Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалпы мәлімет. Тізбекті есептеуіш процесс – бұл мәліметтері бар бөлек программа



Тізбекті есептеуіш процесс – бұл мәліметтері бар бөлек программа. Тізбектік процессорда орындалады (ағымдық команда алдыңғы команда біткеннен кейін орындалатын процессор). Мысал ретінде қолданушының қолданбалы программаларын, утилиталар және басқа жүйелік өңдегіш программаларды келтіруге болады. Процесс ретінде мәтінді жөндеу, программаны көрсету, оны сығу, орындау болуы мүмкін. Қандай да бір алғашқы программаны көрсету бір процесс, ал басқа программаны көрсету басқа процесс, өйткені көрсеткіш программа бір, ал оның өңдейтін мәліметтері әртүрлі.

Процесс тұжырымдамасы келесі мақсатты қадағалайды – бірнеше рет қолданылатын, тұрақты, босайтын, сұраныста болатын ресурстарды бөлу және басқару механизмдерін жасау.

Қазіргі заманғы операциялық жүйелерде есептеуіш процестің компоненттері туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін құралдар орналасқан. Тапсырмалар қадағалаушысы (task manager-диспетчер задач) есептеуіш процесті ұйымдастыру туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді, орындалып жатқан қолданбалы бағдарлама мен процестерге дейін көрсете алады, бірақ ағымдарды бақылауға мүмкіндік бермейді.

Тапсырмалар қадағалаушысын қосу және есептеуіш процестің компоненттерін қарау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

1) Тапсырмалар панелінде тінтуірдің оң жақ батырмасын басып, тапсырмалар қадағалаушысы жолын таңдау немесе Пускті басып, орындау жолына taskmgr командасын енгізу керек.

2) Қосымшаларды қарау үшін «Приложения» бүктемесіне өту қажет. Бұл жерде қосымшаны аяқтауға, басқа тапсырмаға ауысуға, жаңа тапсырма құруға болады.

3) Процестерді қарау «Процессы» бүктемесінде. Кесте жеке адрестік кеңістікте қосылған процестер, барлық қосымшалар мен жүйелік сервистерден тұрады. «Бездейтвие системы» – процесін қарасаңыз, бұл жалған процесс, жүйе іссіз тұрғанда процессорда орындалып тұрады.

4) 16-разрядты процесті қарау үшін «Параметры» мәзірінен 16-разрядты тапсырмаларды көрсету командасын таңдау қажет.

5) Көргіміз келетін көрсеткіштерді таңдау үшін «Выбрать столбы» командасының көмегімен (Вид мәзірі) шығаруға міндетті көрсеткіштердің жанына жалауша (флаг) орнату керек.

Тапсырмалар қадағалаушысы компьютердің негізгі ресурстарын қолдану жөнінде жалпыланған ақпарат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін келесілерді орындау қажет:

1) «Быстродействие» бүктемесіне көшу. Жоғарғы екі терезе процессордың интегралды жүктемесін және жүктемелер хронологиясын көрсетеді. Төменгі екі терезеде тура сол көрсеткіштерді көрсетеді, бірақ жадыны қолдану жайлы.

2) Ядро режимінде (қызыл түс) процессордің қолданылуын көрсету үшін «Вид» мәзіріне өтіп, «Вывод времени ядра» жолын шерту керек.

«Быстродействие» бүктемесінің төменгі бөлігінде мультипрограммалық есептеуіш процеске қатысатын процестің және ағындардың саны туралы, операциялық жүйе құратын объектілер дескрипторының (сипаттағыш) жалпы саны туралы, қосымшаны жүзеге асыруға кеткен жады көлемі жайлы ақпарат көрсетілген және қол жеткізетін жады туралы ақпарат көрсетіледі. ОЖ ядросына бөлінген жады жайлы (ядроның жүктелетін және жүктелмейтін жадысы) және жүйелік КЭШ-тің көлемі жайлы мәліметтер келтіріледі.

Есептеуіш процесті тиянақты зерттеу үшін «Оповещения», «Системный монитор» және «Журнал производительности» қызметтері қарастырылған.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 389 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...