Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалпы мәлімет. Командалық жолда терілетін командадан кейін кілт-көрсеткіштер жүреді, олар команда жұмыстарының ішінен біреуін таңдайды



Командалық жолда терілетін командадан кейін кілт-көрсеткіштер жүреді, олар команда жұмыстарының ішінен біреуін таңдайды. Жалпы программалау кезінде түсініктемесінде [] жақша ақпараттың міндетті емес екенін көрсетеді. Кілттерден кейін аргументтер – командамен жұмыс істейтін нысан жүруі мүмкін. Жиі аргумент ретінде файл немесе каталог аты жүреді.

2.2.1 Attrib + диск:\маршрут\файл аты/s - файл атрибуттарын өзгерту бұйрығы. Файл атрибуттары:

R – тек оқуға арналған, файлды өзгертуге, жоюға болмайды;

A – архивтік файл;

H – жасырын (скрытый) файл; dir бұйрығын қолданғанда жасырын файлдар көрінбейді;

S – жүйелік (системный) файл;

Командадан кейінгі «+» белгісін атрибутты орнатқанда, ал атрибутты алып тастағанда «–» белгісін қолданады;

Форматтың соңында тұрған /s кілті жалғыз каталогте емес, ішіндегі барлық каталогте атрибуттың өзгеретінінің белгісі.

2.2.2 find командасы мәтіндік жол үзіндісін іздеуде қолданылады. find командасының форматы:

[/v] [/c] [/n] [/i] “символдар жолы” [[диск:][жол] файлдың аты […]].

Мысалы, C:\Documents and Settings\bista\Рабочий стол> find /c "get" 888.txt.

Нәтижесі: 888.TXT: 11 болады.

/с – іздеу фрагменті орналасқан файлдағы жолдардың жалпы санын анықтау;

/i – іздеу фрагменті орналасқан жолдардан символдар регистрін ескермей іздеу;

/n – реттік саны көрсетілген жолдардан іздеу;

/v – іздеу фрагменті орналаспаған жолдарды экран бетіне шығару.

2.2.3 Контейнерде басқа командамен бірге орналасқан find командасы каталогтердің қорытынды сипаттамаларын алу үшін қолданылады.

dir|find "файлдар" – каталогтегі файлдар саны мен олардың қосынды көлемін көрсетеді;

dir|find "папкалар" каталогтегі папкалардың саны жәнедискінің бос кеңістігінің көлемін көрсетеді;

dir|find ".doc” кеңейтілуі бар файлдарды сипаттайтын жолдардың бүкіл тізімі;

dir|find /c ".doc" кеңейтілуі бар файлдардың жалпы санын санау.

Бұл командалардың ерекшелігі – аталған конвейерлер арқылы алынған ақпараттар Windows мәзірі арқылы алынбайды.

2.2.4 start командасы басқа терезедегі командалар мен программаларды параметр ретінде көрсетуге арналған. Start программаның артықшылықтарын басқаруға мүмкіндік береді, бұл – команданың маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл команда программаларды орындау ретін басқаруға мүмкіндік береді.

2.1 сурет - start командасының жұмысы

2.2.5 set командасы командалық интерпретатордың айнымалыларын шығаруға, құруға және өшіруге арналған. Бұл команда операциялық жүйенің резервтелетін жадысында ОЖ қолдана алатын айнымалы құрады.

set [айнымалы=[жол]]

set «/а» кілті бар командасы теңдіктің оң жақ бөлігінде берілген арифметикалық және алгебралық өрнектерді жазуға мүмкіндік береді. Мысалы:

C:\Documents and Settings\bista\Рабочий стол>set /a d=2.

Нәтижесі: 2

C:\Documents and Settings\bista\Рабочий стол>set /a d= d+3

Нәтижесі: 5.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 480 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...