Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дене Қызуын ҚолтыҚ ойысынан Өлшеу



Мақсаты: диагностикалық: ересек наукастың дене қызуын анықтау.

Қолдану кәрсетілімдері: организмнің функционалды жагдайын бақылау, аурухана ішілік жұкпалы аурудың алдын алу.

Қарсы керсетілімдері: қолтық асты аймагының қабыну проңесі, пысынаушылық, қолтық асты аймагының қызаруы.

Дене қызуын өлшейтін жерлері: қолтық асты ойысы, ауыз қуысы, шат аралық қыртыстар (балаларға), тік ішек.

Дайындаңыз: медиңиналық термометрді, лотокты, салфеткаларды, сагатты, қара түсті қаламсапты, қызуды тіркейтін журналды, қызу парагын, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, таза термометрлерді сақтауга арналган ыдысты.

Іс-әрекет алгорнтмі:

1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

3. Науқасты отыргызыңыз немесе жатқызыңыз.

4. Термометрді қолга алыңыз. Оның бүтіндігін тексеріңіз. Сынап баганасы 35°С-тан томен резервуарга (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкіңіз жэне қараңыз.

5. Қолтық асты ойысын қараңыз: егерде қызару, жергілікті қабыну проңессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің корсеткіші дене қызуынан жогары болады).

6. Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен қүргақтатып сүртіңіз (ылгалды тері термометрдің корсеткішін озгертіп жібереді).

7. Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салыңыз, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иыгын кеудесіне қысуын сүраңыз).

8. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз.

9. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап баганасы жогарлауы бойынша анықтаңыз. Науқасқа алынган нәтижені хабарлаңыз,

10.Термометрдің корсетілімін дене қызуын тіркейтін журналга сандық, ал қызу парагына графикалық қисық сызба түрінде жазыңыз (қара түспен).

11.Пайдаланган термометрді сілкіп, сынаптың резервуарга түскеніне көзіңізді жеткізіңіз.

12.Пайдаланган термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13.Агынды судың астында зарарсыздандыратын заттын иісі кеткенше жуыңыз, салфеткамен қүргатып сүртіңіз, салфетка салынган лотокқа немесе шыны ыдысқа салып, қүргақ түрінде сақтаңыз.

14-Қолыңызды жуып, кептіріңіз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4504 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...