Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық жұмыс тапсырмасы



Тапсырманы орындар алдында 3.2 тармақтағы әдістемелік нұсқауларды оқыңыз.

3.1.1 Командалық жолда еcho off командасын теріп, оны орындап, сол жолда болып жатқан өзгерістерді бақылаңыз.

3.1.2 dir командасын теріп, оны орындаңыз. Шақыру жолында тек жанып-өшіп тұрған меңзер қалатынын бақылаңыз, ал команда орындалуы тоқтамайды.

3.1.3 еcho on командасының көмегімен шақыруды өз қалпына келтіріңіз.

3.1.4 Келесі мазмұнда болатын t1.bat мәтіндік файлын құрыңыз:

еcho off

cls

еcho we are students of AIPET!

echo:

еcho Hello!

а) t1.bat шақырып, оны орындаңыз. Экранда пайда болған мәліметтер фрагментін түсіндіріңіз.

б) еcho off командасын еcho on командасына ауыстырыңыз, тағы да t1.bat файлын шақырыңыз. Экранда пайда болған мәліметтерді түсіндіріңіз.

3.1.5 Келесі мазмұнда болатын t2.bat мәтіндік файлын құрыңыз:

еcho off

rem it is first comment

cls

rem it is second comment

еchogood morning!

rem it is third comment

echo:

еcho Hello!

rem it is last comment

а) файлды орындау керек;

б) еcho off командасын еcho on командасына ауыстырыңыз да файлды тағы орындаңыз;

в) нәтижелерін салыстырып, шығарылған ақпараттың айырмашылығын түсіндіріңіз.

3.1.6 Қандай да бір мәтіндік файлдың ішіндегісін экранға шығаратын f1.bat пакеттік файл құрыңыз. f1.bat пакеттік файлды шақыратын f2.bat командалық файлын құрыңыз. Еcho қолданып файлдарды әртүрлі режимдерде шығарыңыз. @ қолданып пакеттік файл командалары шығарылмайтындай етіңіз.

3.1.7 Бірнеше хабарлама шығарғаннан кейін пауза жасап, содан кейін келесі хабарлама шығаратын пакеттік файл құрыңыз.

3.1.8 Қажет кезде орындалуын үзуге болатын пакеттік файл құрыңыз.

3.1.9 Екі санды бөлгеннен шыққан қалдықты және бүтін бөлігін табатын орта айнымалысын құрыңыз.

3.1.10 Мәні “ aipet ” болатын орта айнымалысын құрыңыз.

3.1.11 Екі жолдық айнымалы сейкес келген жағдайда бүтін айнымалыға 2 мәнін беретін, ал кері жағдайда ‘no equal” жолын шығаратын пакеттік файл құрыңыз.

3.1.12 Ағымдық каталогте берілген файл бар екенін тексеретін пакеттік файл құрыңыз (формал параметрлерді қолданыңыз).

3.1.13 Каталог құрыңыз. Оның ішінде әртүрлі мазмұнда болатын бірнеше мәтіндік файл құрыңыз. Командалық жол режимінде осы файлдардың мәнін экранға шығару командасын орындаңыз. Файлдарды экранға шығаратын пакеттік файл құрыңыз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 275 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...