Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бейімдендіру



Бейімделу - организмнің, адамның жаңа тітіркендіргіштің әсеріне немесе қызметтің және өмірдің өзгерген жағдайларына бейімделуі. Ол биологиялық, физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік бейімделу болып бөлінеді.

Акклиматизация бірден пайда болмай, белгілі бір кезең ішінде жүреді, осы уақытта берілген климаттық жағдайларға сәйкес жаңа динамикалық стереотип қалыптасады. Акклиматизация үрдістеріне физиологиялық аспектілер ғана емес, сонымен бірге, әлеуметтік және медициналық аспектілері де кіреді, себебі климаттық факторларының әсерін азайту және адекватты физиологиялық акклиматизацияны қамтамасыз ету, көбінесе осы мәселелерді шешіуімен байланысты. Акклиматизациялау бірнеше фазалардан өтеді. Бастапқы фазасында, әдетте, әр түрлі бейімдейтін физиологиялық реакциялар жүреді. Мұндай реакциялардың мысалы ретінде, жылу реттейтін механизмінің зорлануын, қылтамырлардың спазмын, гипертензиялық жағдайларды, айналымдағы қанның көлемінің үлкеюін, жаңа келген адамдарда липид алмасуы белсенділігінің жоғарлауын алуға болады.

2 фазасы кезінде динамикалық стереотип қайта құрылады. Егер, климаттық факторлардың ағзаға қоятын талаптары оның функционалдық мүмкіншіліктері мен компенсаторлық механизмдерінің шегінен аспайтын болса, онда жаңа динамикалық стереотип қалыптасады және жаңа жағдайларға бейімделу үрдісі тұрақты акклиматизация фазасымен аяқталады. Бұнда ағзаның тіршілік параметрлері «қалыпты» деңгейге оралады. Акклиматизацияның қолайсыз жүруі кезінде, айқындылығы әр түрлі, патологиялық сипат алатын, дезадаптациялық үрдістер дамиды. Мұндай жағдайда, тұрақты акклиматизация қалыптаспайды, сондықтан, адам бұрынғы климаттық жағдайына қайта оралуға мәжбүр болады. Акклиматизацияны жеңілдету және жылдамдату үшін, қолайсыз климаттық жағдайларда әлеуметтік, гигиеналық және емдеу-алдын алу шаралары жүргізіледі.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1438 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...