Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабақ ОСӨЖ. Тақырыбы: Жай белоктардың аралық алмасуы.Белоктардың қорытылуы, сіңірілуі.Ішекте белоктардың шіруі



Тақырыбы: Жай белоктардың аралық алмасуы.Белоктардың қорытылуы, сіңірілуі.Ішекте белоктардың шіруі. Бауырда шіру өнімдерінің залалсыздануы.

2. Мақсаты:

1. Студенттерде жай белоктардың қорытылуы, амин қышқылдардың ащы ішекте сіңірілуі туралы білімдерін қалыптастыру.

2. Студенттерде тоқ ішекте белоктардың шіруі, улы шіру өнімдерінің залалсыздану жолдары және орны туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Студенттерде асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттерін, қалыпты және патологиялық жағдайдағы асқазан сөлінің химиялық құрамы, асқазан сөлін зерттеу әдістері туралы білімдерін қалыптастыру.

5. Интернетпен және мамандырылған әдебиетпен жұмыс істеуіндегі қабілеттілігін қалыптастыру.

6. Жаңа түсініктер мен терминдерді енгізу.

3. Оқыту міндеттері:

1) Асқазан сөлінің қалыпты және патология жағдайындағы физико-химиялық қасиеттері және құрамы, асқазан сөлінің анализ әдістерін қарастыру.

2) Асқазан сөлінің патологиялық компонеттері, қышқылдықтарын анықтау нәтижелеріне интерпретация жасауға үйрету.

3) Жаңа түсініктерге және терминдерге анықтама беру: асқазан сөлінің қышқылдығы, тұз қышқылының дебит-сағаты, ахлоргидрия, гипохлоргидрия, ахилия, белоктардың шіруі, эфир күкірт қышқылдары, эфироглюкурон қышқылдары.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тағам белоктары.Ағза үшін белоктардың маңызы.Белоктар алмасуының ерекшеліктері.

2. Азотты баланс туралы түсінік.

  1. Тағам белоктардың қорытылуы. Осы үрдіске қатысатын ферментер, олардың түзілетін орны, номенклатурасы, катализдік әсері. Протеазалардың проферменттер түрінде бөлінуінің маңызы қандай?

4. Амин қышқылдарының ішекте сіңірілуі.

  1. Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы.
  2. Асқазан сөлінің тұз қышықлының рөлі.
  3. Асқазан сөлінің патологиялық құрам бөліктері, олардың пайда болуы.
  4. Ішекте белоктардың шіруі. Шіру өнімдерінің залалсыздануы. Улы шіру өнімдерінің залалсыздану жолдары және орны

5. Білім берудің және оқытудың әдістері:

1.Тақырып бойынша консультация

2.Шағын топтарда жұмыс істегеннен кейін тақырып сұрақтарын талдау

3.Студенттердің өздігінен жұмыс істеуі(ситуациялық есептерді, жаттығуларды, тесттерді шығару)

4.Жазбаша сұрау.

1.Тақырып бойынша консультация: оқытушы қиын сұрақтардан консультация береді.Содан кейін ОСӨЖ-ң қалай өтетінің түсіңдіреді.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1198 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...