Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақстан Республикасының энергоэкологиялық стратегиясы



Жарықты үнемдеу және энерготиімділікті арттыру – бұл ең алдымен елдегі энергетикалық ресурстарды пайдалану көлемін азайтуға бағытталған техникалық, технологиялық, экономикалық және т.б іс-шаралардың жүзеге асуы.

ЖІӨ өнімі бірлігіне шаққанда энергетикалық ресурстар тұтынуды азайту экономикалық басым бағыт болып табылады, яғни өңдірістік кәсіпорындардың өнімділік, пайдалылық және бәсекеге қабілеттілігі жоғарылайды; тұрғын-коммуналды секторда тұрғын қорының және инженерлік жүйенің жағдайы мен инфрақұрылымы көрсетіледі, әрбір адамның жағдайы мен жайлылығында көрінеді; көліктік секторда көлік жүйесінің тиімділігі жақсарады, көлік құралдарының негізгі қоры жаңартылады, экологиялық жағдай жақсарады.

Сонымен, энерготиімділікті жоғарылату және энергоүнемдеу бойынша шараларды бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады:

1. Экономикалық әсер;

2. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің артуы (өнім өндіру секторының модернизациясы және мемлекет инфрақұрылымы);

3. Экологиялық әсері (энергияны үнемді пайдаланудағы басты құрал ретінде – “жасыл экономикаға”өту жолы);

4. Өзара байланысты әсерлер (ғылымның дамуы, инновацияның дамуына жол ашылуы, жаңадан жұмыс орындарының пайда болуы мен мамандардың қажеттілігі артуы, энергоменеджмент облысында).

ЖІӨ энергия сыйымдылығы елдің энерготиімділігінің басты көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткіш энергияны бастапқы пайдаланудың (көмір, мұнай, газ) Қазақстан Республикасы ЖІӨ-не шаққанда қатынасы ретінде есептеледі (АҚШ доллары есебімен).

Қазақстанда2013 жылдың 29 тамызында ҚР Үкімет Жарлығымен бекітілген «Қуат көзін үнемдеу-2020» бағдарламасы жұмыс жасауда.

Бұл бағдарламаны келесі кезендерде жүзеге асыру қарастырылған:

- Бірінші кезең – 2013…2015 жылдар. Бұл кезеңде өндіріс орындарында энергияны тиімді пайдалану аудиттері өтеді, энергетиканы қоса қарастырамыз, Үкімет тарапынан қуатты үнемдеу жоспары бойынша нәтижесіне байланысты қаржы бөлінеді. Өндіріс орындары мен знергетикалық мекемелердің кең масштабты түрдегі дайындығы басталады, энергияны қолдануда нормативке сәйкес және басқа облыстарда қуат көзін үнемдеуді арттыру. Сонымен қатар, халық арасында насихаттауда жүрмек, оған қоса мамандар дайындау, ұлттық стандартқа энергоменеджмент жүйесі енгізілмек. Қосымша нормативтік-бақылау шаралары дайындалмақ;

- Екінші кезең - 2016...2020 жылдар аралығы. Бұл кезеңде энергоаудиттің нәтижесіне байланысты басты бағыт өндіріс орындарында болмақ, сонымен қоса жеке үйлерге де қарасты болу, автопарктарды жаңарту, жарықдиодтары бар түсірілімдерге ауысу, құрылыс орындарында қуат көзін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, жеке меншік ивестицияны алға тарту.

Экономиканың түрлі секторларында энергияны үнемдеуді және энерготиімділікті арттыру бойынша шаралар 9 бағытта қарастырылады:

1. Энерготиімді өңдіріс – жабдықтың, технологиялық үрдістердің, ғимараттардың модернизациясы, сонымен қатар энергетикалық менеджемент негізінде басқару мәселелерін енгізу;

2. Инновационды энергетика – энергетика секторында энергия шығарушы кәсіпорындармен инвестиционды келісімдер шегінде шаралар тиімді іске асыру маңызды;

3. Энерготиімді ТКШ – елдің тұрғын қорының үздік термомодернизациялануы және инженерлік-коммуналды қала жүйелерінің жөндеуі;

4. Энерготиімді құрылыс – барлық құрылыс нормалары мен ережелерін қайта қарау, талабын күшейту және жасыл құрылыс бойынша шаралар енгізу;

5. Энерготиімді көлік – алдымен, автокөлік экологизациясы;

6. Энерготиімді бюджетті сектор – энергосервисті келісімдерді енгізу есебінен жеке инвестицияларды тарту;

7. Энерготиімді жарықтандыру - қыздыру шамдарын пайдалануға, ғимараттар мен үйлердегі ішкі жарықтандыру модернизациясы, қалалар мен жергілікті жердегі көше жарықтандырудың реконструкциясы, құрамында сынап бар энерготиімді шамдарын утилизациялауды ұйымдастыру тыйым салынады;

8. Энерготиімді ұйым - халықпен жұмыс, энергоүнемдеуді насихаттау және кадрлерді дайындау;

9. Экономды төлеу – халық тұтынатын энергоресурстарды және өз заттарын үнемдеуге үйренуі тиіс, тек қана энерготиімді тұрмыс аспаптарын пайдалану керек.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2648 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...