Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сабақ осӨж



1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Ацетил-КоА-ның пайдаланылу жолдары. БМҚ, кетон денелерінің, холестериннің синтезі. Липидтер алмасуының соңғы өнімдерінің бөлінуі. Липидтер алмасуының бұзылыстары.

2. Мақсаты:

1) Студенттерде активті сірке қышқылының (АСҚ) пайдаланылуының негізгі жолдары туралы білім қалыптастыру.

2) Студенттерде холестерин алмасуы туралы білім қалыптастыру.

3) Студенттерде кетогенез туралы білім қалыптастыру

4) Студенттерде липидтер алмасуының бұзылуының биохимиялық механизмдері туралы білім қалыптастыру.

5) Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.

6) Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу.

3. Оқытудың міндеттері:

1. АСҚ-ң БМҚ, кетон денелері, холестериннің синтезіне пайдаланылу жолдарын қарастыру.

2. Холестерин алмасуын қарастыру.

3. Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдерін қарастыру.

4. Жаңадан түсініктер енгізу және терминдерге анықтама беру: кетон денелері(ацетон, ацетосірке қышқылы, бета-гидроки-май қышқылы), кетогенез, ГМГ-редуктаза,мевалон қышқылы, ланостерин, сквален.

5. Студенттерді арнайы әдебиеттермен және интернеттен материал іздеуге ынталандыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. АСҚ-ның пайдаланылу жолдары.

2. БМҚ биосинтезінің сатылары.

3. Кетон денелерінің синтезі, гиперкетонемия мен кетонурия себептері, аштық және қантты диабет кезіндегі даму механизмі.

4. Кетон денелерінің тотығуы. Ацетосірке және b-гидроксимай қышқылдарының тотығуының энергиялық балансы.

5. Холестерин синтезі, сатылары және холестерин синтезінің реттелуі.

6. Холестерин мен кетон денелерінің синтезінің ұқсастықтары мен айырмашылығы.

7. Холестерин алмасуы.Холестерин алмасуындағы бауырдың рөлі. Холестерин алмасуындағы ТТЛП пен ТЖЛП рөлі.

8. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан бөлінуі.

9. Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдері.

5. Оқыту мен білім берудің әдістері:

Аралас-әдіс 1) (жазбаша бақылау, тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша талқылау анимация көрсету арқылы).

Оқытуға қажетті материалдар: Тақырып бойынша дәріс, анимация: ХС синтезі; биохимиядан студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу құралы.2-бөлімі.


Сабақтың сценариі:

Мазмұны Әдістемелік қамтамасыз етілуі Уақыты, мин (болжаммен хронометраж, топтың дайындығына және тағы басқа факторларға байланысты өзгері мүмкін)
1. сабақты ұйымдастыру 2. жазбаша тексеру 3. ауызша сұрау, анимация көрсету 4. аз топпен жұмыс 5. сабаққа қорытынды жасау Оқу журналы, Жазбаша тексеруге арналған билеттер, Оқытушыларға арналған әдістемелік құрал сценариімен Силлабус Тақырып бойынша дәріс 1. 5 2. 10 3. 20 4. 10 5. 5    

Сабақтың ұйымдастыру. Үйге тапсырма: Студенттерге келесі сабақ 3-тілдің біреуінде болатынын ескерту. Жай белоктардың аралық алмасуы.Белоктардың қорытылуы, сіңірілуі.Ішекте белоктардың шіруі. Бауырда шіру өнімдерінің залалсыздануы. Асқазан сөлінің биохимиясы. практикалық жұмыстар:№20б-83,85-87 конспектілеу).

Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар:

1. Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы

2. Асқазан сөлінің тұз қышқылының ролі

3. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөлігі, олрадың пайда болу себебі.

4. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері, олардың патология кезінде өзгеруі.

5. Асқорыту жолдарында белоктардың қорытылуы, бұл процесске қатысатын ферменттер, оларға сипаттама (тақырып бойынша глоссарий – ағылшын, орыс тілінде, жауаптарын электронды вариантта өткізу)

6. Белоктардың гидролиз өнімдерінің сіңірілуі

7. Белоктардың ішекте шіруі, улы заттардың залалсыздануы.Залалсыздану әдістері мен орны.

