Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Биологиялық түрліліктің жаһандық өзгерістері



Биотүрлілік Жердегі тіршіліктің негізі, маңызды тіршілік ресурсы болып табылады. Биотүрлілікпен қамтамасыз етілетін барлық тауар және қызмет көрсетулер санының маңызын асырып бағалау қиын. Кейбір түрлер өмірлік қажет болып келеді. Осылай, адамдар 7000-ға жуық өсімдік түрлерін қолданады, бірақ әлемдік шаруашылықтың 90%-ы жиырма өсімдік түрінің арқасында құрылады, ал олардың 3-уі (күріш, жүгері, бидай) барлық қажеттіліктердің жартысынан астамын құрайды.

Биотүрлілік ұғымы көп жағдайда биоценоздар мен экожүйелердің экологиялық жағдайын және күйін бағалау кезінде аса маңызды рөл атқарады. Қазіргі уақытта биотүрлілік деп барлық өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар, сондай-ақ олардың бөлігі болып табылатын экожүйелер мен экологиялық үрдістерді түсінеді.

Түрлі геологиялық дәуірлерде болған эволюциялық процесстер жер мекендеушілірінің түрлі құрамының елеулі өзгерісіне алып келді. Қазіргі уақытта түрлердің жойылуы адамның іс әрекетінен болып жатыр.

Сарапшылардың ойынша, жақын арадағы 20-30 жылда Жердің барлық биотүрлілігінің шамамен 25%-ы жойылу қауіпі бар.

Түрлердің жойылуының негізгі 4 себебі бар:

1. фрагментация мен модификация, мекен ортасын жою;

2. ресурстарды шамадан тыс пайдалану;

3. сыртқы ортаның ластануы;

4. табиғи түрлерді интродуцирлі экзотикалық түрлермен шығару.

Барлық жағдайларда бұл мәселелер антропогенді сипатта жүреді.

Әр жыл сайын тропикалық ормандардың 11,1 млн га (яғни әр минут сайын 21 га) ауданы жойылатыны есептелген. Тропикалық ормандарының 70%-ы азайған жағдайда сол жойылған орман аумақтарында тіршілік ететін түрлер жойылып қана қоймай, сондай-ақ көршілес ормандар аймақтарында мекен ететін түрлер санының 30%-ға жуығы азаятыны анықталған.

Көптеген теңіз тіршілік иелері теңізді коммерциялық пайдаланудан жойылып жатыр. Ірі жер жануарлары, сонымен қатар африкалық піл, олардың табиғи мекендеріне шамадан тыс антропогенді әсер салдарынан жойылу қауіпінде.

Қоршаған ортаның ксенобиотиктармен, уытты химиялық заттармен, сонымен қатар пестицидтармен ластануы антропогенді әсер етудің бір көрінісі болып табылады. Сарапшылардың болжауы бойынша, атмосфераға парникті газдарды шығару әсерінен климаттың өзгеруі бір түрлердің саны азайып, ал басқалары көбейетіндіктен Жердегі көптеген түрлер құрамының өзгеруіне әкелуі мүмкін.

Биотүрліліктерді тұрақты пайдалану мен сақтауға бағытталған төрт түрлі шара жасалуда:

1. Ерекше мекендейтін ортаны қорғау - ұлттық саябақтар, биосфералық қорық және басқа да қоғайтын жерлерді құру.

2. Организмдер топтарын немесе жеке түрлерді шамадан тыс пайдаланудан қорғау.

3. Ботаника бағы немесе ген банклерінде түрлерді генофон түрінде сақтау.

4. Сыртқы ортаны ластауды азайту.

Биотүрліліктің қорғаудың маңызды әдісі осы шараларды жүзеге асыратын конвенция мен халықаралық ұлттық бағдарламаларды зерттеп, сараптау болып табылады. 153 мемлекетпен қабылданған биотүрлілік Конвенциясы жағдайдың қауіптігін көрсетеді және әр түрлі мемлекеттердің қайшы мүдделерін келістіру бойынша ұзақ келісімсөздердің нәтижесі болып саналады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2090 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...