Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

КлиникалыҚ Өлім жаҒдайдаҒы мейірбикеніҢ іс-Әрекет алгоритмі



Орталық жүйке жүйесінің қызметінің тежелуінін сатылары бойынша, қан айналымының динамикасы мен тыныс алу бүзылуының тереңдігі бойынша өлім үстіндегі жагдай бөлінеді.

Терминалды (өлім үстіндегі) жағдай организмнің тіршілік етушілік бүзылыстарының қиындау деңгейін, артериальдық қысымның кенеттен төмендеуін, газ алмасуынын және жасушылар мен тіндердегі заттек алмасуының терең бүзылыстарын сипаттайды.

Жанталасу басындағы, жангаласу және клиникалық өлім ақтық жағдайына жатады - бұл өмір мен өлім арасындагы шекаралық жагдай. Осы жагдайларда алгашқы реанимаңиялық көмек көрсету адам өмірін сақтауының жалгыз ғана әдісі болып табылады.

Предагония (жанталасу басындағы жағдай) (симптомдар жиынтығы):

- мәнгіру;

- есі шатасқан;

- артериальдық қысым 60 мм с.б. деңгейіне дейін және төмен кенеттен төмендейді;

- шеткері артериальды тамыр согудын толысуы (жіп тэрізді) азаяды және жиеленеді;

- тыныс алуы жие, үстірт;

- ентігу (тахипноэ - тыныс алуы жиі);

- терісі жэне шырышты қабықтары бозарады, көгереді.

Өлім үстіндегі жағдайдағы үзіліс - бүл жанталасу басындагы жагдайдан жанталасу жагдайына көшетін жагдай. Соңгы өлім жағдайына қатты жиі дем алыстан кейін (тахипноэ) кенеттен дем алысы тоқталуымен сипатталады. Соңгы өлім жағдайындагы үзілістің үзақтығы 5-10 секундттан 3-4 минутқа дейін тербеленеді.

Агоналді (жанталасу) жағдайы - тура өлім алдында болатын организмнің бейімделу реакңиясынын жэне реактивті соңгы көрністерінін жиынтығы.

Жанталасу жағдайы (симптомдар жиынтығы):

- тыныс алудың бүзылуы (Биот, Чейн-Стокс, Куссмауль тыныс алуы, гаспинг). Әрбір демді ішке алған сайын жаңа шыққалы жатқан зардап шегушінің басы артқа қарай шалқақтайды, ауаны жүтқандай болады (гаспинг);

- ес түсі жоқ, барлық рефлекстері тежелген, көз қарашыгы кеңейген;

- жүректің жиырылуы жиеленеді;

- артериальды қысым 20-40 мм с.б. деңгейіне дейін төмендейді;

- шеткері артерияларда тамыр соғысы жоғалады жэне ірі артериялары кенеттен элсірейді;

- жалпы тонустық қүрысу;

- дене қызуы төмендейді;

- еріксіз кіші және улкен дәретке отыру.

Клиникалық өлім - бұл қайтарылатын жағдай организмнін бірнеше минут бойы (5-6 мин) откізетін қалі, қан айналымының жэне тыныс алуының толық тоқтау жағдайында, бас миының үлкен жартышарысы қыртысының өткізетін уақытымен анықталады.

Зат алмасу процесінің сөнуі анықталған тізбектілікпен болады. Тұп-тұра жүрек жэне өкпенің жүмысы тоқтаған соң, зат алмасу проңессі қатты томендейді, бірақта анайробты гликолиз механизмі нэтижесінде толық тоқталмайды.

Клииикалық өлімнің ұзақтығы - қан айналымы жоқ жагдайда толық оттегі жетіспеушілігінде бас миы жасушаларының қабілеттілігімен анықталады. Жүрек тоқтаған соң 5-6 минут аралығында бүл жасушылар өледіде, кенеттен есінен айырылады.

Клииикалық өлімінің белгілері:

- есі болмайды;

- тыныс алуы тоқтайды;

- терісі бозарады, сүрланады және көгереді;

- ірі артерияларда ұйқы және сан артерияларында тамыр соғуы болмайды;

- көздің қарашығы ең үлкен кеңейді, жарыққа реакциясы болмайды;

- рефлекстері толық болмайды.

Реанимация - бүл организмді тірілту, тіршілік маңызды қызметін қалпына келтіруге алдымен тыныс алу жэне қан айналуын, үлпаларды жеткілікті мөлшерде өттегімен қамтамасыз етуге бағытталған.

1. Тірілту бойынша шаралар кешіктірілмей басталуы қажет.

2. Оқиға болған жерге қарамай бастапқы іс-әрекет аман алып қалу бойынша бірдей жүргізіледі, бұл жерде маңызды 2 міндетті әдісті орындау:

- зардап шегушіні көлденен қатты жерге жатқызыңыз. Осы әдісті жүмсак бетке орындау күткен әсерді бермейді, неге десең жүмсақ бетке қүтқарушының қимылдауымен серіптіреді және жүректі кысу қажеттілігін жетуіне жолы болмайды;

- кеуде торының алдынғы бетін жалаңаштаңыз, белдігін босатыңыз.

