Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аммиактың түзілу және залалсыздану жолдары



Келесі сабаққа өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар:

1. Амин қыщқылдарының дезаминдену түрлері.

2. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарын пайдалану.

3. Аммиактың түзілуі және залалсыздануы.

4. Мочевина синтезі

8. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. З.С. Сеитов.Биохимия., Алматы,2007

2. Т.С. Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж. Сейтембетова., Биологиялық химия., Қарағанды, 2007

Қосымша:

1. У. Сайпіл, С.М. Плешкова, С.А. Абитаева. Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер. Алматы.,2001

2. У. Сайпіл, К. Өмірзақова. Заттар алмасуы. Көмірсулар. Липидтер. Белоктар.Алматы.,2004

3. С.М Плешкова., К.К Өмірзақова К.К., С.А.Абитаева, Заттар алмасуы және оның реттелуі.,Алматы.,20064.

4.С.С.Ерджанова С.С., С.М.Плешкова, Булыгин К.А., А.Е. Есімжан., Ш.А.Бейсенбаева, М.Б. Жангелова. Бала ағзасындағы заттар алмасуы және олардың бұзылуының клиникалық- зертханалық диагностикасы.,Алматы, 2006

5. проф. С.М Плешкованың редакциялауымен. Биохимиядан әдістемелік нұсқаулар- студенттерге арналған- ҚазҰМУ, Алматы, 2004, 2007

6. С.М Плешкова, С.А.Абитаева. С.С.Ерджанова С.С.Жақыпбекова. К.К Өмірзақова, М.Т.Сұлтанова.,Биологиялық химиядан практикум. Алматы.,2004

Орыс тілінде:

1. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы,1998 г.

2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 1990 г.

3. Строев Е.А. «Биологическая химия», Москва, 1986 г.

4. Николаев А.Я. «Биологическая химия», Москва, 1989 г.

5.Плешкова С.М., Абитаева С.А., Ерджанова С.С., Петрова Г.И «Практикум по биологической химии», Алматы, 2003 г.

6.Тесты по биологической химии для самостоятельной подготовки студентов/ Учебное пособие/ Алматы, 2007

9.Бақылау:

Ауызша сұрақтар:

1. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің химиялық құрамы.

2. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының рөлі. (ағылшын және орыс тілінде)

3. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері, пайда болу себептері. Оларды ашатын сапалық реакциялар.

4. Белоктардың шіруі, зиянды өнімдердің залалсыздануы. Залалсыздану орыны және тәсілі.

Шағын топтармен жұмыс жасау.. Зертханалық жұмыс: «Асқазан сөлінің қышқылдығын анықтау». Студенттерді 3 топқа бөліп әр топ зертханалық жұмысты орындауы бойынша қышқылдығы жоғары, қышқылдығы төмен және қалыпты асқазан сөлі құйылған, арнайы нөмірленген шыны ыдыстарды алып, асқазан сөлініңқышқылдығын анықтайды. Студенттер зертханалық жұмысты орындамас бұрын асқазан сөлін анықтау әдістерін талдап, асқазан сөлінің қалыпты мөлшері, қышқылдығы, қышқылдық түрлері, өлшем бірлігі туралы ақпараттанып, берілген асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктерін талдау қажет. Құрамдас бөліктерге жүргізілетін сапалық реакцияларды білу.

Практикалық жұмыс барысында оқытушы жұмыстың орындалуын, дұрыс титрлеу жүргізуді қадағалап, үйге берілген тапсырманы жаттығулар мен жағдайлық есептердің шешімінің дұрыстығын тексеру қажет.

Асқазан сөлінің қышқылдығы, қышқылдықтың өлшем бірліктері, түрлері, асқазан сөлінің қышқылдықтарын есептеуді талқылау. Берілген есепте қышқылдыдылықты анықтап, студент құрамында қандай патологиялық заттар болуы мүмкін білуі тиіс және осы асқазан сөлімен қандай сапалық реакцияларды жасау қажет. Асқазан сөлінің қышқылдығын анықтайтын бұл әдіс ірі мегаполистерде іс жүзінде жүргізілмейтінін, тек ақпараттандырылатын әдіс екенін студенттерге түсіндіру қажет.

№85, 87, 83, 20(б) жұмыстар жасалады

Тесттер:

1. Ересек адамдарда 1 кг салмаққа есептегенде белоктың тәуліктік көрсеткіші (нормасы):

1) 0,3-0,4 г.;

2) 5,0-6,0 г.;

3) 0,7-0,8 г.;

4) 9,0-10,0 г.;

5) 11,0-12,0 г.

2. Белоктардың тағаммен қажетті мөлшерде түспеуінен мынадай аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады: Дұрыс 2 жауапты таңда.

