Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалпы ақпарат. Есептегіш жүйенің ресурстарының негізгі түріне жататындар:



Есептегіш жүйенің ресурстарының негізгі түріне жататындар:

а) процессордың өзі, тура айтқанда процессорлық уақыт;

б) жады;

в) сыртқы құрылғылар;

г) программалық модульдер;

д) ақпараттық ресурстар.

Ресурстарды таратудың жалпы сұлбасы. Қандай да бір ресурс (ОП, ЕШҚ, мәліметтер массиві және т.б.) қажет болғанда бұл есеп ОЖ супервизорына арнайы сұраныстар (командалар, директивалар) көмегімен хабарласу арқылы орындалады. Сол кезде ресурс түрі, егер қажет болса оның көлемі де көрсетіледі. ОЖ-ге хабарласу арқылы басқаруды оған береді, процессор артықшылығы бар режимге өтеді (егер ондай бар болса).

Көптеген компьютерлер екі және одан да көп режимнен тұрады: артықшалығы бар режим және қолданушы режимі.

ОЖ-ге сұраныс арқылы хабарласқан есепке ресурс бөлінеді, егер:

- ресурс бос болса және жүйеде сол ресурсқа басқа басымдылығы (приоритеті) жоғары есептерден сұраныс болмаса;

- ағымдық сұраныс және алдында берілген сұраныстардың ресурстарды ортақ қолдана алса;

- ресурсті басымдылығы төмен есеп қолданып тұрса, оны уақытша тартып алуға болады (бөлінетін ресурс).

Сұраныс қабылдағаннан кейін ОЖ оны қанағаттандырады да, басқаруды есепке береді, егер ресурс бос болмаса, онда есепті ресурсқа деп арналған тізімге қояды, яғни оны тосу режиміне ауыстырады (блокта).

Ресурспен жұмыс біткеннен кейін есеп тағы да супервизорды арнайы шақыру арқылы ОЖ-ге ресурстан бас тартатыны туралы хабарлайды немесе егер қандай да бір жүйелік функцияны орындағаннан кейін басқару қайтадан супервизорға берілсе, онда ОЖ ресурсты өзі қайтарып алады. Супервизор ресурсты босатып, сол босаған ресурсты алу үшін тізімге тіркелгендердің бар жоғын тексереді. Егер тізім бар болса, онда қызмет көрсету ережесіне және арыздардың басымдылығына (приоритетіне) байланысты ол ресурсты тосып отырған есепті тосу күйінен шығарып, оны орындауға дайындық күйіне ауыстырады. Содан кейін бақаруды соған береді немесе сол мезетте ресурсты босатқан есепке береді.

Ресурсқа сұраныс бергенде есеп ресурсты монопольді (өзі жалғыз) немесе басқа есептермен ортақ қолданатынын көрсете алады. Егер жүйеде біріккен ресурстар бар болса, онда оларды қолдануды басқару бір амалдар негізінде жүргізілуі керек.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 268 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...