Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіріспе. Операциялық жүйе қолданушы және программалаушыға компьютердің аппараттық құралдарына қол жеткізу



Операциялық жүйе қолданушы және программалаушыға компьютердің аппараттық құралдарына қол жеткізу үшін ыңғайлы интерфейс береді. Қолданбалы программалар және көптеген жүйелік өңдегіш программалар компьютердің аппараттық құралдарына тікелей қол жеткізе алмайды, олармен тек операциялық жүйе арқылы ғана қатынасады. Операциялық жүйе - есептеуіш ресурстарды тиімді бөлуге жауапты және есептеулерді сенімді орындауға арналған механизм. Бұл – оның ең маңызды қызметі.

Операциялық жүйелерді қарастырғанда «процесс» түсінігі ең негізгілердің бірі болып табылады. Заманауи операциялық жүйелердің есептеу процесінің құрамы жайлы ақпараттарды беретін қондырылған құралдары бар. Тура айтқанда, операциялық жүйелерде процестерді және ағындарды жоспарлау орындалу керек. Жоспарлау – бұл операциялық жүйенің орындалып жатқан ағынды қай кезде үзіп, қай ағынға орындалу мүмкіндігін беруді анықтау жұмысы. Жоспарлау кезінде ағындар басымдылығы (приоритеті), кезекте күту уақыты, орындалып жатқан уақыты, шығыс-кіріспен қатынасу қарқындылығы және басқа да факторлар ескерілуі мүмкін.

Операциялық жүйелерді қарастырғанда «ресурс» түсінігі «процесс» түсінігімен қатар жүреді. Операциялық жүйеге сәйкес сұраныспен жүгінген есептеу процесіне қандай да бір қажетті шарттар орындалса ғана ресурс берілуі мүмкін.

Мультипрограммалық режим бірнеше есептеу процесінің бір компьютерде параллель орындалуын қарастырады. Мультипрограммалау кезінде жүйенің қабілеті, жылдамдығы артады. Бірақ солардың бөлек бір процессі бірпрограммалық режимде орындалған уақытқа қарағанда тезірек орындалмайды.

Ұсынылған әдістемелік нұсқауларда тапсырмаларды орындауда командалық жол интерфейсімен жұмыс істеу, С++ программалау тілдерін, Delphi, MathLab программалау ортасын қолдану қарастырылған. Delphi ортасы ағындарды құруға мүмкіндік береді және де онда ағындарды (процестерді) синхрондау құралдары бар: критикалық секция, семафор, synchronize. MathLab ортасында да ағындарды құруға және параллель есептеулерді орындауға болады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 420 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...