Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Республикасының тұрақты даму тұжырымдамасы



Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының экономикалық өсімі әлемдік нарықта шикізат бағасының өсуі және табиғи ресурстарды үлкен көлемде пайдаланудың арқасында болып жатыр.

Тұрақты дамуға (ТД) көшу мәселесі заман талабына сай қажеттілік болып табылады. Қазақстан бұл үрдіске 1992 жылдан бастап қатысуда.

Қазақстан Республикасының ТД-ға көшу үрдісін және мекемеаралық координацияны басқару үшін ТД бойынша Кеңес құрылған, ТД-ға бағытталған жобаларды инвестициялау үшін «Қазына» тұрақты даму фонды» құрылған. Сонымен қатар, ТД үрдісіне даму институттары, ғылыми ұйымдар, координациялық орталықтар және азаматтық қоғамдастықтардың басқа институттары қатысуы қажет.

Тұжырымдаманың мақсаты – Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси аспектілердің балансын қамтамасыз ету арқылы елдегі өмір сүру сапасын арттырып, бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату.

Тұжырымдамада жалпы ережелер құрылған, Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына ену үшін даму деңгейінің басты параметрлеріне қатысты анализ жасалған, ТД-ға көшудің кейбір индекстері мен кезеңдері анықталған, ТД-ға көшудің мақсатты көрсеткіштері есептелген, негізгі ұстанымдар мен артықшылықтары анықталған, ТД-дың бағыттары мен оны қамтамасыз ету жолдары белгіленген, күтілетін нәтижелер көрсетілген, пайдаланылатын түсініктердің анықтамалары берілген.

Тұрақты дамуға көшу кезеңдері:

· Дайындық кезеңі (2007-2009 жылдар) – тұрақты даму ұстанымдарын барлық салаларға енгізу үшін жағдайларды жасау;

· (1) (2010-2012 жылдар) – әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуді қамтамасыз ету;

· (2) (2013-2018 жылдар) – жағдайды бекіту;

· (3) (2019-2024 жылдар) – ТД-дың халықаралық критерийлеріне жету.

2024 жылға дейін қойылған міндеттер:

1. Ресурстарды пайдалану тиімділігі (РПТ) көрсеткішін 53%-ға дейін көтеру;

2. Халықтың орташа өмір сүру жасын 73 жасқа дейін көтеру;

3. Экологиялық тұрақтылық индексін 25%-ға дейін көтеру;

4. Ішкі және сыртқы саясаттың сәтті жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.

Қазақстан үшін ТД-дың негізгі критерийлері экономикалық әл-ауқат балансымен, өмір сүру ұзақтығымен және экологиялық тұрақтылық индексімен сипатталатын өмір сүру деңгейін әлемдегі дамыған және бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне дейін көтеру болып табылады. Бәсекеге қабілетті 30 елдің даму деңгейіне сәйкес келу көрсеткіштері: 2013-2018 жылдар аралығында Қазақстан үшін: РПТ - 43%-тен төмен емес, ресурстарды суммарлы тұтыну – 246,86 ГВт-тан аз емес, өндірген өнімнің жиынтық жылдық көрсеткіші – 113,1 ГВт-тан аз емес болуы қажет.

Тұжырымдамаға сәйкес ТД-ға көшудің есептелген параметрлерінің динамикасы 2-кестеде көрсетілген.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1378 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...