1) бауырдың май басуы;

2) фенилкетонурия;

3) квашиоркор;

4) маразм;

5) алкаптонурия.

3. Оң азоттық баланс дамиды: Дұрыс 2 жауапты таңда.

1) әйелдің аяғы ауыр кезінде

2) балалық кезде

3) қартайған кезде

4) қабынуда

5) аштықта

4.Теріс азоттық баланс дамиды: Дұрыс 3 жауапты таңда.

1) әйелдің аяғы ауыр кезінде

2) балалық кезде

3) қартайған кезде

4) ашыққанда

5)онкологиялық ауруда ісік клеткаларының ыдырау сатысында.

5. Ағзадағы белоктар алмасуының ерекшеліктері: Дұрыс 4 жауапты таңда.

1) белоктар ағзада қорға жиналмайды

2) ағзада синтезделмейді

3) құнды белоктардың синтезі үшін тағаммен алмастырылмайтын амин қышқылдары түсуі қажет

4) тіршілікке қажет қызметтерді атқарады

5) белоктар үнемі жаңарып отыруы үшін ылғи тағаммен түсіп тұруы қажет.

6. Патологиялық жағдайдағы асқазан сөлінің құрамында бар: Дұрыс 4 жауапты таңда.

1) тұз қышқылы

2) өт

3) пепсин

4) қан

5) лактат

7.Ахилия – бұл:

1. Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығының жоғарлауы

2. Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығының төмендеуі

3. асқазан сөлінің бос НСL болмауы

4. Асқазан сөлінің секрециясының және ферменттерінің болмауы

5. асқазан сөлінде өттің болмауы

8. Тоқ ішекте белоктар шіруінде түзілетін улы өнімдер: Дұрыс 2 жауапты таңда.

1. лактат

2. скатол

3. фенол

4. скатоксилкүкірт қышқылы

5. крезолглюкурон қышқылы

9. Белок шіруінде түзілетін улы заттарды залалсыздандыру келесі қосылыстармен жүреді: Дұрыс 2 жауапты таңда.

1. глюкурон қышқылы

2. азот қышқылы

3. сірке қыщқылы

4. күкірт қышқылы

5. глутамин қышқылы

10. Ұйқы безі сөлінің эндопептидазалары: Дұрыс 2 жауапты таңда.

1. пепсин

2. аминопептидаза

3. трипсин

4. карбоксипептидаза

5. химотрипсин

11. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының рөлі: Дұрыс 4 жауапты таңда.

1) Пепсиногенді активтендіреді;

2) бактерецидті әсері бар;

3) трипсиногенді активтендіреді;

4) сфинктердің жұмысын реттейді;

5) Тағам белоктарының ісінуіне қатысады.

Жағдайлық есептер:

1. Науқас іші өтіп, қарынның айналасы ауысынуда. Асқазан сөліне талдау жасағанда күкіртті сутектің иісі бар және бос тұз қышқылының жоқ екені анықталды. Асқазанда қандай ауру туралы айтуға болады?

2. Науқастың асқазанында кенеттен ауырсыну сезімі байқалғанына шағымданды. Асқазан сөлінің құрамына сапалық реакция бойынша талдау жүргізгенде қанға «оң», жалпы қышқылдық 90 болған. Сіздің қояр диагнозыңыз?

3. 5 мл асқазан сөлін титрлегенде бос HCI-ды нейтралдауға 2,5 мл 0,1 н NaOH ертіндісі жұмсалды. Ал В көлемі 3 мл болды. Қышқылға сезімтал барлық заттарды нейтарлдауға 4,5 мл ертінді жұмсалған. Жалпы қышқылдықты, бос және байланысқан түз қышқылын есептеп, алынған мәліметтерді бағалау қажет.

4. Асқазанның, ішектің және ұйқы безінің созылмалы ауруында дәрігер науқасқа құрамында қарын асты безінің ферменттері бар препарат мезим-фортені (панкреатин) ұсынады. Осы аталған препараттың әсер ету механизмін түсіндіріп, АІЖ белоктардың қорытылуы мен ондағы эндо-және экзопептидазаларды жіктеп, осы ферменттердің активтелу реакциясының сызбанұсқасын жазыңдар. Активаторларды атаңдар.

5.Қан сарысуында мочевина азоты 0,75 г/л-ге тең, ол барлық қалдық азоттың 80% құрайды. Сіздің жорамал диагнозыңыз?

6. С ары аурудың ауыр түріменауыратын науқастың80%-ға дейін бауырдың паренхималық жасушалары зақымданған. Неге науқас белокты тағамды пайдалануды шектеген.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2433 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...