Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ОСӨЖ. 1. Тақырыбы: Бауыр биохимиясы.Аралық бақылау:белоктар алмасуы, бауыр биохимиясы



1. Тақырыбы: Бауыр биохимиясы. Аралық бақылау:белоктар алмасуы, бауыр биохимиясы.

2. Мақсаты:

1. Заттар алмасуындағы бауырдың рөлі және бауырдың басқа қызметтері туралы білімді студенттерде қалыптастыру.

2. Осы білімді жағдайлық есептерді шешу үшін пайдалануды үйрету

3. «Белоктар алмасуы» тақырыбы бойынша студенттердің білімін тексеру

4. Кәсіби әдебиетпен және интернетпен жұмыс істеуге студенттерді ынталандырып, олардың аналитикалық қабілетін қалыптастыру

3. Оқытудың міндеттері:

1. Бауырдың қызметтерін және бауыр ауруларының зертханалық диагностикасын қарастыру

2. Заттар алмасуындағы бауырдың рөлі

3. Жаңа түсініктер еңгізу: конъюгация, тұңбаға түсу сынамалар

4. Кәсіби әдебиетпен және интернетпен жұмыс істеуге студенттерді ынталандыру

4.Өткізу түрі: тақырып бойынша кеңес беру, ауызша сұрау, жазбаша сұрау, ЖИГСО, оқу-ғылыми жағдаяттарды шешу, кесте толтыру.

5.Тақырып бойынша тапсырмалар: кесте толтыру, жаттығулар мен жағдайлық есептерді жасау, оқу-ғылыми жағдаяттарды талқылау, тест, жазбаша бақылау сұрақтарына жауап беру.

6.Таратылатын материал: кестелер, оқу-ғылыми жағдаяттар, жазбаша бақылаудың билеттері.

Жаттығулар:

1) Неліктен белоктарды майлармен және көмірсулармен алмастыруға болмайды. Жауапты түсіндіріңіздер

2) Бауыр ауыруында науқасқа неліктен майлы тағам ұсынылмайды?

3) Неліктен өт қышықылдарының бұзылуы өт-тас ауруына әкеледі?

4) Бауыр ауырғанда 25(ОН)Д33 витаминнің алмасу-активті формасы) синтезі бұзылады. Ол жағдай неге әкелуі мүмкін?

5) Бауыр паренхимасы бұзылғанда көмірсулар және белоктар алмасуы қалай өзгереді?

Жағдайлық есептер (2-3 адамнан тұратын шағын топтарда)

1. Науқастың қанында жалпы билирубиннің мөлшері 70 мкМоль/л тең болды, сілтілі фосфатазаның активтілігі 7,5 мкм/л.с., аспартатаминотрансферазаның (АСТ)- 5 ммоль ПЖҚ/л.с, γ-глутамилтрансферазаның (ГГТ)- 500нмоль/л.с. болды. Зәр қою қоңыр, нәжіс түссізденген. Қандай ауру болуы мүмкін?

2. Бауырдың функциясының бұзылуынан аммиактың қанда жоғарылауы, несеп қышқылының, мочевинаның қанда, зәрде төмендеуінің механизмдерін түсіндіріңіздер.

3.Науқаста ауыр вирусты гепатит кезінде бауырлық кома байқалуы мүмкін.Бұл жағдай ми жасушаларына аммиактың улы әсерінен туады.қанда аммиактың көп жиналуы ның себебі неде?Осындай науқастың қанында мочевина концентрациясы қалай өзгереді?

4.Асқазан сөлінің 5 мл-н титрлегенде бос НСІ-ы нейтралдауға 0,1 N NaOH 3 мл жұмсалынды, В көлемі 4 мл болды, барлық қышқыл заттардың нейтралдануына 5 мл жұмсалынды. Жалпы қышқылдықты, бос және байланысқан тұз қышқылын есептеңіз. Алынған нәтижелерді бағалаңыз.

5.Науқас белок мөлшері аз диетада. Қан сарысуын зерттеген кезде онда мочевина мөлшері 11,83 мМоль/л-ге тең болды. Қандай ауру деп болжам жасауға болады?

6.Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 85 мМ/л, бос тұз қышқылы 60 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады? Асқазан сөлінде қандай патологиялық құрам бөліктері анықталуы мүмкін?

7.Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері 35 мкМ/л тең болды, зәрдің түсі қою қоңыр, нәжіс ақ саз түсті. Бұл жағдай қалай аталады? Ол қашан байқалады? 8.Стимуляциядан кейін бөлінген асқазан сөлінде тұз қышқылы жоқ, жалпы қышқылдығы 6 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады?