3. Әрі қарай Питер Сафардың басшылығына сәйкес тірілту келесі кезеңдерден тұрады:

А ережесі. Жоғарғы тыныс жолдарының ерікті өткізгіштігін қамтамасыз ету.

В ережесі. «Ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мүрынға» әдістері өкпенің жасанды вентиляциясы арқылы тыныс алуды жасанды қолдау.

С ережесі. Жүрекке массаж жасау арқылы қан айналымын жасанды қолдау.

А ережесі. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ерікті науқаска

қамтамасыз ету

Бұл алғашқы реанимациялык шаралар, көбінесі барлык жүрек-өкпе реанимациясын жетістік қамтамасыз етеді.

Тілдің артқа қарай түсіп кетуі, бөгде заттармен бітелуі тыныс алу өткізгіштігінің бұзылу себептері болады. Ең жиі себеп - науқастың ес-түссіз жагдайына жұтқыншақтын артқы кабырғасына қарай тіл түсіп кетеді. Осы жагдайда төменгі жақ сүйек пен мойын бұлшық еттерінің жиырылу қабілеті жоғалып, жүтқыншақтын артқы қабырғасынын тілдін түбірін көтереді. Тіл өзінің ауырлығымен жүтқыншақтын артқы қабырғасына түседі жэне дем алған уақытында қақпаша сияқты, дем алғанда ауаны өткізбеуі мүмкін.

Зардап шегушінің ауыз қуысын қарау

Ауыз қуысында бөгде заттар (қан, шырым, қүсық қоспасы, тамақ қалдықтары жэне т.б.) болса, онда ауыз қуысын жэне жүтқыншақты тазарту (босату) қажет:

- зардап шегушінің басын оң жақ қырына бүрыңыз, сол қолдың үлкен саусақпен төменгі алдынғы тістерді, ал 2 (сұқ) саусақпен -жоғарғы тістерді басыңыз;

- ауызын ашыңыз;

- алмалы-салмалы тістерін алыңыз;

- оң қолдын 2 (сүқ) жэне 3 (ортанғы) саусақтарын алдын ала орамалмен, сүткілермен немесе басқа матамен орап алып (бүл жоғарғы тыныс жолдарнын толық ашылуына себепкер болады) немесе электросорғыш көмегімен ауыз қуысын мүқияты түрде тазартыңыз;

- зардап шегушінің өкпесіне 3-5 дем беруді жасап, кеуде торы экскурсиясы бойынша тыныс жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

САФАРДЫҢ ҮШ ҚҮРАМДЫ ӘДІСІ Іс-әрекет алгоритмі:

1. Басты шалқайту: тыныс жолдарын түзету үшін - реаниматор бір қолын зардап шегушінің маңдайына қойып, басын толық артына қарай шалқайғанша алақанымен басады, ал екінші қолымен мойынын артынан көтереді.

2. Төменгі жақ сүйегін алга қарай жылжыту: тілдің артқа қарай түспеуін алдын алу үшін - саусақтардың үштарын иек астына, орналастырып, көтеріңіз, жоғарғы жэне төменгі тістер сэйкестендірілулері керек. 1-ші саусақты алдынғы тістердін негізінен төмен үстаңыз, 2-ші саусақ иек асты аймагынан, 3-5 саусаусақтармен төменгі жоқ сүйегін бекітіңіз. Төменгі жақты томен ығыстырып алдына қарай жылжытыңыз. Екінші қолдын алақаны зардап шегушінің мандайында түрады.

3. Ауызды ашыңыз: зардап шегушінің тыныс жолдарына ауаны үрлеу үшін.

Барлық бұл әдістер ауыз қуысынын түбіндегі бұлшык еттің тартылуын қамтамасыз етеді, сонын есебінен тіл бекітіліп, артқа қарай кетпейді.

В ережесі. Өкпеніц жасанды вентиляциясы

Өкпеге жасанды вентиляцияны жүргізгенде келесі ережелерді сақтайды:

1. Зардап шегушінің өкпесі мен реаниматордың өкпесі жүйелеріне саңлаусыздықты қамтамасыз ету қажет.

2. Вентиляциялауға сәйкесті тұрақгы бақылау кеуде торының дем алуда көтерілуін және дем шыгаруды түсін бақылау, дем шығарғаны өкпеден ауанын қозғалуын қабілеттігі естушілікпен қабылдау.

3. Есіңізде болсын, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз еткенде вентиляция болады.

ӨКПЕНІҢ ЖАСАНДЫ ВЕНТИЛЯЦИЯСЫН «АУЫЗДАН АУЫЗҒА»





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 9132 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...