Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жасыл экономика және тұрақты даму



Қазіргі таңда дүниежүзінің көптеген елдері жасыл экономика принципін қабылдаған. Осы мемлекеттердің экономикалық даму саясаты өнеркәсіптік өндіріс өсімін оңтайландыруға және қоршаған ортаға үнемді көзқарасқа негізделеді. 2013 жылдың 1 маусымында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы «жасыл экономикаға» өту Тұжырымдамасы жөніндегі Жарлыққа қол қойды.

UNEP анықтамасы бойынша Жасыл экономика – бұл жердің табиғи капиталын құратын және арттыратын немесе экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салалар;

БҰҰ анықтамасы бойынша Жасыл экономика – бұл экономикалық тәуекелдер мен табиғи ресурстар тапшылығын қысқартатын және халықтың тұрмыстық игілігін жақсартып, әлеуметтік теңдікке алып келетін экономика;

Жасыл экономика – бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика. Сонымен бірге жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табылады. Бұл экономикалық модель 21 ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр.

Жасыл экономиканың артықшылықтары:

- бүкіл әлемде күн батареяларын қолдану мүмкіндіктері;

- газбен жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көліктерді енгізу;

- қайта өңдейтін зауыттар салуды арттыру;

- климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальтбетондық технологияларды қолдану;

- қоршаған ортаға зиянсыз эко жеңіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі;

- кәріз қалдықтарын қайта пайдалану қажеттілігі және т.б.

Қазақстанда «жасыл экономика» бағдарламасы бойынша жұмыстар үш негізгі кезеңде жүргізіледі:

Бірінші кезеңде 2013-2020 жылдары - мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сол сияқты «жасыл» инфрақұрылым құру болады.

Екінші кезең барысында 2020-2030 жылдары қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым негізінде суды үнемдеп пайдалану, қалпына келетін энергетиканы дамытуды ынталандыру мен кеңінен енгізуді қолдау, энергетикалық тиімділіктің жоғары стандарттары негізінде құрылыс жүргізуге бағытталған ұлттық экономиканы бетбұрыстандыру жүргізіледі.

Үшінші кезеңде 2030-2050 жылдары ұлттық экономиканы «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» қағидасына көшіру қарастырылған. Ол табиғи ресурстарды олардың жаңартылу мен тұрақтылық негізінде қолданылуын пайымдайды. Тұжырымдама бойынша «жасыл экономикаға» көшу шаралары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: су ресурстарын тұрықты пайдалану, тұрақты және жоғары өнімді ауыл шаруашылығын дамыту, энергияны үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаны ластауды азайту, экожүйелерді тиімді басқару.

«Жасыл» экономика кедей елдердің дамуына және бай елдердегі кедейлердің қысқаруына ықпал етеді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, мемлекет «жасыл» экономикаға көшуде мынадай міндеттерді шешуі тиіс:

- экологиялық салықтарды енгізу;

- «қоңыр» өнеркәсіп үшін мемлекеттік субсидияларды азайтып, экологиялық талаптарды күшейту; «Қоңыр» өнеркәсіп қазіргі күнгі дәстүрлі яғни ресурстарды ысыраппен пайдалануды, өндірісте көміртектің көп пайдаланылуын білдіреді.

- «жасыл» өнеркәсіпке мемлекеттік инвестициялар жасау;

- жаңа «жасыл» технологияларды трансферттеу мен енгізу.

«Жасыл» экономикаға өткен елдерден мысал келтіретін болсақ:

Оңтүстік Корея «жасыл өсімді» ұлттық стратегия ретінде қабылдаған алғашқы ел болып отыр. Бұл стратегия шеңберінде негізінен үш элементке баса назар аударылады, олар өнеркәсіп, энергетика және инвестиция. Энергетикалық және басқа да ресурстарды минималды пайдалана отырып, өндірістік экономикалық қызмет ауқымын сақтау, қоршаған ортаға қысым жасауды минимумға жеткізу, инвестицяны табиғатты қорғау және экономикалық өсудің қозғаушы күшіне айналдыру мақсаттары қарастырылған.

Швеция 2020 жылға қарай мұнай, көмір және газдан бас тартып, қалпына келуші ресурстар энергиясына көшуді жоспарлап отыр.

Бразилия көліктің 80% қант қамыстарынан жасалған биоотынға көшіруді жоспарлауда. Тайвань күн батареяларын белсенді пайдаланып отыр. Жапония «Төмен көміртекті қоғам бағдарламасын» қабылдап, көмітектің шығарылымының төменгі деңгейін белгілеген.

БҰҰ сарапшылары Қазақстанда «жасыл» экономиканы енгізу үшін бес маңызды секторды атап көрсетті:

- энергия (электр энергиясы, жылу, мұнай және газ) – Мұнайгаз секторы Қазақстанның маңызды саласы болып қалып отыр. Ол ЖҰӨ 30% мен экспорттың 60% құрайды. Қазақстан «жасыл» экономикаға көшу үшін мұнайгаз секторына бірыңғай сенім артудан біртіндеп арылуы тиіс;

- Су – Қазақстан 2018 жылға қарай су тұтыну көлемін қысқартуды басыңқы бағыттардың бірі ретінде қарастырып отыр. Сонымен бірге таза ауыз су тапшылығын елдегі халықтың 20% сезініп отыр, кейде су сапасын нормативтік талаптарға сай келмейді. Сумен қамсыздандыру ЖҰӨ 2% ғана құрайды;

- Қалдықтар. Қалдықтарды қайтара өңдеу бар болғаны 20%. Үкімет 2020 жылға қарай қалдықтарды утилизациялауды 70% жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі күні Қазақстан қауіпті қалдықтарды жинақтаудан Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің арасында екінші орында болып табылады.

- Ауыл шаруашылығы, балық аулау және орман шаруашылығы. Аталған сектор көшет газдарының шығарылымының 10% құрайды. Ауыл шаруашылығы ұлттық ЖҰӨ 5% мен экспорттың 2% құрайды. Қазақстан үшін бидай өсіру мен оны эксорттау ісі басыңқы болып қала береді, себебі біздің еліміз бидай экспорттаушы әлемдік бестікке енеді.

- Көлік. Қазақстандағы тасымалдаудың басым бөлігі дизель/бензинге тиісті. Ол ең алдымен ауаны ластауға әсерін тигізеді. Тасымалдау секторы Қазақстанның ЖҰӨ 8% береді, сондықтан да елдің көлік әлеуетін арттыру маңызды болып табылады.

Осылайша, «жасыл» экономика ұлттық экономиканың баюымен қатар, ЖҰӨ өсу қарқынын жылдамдатады. Ол кедейшілікті жою мен экологиялық ресурстарды сақтау арасындағы байланысты орнатады. Экологиялық экономика жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал етеді. Мұндай қоғамда жаппай өндіру болмайды және табиғи ресурстарды пайдалану қысқарады. Табиғи ресурстардың орнына «Жасыл Нано» технологиясы қолданылады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 8863 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...