтену

4) трансаминдену

5)қайтааминдену

2 дұрыс жауапты таңда

9.Жай белоктар алмасуындағы бауырдың ролі:

1) амидтердің дезамидтенуі

2) аминқышқылдарының қайтааминденуі

3) креатин синтезі

4) креатинфосфат синтезі

5) плазма белоктарының синтезі

4 дұрыс жауапты таңда

10. Аммиакты залалсыздандыру жолдары:

1) амонийгенез

2) пурин негіздерінің синтезі

3) мочевин синтезі

4)алмастыратын аминқышқылдарының синтезі

5) алмастырылмайтын аминқышқылдарының синтезі

4 дұрыс жауапты таңда

Дұрыс жауаптар картасы:

1. 1,4,5

2. 2

3. 4,5

4. 1,3

5. 3

6. 4

7. 3,4

8. 4,5

9. 1,2,3,5

10. 1,2,3,4





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1088 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...