Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы №38 Қарапайым жүрек-өкпелік реанимация. Мәйітпен жұмыс істеу ережесі



7.2. Мақсаты: Студенттерге қарапайым жүрек-өкпелік реанимацияны, мәйітпен жұмыс істеу ережесін үйрету.

7.3. Оқыту нәтижесі:

Тақырыпты оқыту нәтижесінде студент білуі керек:

1. Клиникалық және биологиялық өлім, белгілері.

2. Емдеу мекемелерінде және үй жағдайында қайтыс болу.

3. Мәйітпен жұмыс істеу ережелері.

Жанталасу басындағы, жанталасу және клиннкалық өлім ақтық жағдайына жатады - бұл өмір мен өлім арасындагы шекаралық жағдай. Осы жағдайларда алғашқы реанимаңиялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалғыз ғана әдісі болып табылады.

Предагония (жанталасу басындағы жағдай) (симптомдар жиынтығы):

- мәнгіру;

- есі шатасқан;

- артериальдық қысым 60 мм с.б. деңгейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;

- шеткері артериальды тамыр согудын толысуы (жіп тэрізді) азаяды және жиеленеді;

- тыныс алуы жие, үстірт;

- ентігу (тахипноэ - тыныс алуы жиі);

- терісі жэне шырышты қабықтары бозарады, көгереді.

Өлім үстіндеғі жағдайдағы үзіліс - бүл жанталасу басындагы жагдайдан жанталасу жагдайына көшетін жагдай. Соңгы өлім жағдайына қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады. Соңгы өлім жағдайындагы үзілістің үзақтығы 5-10 секундттан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.

Агоналді (жанталасу) жағдайы - тура өлім алдында болатын организмнің бейімделу реакңиясынын жэне реактивті соңгы көрністерінін жиынтығы.

Жанталасу жағдайы (симптомдар жиынтығы):

- тыныс алудың бүзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды, ауаны жүтқандай болады (гаспинг);

- ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген, көз қарашыгы кеңейген;

- жүректің жиырылуы жиеленеді;

- артериальды қысым 20-40 мм с.б. деңгейіне дейін төмендейді;

- шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады жэне ірі артериялары кенеттен элсірейді;

- жалпы тонустық қүрысу;

- дене қызуы төмендейді;

- еріксіз кіші және улкен дәретке отыру.

Клиникалық өлім - бұл қайтарылатын жағдай организмнін бірнеше минут бойы (5-6 мин) откізетін қалі, қан айналымының жэне тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышарысы қыртысының өткізетін уақытымен анықталады.

Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады. Тұп-тұра жүрек жэне өкпенің жүмысы тоқтаған соң, зат алмасу проңессі қатты томендейді, бірақта анайробты гликолиз механизмі нэтижесінде толық тоқталмайды.

Клиникалық өлімнің ұзақтығы - қан айналымы жоқ жагдайда толық оттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бүл жасушалар өледіде, кенеттен есінен айырылады.

Клиникалық өлімінің белгілері:

- есі болмайды;

- тыныс алуы тоқтайды;

- терісі бозарады, сүрланады және көгереді;

- ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды;

- көздің қарашығы ең үлкен кеңейді, жарыққа реакциясы болмайды;

- рефлекстері толық болмайды.

Биологиялық өлімнің белгілері:

• Көздің мөлдір қабығының майланып кебуі, көз алмасының жұмсаруы;

• Мысық көзі симптомының болуы;

• Дене қызуының қоршаған ортаның температурасына дейінтөмендеуі;

• Мәйіттік дақтардың пайда болуы (көкшіл-күлгін дақтар).

• Мәйіттің сіресіп қалуы(2-3 cағат өткен соң дамитын биологиялық өлімнің күмәнсіз белгісі).

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Клиникалық және биологиялық өлім, белгілері.

2. Емдеу мекемелерінде және үй жағдайында қайтыс болу.

3. Мәйітпен жұмыс істеу ережелері.

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 6062 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...