3. Ауызша сұрауға арналған сұрақтар:

1. Жасушада АСҚ-ның түзілу және пайдаланылу жолдары (схемамен)

2. АСҚ-ның пайдаланылу жолдары (схемамен).

3. БМҚ биосинтезінің сатылары.

4. Кетон денелерінің синтезі, гиперкетонемия мен кетонурия себептері, аштық және қантты диабет кезіндегі даму механизмі.

5. Кетон денелерінің тотығуы. Ацетосірке және b-гидроксимай қышқылдарының тотығуының энергиялық балансы.

6. Холестерин синтезі, сатылары және холестерин синтезінің реттелуі.

7. Холестерин мен кетон денелерінің синтезінің ұқсастықтары мен айырмашылығы.

8. Холестерин алмасуы.Холестерин алмасуындағы бауырдың рөлі. Холестерин алмасуындағы ТТЛП пен ТЖЛП рөлі.

9. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан бөлінуі.

10. Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдері.

2,4,6 сұрақтарды талдаған кезде бірнеше бөліктерге бөлуге болады, мысалы: бір студентке БМҚ синтезінің басталу реакциясын, ал келесі студентке оны жалғастыруды беруге болады.Сол сияқты кетон денелері мен холестерин синтезінде бөліп беруге болады.(Анимация к-рсету)

4.Аз топпен жұмыс: студенттерді 3 топқа бөліп, әр топқа есеп беріледі: БМҚ синтезіне қажетті АСҚ, НАДФН2, АТФ санын есептеу немесе кетон денелерінің тотығуында түзілетін АТФ санын санау ж/е т.б.

Аз топпен жұмыс жасауға арналған сұрақтар:

1) Стеарин қышқылы синтезіне қажетті НАДФН2 және АТФ санын есептеңіз (кез-келген жұп санды көміртекті май қышқылын беруге болады).

2) Бета-гидроксимай қышқылы тотықанда түзілетін АСҚ, НАД, ФАД және АТФ санын санаңыз

3) Ацетосірке қышқылы тотықанда түзілетін АСҚ, НАД, ФАД және АТФ санын санаңыз.

5. Сабақты қорытындылау- оқытушы студенттердің жазбаша жұмысын тексеріп баға қояды.

7. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде:

Негізгі әдебиеттер:

1. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006. – 113-136 б.

2. Уатқан С., Өмірзақова К.К. «Заттар алмасуы», - Алматы, 2004 ж. – 157-161; 199-212; 235-258 б.

3. Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары», Алматы, 2004 ж. – 101-102 б.

3. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж.

4. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Қосымша әдебиеттер:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

4. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.

Орыс тілінде:

4. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004 – С.379-404

5. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С. 312-323, 324-326

6. Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2008 – С.431

5. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей химии», Алматы, 1998г. – С. 408-426; 430; 446-450.

6. Медицина и здравоохранение в России-адрес http://dlib.eastview.com
7. Elsevier –адрес www.sciencedirect.com.
8. THOMSON REUTERS-адрес www.webofknowledge.com.
9.. КОКРАНОВСКАЯ БИБЛИОТЕКА и др.

Қосымша:

1. Тапбергенов С.О., ТапбергеновТ.С., «Медицинская и клиническая биохимия» Павлодар, 2004

2. Мари Р., Гриннер Д., Мейес П., Родуэлл В. «Биохимия человека», 2003

3. Кольман Я., Рем., К-Г., «наглядная биохимия»., М..: Мир,2004

4. Биохимия. Тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. член-

корр., РАН, проф.Е.С. Северина.- М.,2005

5. Биохимия в вопросах и ответах под ред. член-корр., НАН РК, д.х.н. проф.С.М.

Адекенов- Астана,2003

6. Плешкова С.М., Жакыпбекова С.С, и соавт. Учебное пособие для самостоятельной подготовки студентов по биохимии, часть 2, Алматы, 2009.

7. Бақылау:

Бұл сабақ бойынша компетенцияларды бағалау әдістеріне кіреді:

Білім компетенциясын бағалау: ауызша сұрақтарға жауап беру, жазбаша бақылау жұмысы, бойынша іске асады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 834 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...