Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жадыны қолдану туралы толық мәлімет



Тапсырмалар бақылаушысының «Быстродействие» бүктемесі жадының жалпы қолданылуын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жердегі мәлімет 3 бөлімде көрсетіледі: жадының бөлінуі, физикалық жады және ядролық жады.

Бірінші бөлім виртуалды жадының 3 статикалық көрсеткіштерін құрайды. «Всего» – бұл қосымшалардың немесе ОЖ-нің қолданатын виртуалды жадысының жалпы көлемі. «Предел»– қол жекізілетін виртуалды жады көлемі. «Пик» – соңғы жүктеу мезетінен бастап, сессия кезінде қолданылатын жадының ең үлкен көлемі.

Физикалық жады бөлімі машинаның физикалық жадысының ағымдағы күйі туралы ақпарат тасымалдайтын көрсеткіштерден тұрады. Бұл ақпарат «подкачка» файлына ешқандай қатысы жоқ. «Всего» - компьютерде ОЖ арқылы тіркелген жады көлемі. «Доступно» – процестерге қолданылатын жадыны бейнелейді. Бұл шама «подкачка» файлына арналған қосымшалар жадысын қамтымайды. Әрбір қосымша физикалық жадының белгілі бір көлемін қажет етеді, тек «подкачка» файлының ресурстарын қолдана алмайды. «Системный кэш» – жүйенің кэш-жадысының қол жеткізілетін көлемі. Бұл ОЖ-нің өз талаптарын қанағаттандырғаннан кейінгі қалдырған физикалық жадының көлемі. «Память ядра» – жоғары басымдылығы (приоритеті) бар ОЖ компоненттерінің талаптары туралы мәліметті көрсетеді. Бұл бөлімнің көрсеткіштері ОЖ-нің кілттік қызметтерінің талаптарын қамтып көрсетеді. «Выгружаемая» – «подкачка» файлына қатысты жүйенің қолданған жадысының жалпы көлемі туралы мәліметті шығарып береді. «Невыгружаемая» – ОЖ-нің қолданып кеткен физикалық жадысының көлемі.

Тапсырмалар бақылаушысы арқылы процестердің қолданған жадысының көлемін білуге болады. Ол үшін орындалып жатқан процестер тізімі мен олардың алып тұрған жады көлемі көрсетілген (соның ішінде физикалық жады, жадының шектік, максимал қолданылуы мен виртуалды жады) «Процессы» бүктемесіне кіру керек.

Тапсырмалар бақылаушысындағы мәліметтер толық емес:

1) Тапсырмалар бақылаушысы терезесінде Windows-қа тіркелген процестер көрсетілген. Онда кейбір жүйелік қызметтер және құрылғылардың драйверлері енгізілмеген.

2) Жадыға қойылатын талаптар процестің ағымдағы күйін бейнелейді. Тізімде ағымдық уақытта қосымшалардың орын алып тұрған жады көлемі көрсетілген.

3) Дегенмен уақыттық сипаттамалары шығарылмаған, сол себептен оның өзгеруін бақылауға мүмкіндік жоқ.

4.1 сурет - Жады туралы мәлімет





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 689 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...