Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жаһандық экологиялық мәселелер



Бұл әдістемелік нұсқаулар ««Экология және тұрақты даму» пәні бойынша барлық мамандықтар мен барлық оқу түрлерінің студенттері үшін тәжірибелік жұмыстарды орындауға арналған.

Тәжірибелік жұмыстарды орындау берілген теориялық материалды меңгеру, бақылау сұрақтарына жауап жазу мен СӨЖ арналған тапсырмаларды орындаудан тұрады.

Бақылау сұрақтарына жауап жазған және СӨЖ жтапсырмасын орындаған кезде ұсынылған әдебиеттерді пайдалану керек.

Сонымен қоса СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін төмендегі терминдермен танысу керек.

1. Глоссарий – түсінігі берілген немесе басқа тілге аударылған глостар (түсініксіз сөздер немесе сөйлемшелер) жинағы.

2. Тезаурус – өзара қандай да бір параметрлер бойынша байланысқан және онда бағдарлануға мүмкіндік беретін түйінді сөздер (дескрипторлар) түріндегі нақты тақырып деректерінің жүйелі жинағы.

3. Синквейн – бес жолдан тұратын өлең, ол белгілі ережелер бойынша жазылады.

Синквейнді құру студенттен оқу материалын, ақпаратты қысқа түрінде түйіндеуді талап етеді.

Алғашқы жол – бір сөз, зат есім (бұл – тақырып);

екінші жол – тақырыпты ашатын екі сын есім;

үшінші жол – тақырыпқа қатысты әрекеттерді сипаттайтын үш етістік;

төртінші жол – тақырыпқа қатысты айтылған бірнеше сөзден тұратын тұтас фраза, сөйлем;

соңғы жол – түйін сөз, ол тақырыптың жаңа түсінігін береді, оған жеке қатынасты білдіруге мүмкіндік береді.

4. Эссе –тақырып бойынша салыстырмалы түрде еркін пікір айту, көлемі 5...7 бет.

Эссе құрылымы:

- кіріспе (тақырыпты құру, тұжырымдау, тақырыпқа қатысты ой білдіру, тақырыптың құрылымын қарау, негізгі бөлімге өту);

- негізгі бөлім (автордың талдауы (аргументтер) (2…3); талдау, дәлелдеу және қолдау кезінде қолданылатын фактілер немесе мысалдар, негізгі түсініктерді анықтау; контраргументтерді немесе қарама-қарсы талдауларды қарастыру (олар неліктен әлсіз екенін көрсету));

- қорытынды (негізгі талдауды қайталау; бір немесе екі сөйлеммен түйінделетін аргументтер; бұл пікірдің пайдасы туралы жалпы қорытынды).

5. Рефераттау – көпшілік алдында баяндаманың мазмұнын қысқаша баяндау, ғылыми еңбектің немесе баяндаманың тақырып бойынша мазмұны.

6. Пікір таластыру – берілген мәселе бойынша түрлі авторлардың көзқарасын сараптау үшін әдебиетпен жұмыс.

7. Рецензиялау – қойылған проблеманы сындарлы талдау және бағалау.

8. Шолу – жалпы тақырыппен не біріктірілгені туралы қысқаша ақпарат.

№1 тәжірибелік сабақ. Экология және техникалық прогресс. Экологияның жаһандық мәселелері

МАҚСАТЫ: Жаһандық экологиялық мәселелер және осы экологиялық
мәселелерді шешудегі ҒТР рөлін оқып меңгеру.

Жаһандық экологиялық мәселелер

Қазіргі заманауи даму кезеңінде адамзат кейбір жаһандық экологиялық мәселелермен кездесіп тұрады:

- климаттың жылынуы;

- озон қабатының жұқаруы;

- шөлдену;

- ормандарды кесу;

- дүние жүзілік мұхиттың ластануы;

- сыртқы ортаның ластануы;

- биологиялық түрліліктің өзгеруі және басқалар.

Жаһандық экологиялық мәселенің біреуіне нақтырақ тоқталайық - жақын ғарышқа антропогенді әсер.

Озон қабаты - жақын ғарыштың немесе мамандар айтатындай, жер маңындағы ғарыш аймағының (ЖҒА) кішкене бөлігі. ЖҒА Жердің сыртқы газ қабығы болып табылады.

ЖҒА тіршілікті Күннің қатты ультракүлгін сәулелерінен қорғайды; ол Күн-Жер арақатынасындағы күрделі жүйенің жұмысында маңызды рөл атқарады.