9.Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 30 мМ/л, бос тұз қышқылы 5 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады?

10. Науқаста жалпы билирубин 45 мкмоль/л, тікелей билирубин 30 мкмоль-л зәр қошқыл түсті, нәжіс түсі өзгермеген. Қандай ауру деп болжауға болады?

11.Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері 39 мкМ/л тең болды, зәрдің түсі қою қоңыр, нәжіс өзгермеген. Бұл жағдай қалай аталады? Ол қашан байқалады?

12.Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 95 мМ/л, бос тұз қышқылы 60 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады? Асқазан сөлінде қандай патологиялық құрам бөліктері анықталуы мүмкін?

13.Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері 50 мкМ/л тең болды, зәрдің түсі қою қоңыр, нәжіс ақ саз түсті. Бұл жағдай қалай аталады? Ол қашан байқалады?

ТЕСТ

1. Қалыпты асқазан сөліндегі қышқылдық түрлері:

1. жалпы

2. бос НСI қышқылдығы

3. көмірсулармен байланысқан HCI қышқылдығы

4. байланысқан және бос HCI қышқылдығы

5. белоктармен байланысқан HCI қышқылдығы

3 дұрыс жауапты табыңыз

2. Жалпы қышқылдық – бұл:

1. асқазан сөлінің 1 литріндегі барлық қышқыл түзуші заттардың қосындысы

2. асқазан сөлінің 100 мл-гі барлық қышқыл түзуші заттардың қосындысы сумма

3. асқазан сөлінің 20 мл-гі барлық қышқыл түзуші заттардың қосындысы сумма

4. асқазан сөлінің 50 мл-гі барлық қышқыл түзуші заттардың қосындысы

5. асқазан сөлінің 10 мл-гі барлық қышқылтүзуші заттардың қосындысы

3. Креатинин

1. креатиннің түзілуіне жұмсалады

2. креатинфосфаттың түзілуіне жұмсалады

3. соңғы өнім болып табылады және зәрмен бөлінеді

4. белоктар алмасуының аралық өнімі болып табылады

5. бауыр функциясын анықтау үшін керек.

4. Организмдегі аммиакты залалсыздандырудың негізгі жолы:

1. белок синтезі

2. мочевина синтезі

3. креатин синтезі

4. билирубин синтезі

5. биогенді аминдердің синтезі

5. Тікелей билирубин түзіледі:

1. ішекте

2. бауырда

3. бүйректе

4. қанда

5. сүйектің қызыл кемігінде

6. Тікелей емес билирубин

1. усыз

2.суда ерімейді, улы

3. суда ериді, усыз

4. Эрлих диазореактивімен бірден реакция береді

5. альбуминдермен байланысады

7. Бауыр қызметтері:

1. пластикалық

2. қорға жинау

3. энергетикалықя

4. тіректік

5. секреторлы

4 дұрыс жауап бар.

8. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктеріне жатады:

1. қан

2. өт

3.муциндер

4. пепсин

5. пепсиноген

2 дұрыс жауап бар.

9. Өт пигменттері бар:

1. мезобилиноген

2. стеркобилин

3. билирубин

4. каротин

6.Әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1.Северин Е.С.(қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова) «Биохимия», Мәскеу, 2014.

2. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2012 ж.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Орыс тілінде:

25. Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г.

26. Северин Е,С. «Биохимия», 5-е изд., М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009

Қосымша әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы

1Бөлім. Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.

2Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі.

3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы.– Алматы, 2009 ж.

27. Биохимия пәнінен студенттердің өздігінен дайындалауына арналған тест сұрақтары – Алматы, 2007

28. Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары - Алматы, 2011

Орыс тілінде:

  1. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2012 г.

26. Плешкова С.М. и др. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии

Часть 1. Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины.

Часть 2. Обмен веществ и его регуляция.

Часть 3. Биохимия жидкостей и тканей организма. – Алматы, 2009 г.

27. Аблаев Н.Р., Бейсембаева Ш.А. Клинически значимые биохимические показатели и их интерпретация: учеб пособие, Алматы, КазНМУ, 2007

28. Клиническая биохимия учеб.пособие под ред Ткачук В.А. – М.: ГЭОТАР-МЕДИА, 2008

7. Бақылау:

Сұрақтар:





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1195 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...