ЖҒА-ғын зерттеудің ерекшілігі - олар қуатты және қымбат техникалық құралдар - ғарыш зымырандарын пайдалануды талап етеді. Бұл орта басқа орталарға қарағанда осал, себебі, ондағы зат мөлшері аз және үрдістер энергетикасы жер төніріндегі атмосфераға, сондай-ақ гидро және литосфера қабатына қарағанда едәуір әлсіз. Осы екі басты жағдайлар ЖҒА-ға анропогенді әсердің қауіптігін анықтайды.

Бұл табиғат ортасының өзгеру қауіптігінен басқа, ғарыштағы адам әрекетінің басқада жағымсыз салдары бар.

Адамның ЖҒА-ға деген әсерінің келесі түрлері бар:

- зымыран қозғалтқыштарының жұмыстары нәтижесінде химиялық заттардың шығуы;

- зымыран ұшу салдарынан энергетикалық және динамикалық ауытқулар;

- ғарышты қатты фрагменттермен, қоқыспен (істен шыққан серіктермен, түйіскен тораптар элементтерімен, желісті блоктармен және т.б.) ластау;

- радио және басқа өнеркәсіптік жүйелердің электромагнитті сәулеленуі;

- жер төңірігіндегі атмосферадан ластанатын заттардың еніп кетуі;

- ғарыш аппараттарында қолданылатын ядролық энергетикалық қондырғылардан радиоактивті ластану және сәулелену.

ЖҒА қасиеттерінің өзгеруінде ең қауіпті фактор - химиялық заттармен ластану болып саналады. Негізінде бұл жоғары температуралы газ тәрізді өнімдер, сондықтан шығатын газды масса жылдам гидродинамикалық ұлғайып, сыртқы ортаның температурасына дейін салқындайды. Бұл үрдістер салдарынан жоғары атмосферада ракетаның ұшу траекториясы бойымен күрделі химиялық құрамды газды бұл қалыптасады, оның компоненттері жоғары атмосфера және ионосфераның компоненттерімен өзара байланысады. Зымырандардың шығаратын негізі өнімдері - су және көміртек диоксиді. "Протон" зымыраны ұшу нәтижесінде ЖҒА-ға шамамен 100 т су және 90 т жуық көміртек диоксиді түседі. Ал "Шаттл" үшін бұл көрсеткіштер 470 т және 110 т сәйкес құрайды.

90...100 км биіктікте су молекулалары УК-сәулелену салдарынан диссоцияланып, атомды сутегі пайда болады. Шығарылған газ ұлғаяды, бірнеше рет өзгеріске ұшырап, жүздеген-мыңдаған км дейінгі аралыққа таралады.

Ракета қозғалтқыштарының жұмысы кезінде жоғары атмосфераға шығатын су мен көміртек диоксиді молекулалары ионосфераның ионды оттегімен белсенді өзара байланысады және де олардың өзгерулері табиғи жағдайларға қарағанда едәуір жылдам болады. Осының салдарынан ионосфералық плазма қайта әрекет етуінің жылдамдығы үдейеді және бөлшектердің концентрациясы азаяды, яғни ионосфералық ойықтар пайда болады.

Озон қабатына зымырандар ұшуының әсерін зерттеу нәтижесінде ұзақжылдық өзгерістермен салыстырғанда зымыранды ұшыру озонның жаһандық жұқаруына әкелетіні анықталды.

Энергияның антропогенді шығуына келетін болсақ, антропогенді ластану қуаттылығы табиғи ластанудың шамамен 10%-ын құрайды; ол жоғары атмосфера динамикасын бұзбау қажет. Ғарыштық аппараттарда ядролы энергетикалық қондырғыларды пайдалану нәтижесінде пайда болатын ЖҒА радиоактивті ластану осы ортаға қауіп келтірмейді. Осыған қарамастан, жақын ғарыштан Жер төңірігіндегі атмосфераға, әрі қарай Жер бетіне радиоактивті заттар өтіп, тұнады.

Қазіргі уақытта ЖҒА-ны бақылаусыз игеру және пайдалану нәтижесінде ғарыш құралдарының фрагментерінен тұратын қоқыс көп мөлшерде (шамамен 3000 т) жиналған.

Мамандардың ойынша, Жердің сыртқы қорғаныс қабығы түріндегі ЖҒА-ның сақталуы үшін зымырандарды ұшыру санын шектеу және техникалық құрал мен ғарыштық аппараттарды Орбитаға шығару әдістерін принципті түрде өзгерту арқылы мүмкін болады. Бұлай болмаған жағдайда ЖҒА толығымен бұзылуы мүмкін.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4222 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...