Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Емделушілермен, мамандармен және жанұямен серіктестік серіктестік



Паллиативті көмек емделуші, дәрігер-мамандар мен оның жанұясы арасында серіктестік қарым-қатынасын орналастырады. Қалыпты жағдайда сарапшылар тобы соның ішінде паллиативті көмек көрсететін мамандар тобы: дәрігерлер, медбикелер, және әлеуметтік қызметкерлер, сіздің өзіңіздің жеке дәрігеріңізбен біртұтас серіктес ретінде қызмет атқарады. Паллиативті көмекті көрсететін мамандар тобының мүшесі боп массажистер, диетологтар және басқа адамдар бола алады.

Паллиатитвті көмекті көрсетсетін мамандар емделушіге және оның отбасына медеу болып, емделудің негізгі мақсатын ашып, жақсы қолдау көрсетеді.

Дәрігермен бірге жұмыс істей отырып, паллиативті көмек қосымша қолдауме қамтамасыз етеді:

- Тығыз араласу үшін уақыт

-Жасанды түрде ауру мен басқа белгілерді басқару

- Денсаулық сақтауда бағытталушы жүйесіне көмек

- емделуді таңдағанда қиын және ауыр таңдауға жетекшілік

- Емделуші мен жанұя үшін эмоционалды және рухани қолдау көрсетуПаллиативтік көмек және мейірбике күтімін
көрсету ережесі
1. Паллиативтік көмек аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегі стационар нысанында дәрігердің басшылығымен көрсетіледі.
2. Мейірбике күтімі дәрігер бақылауы талап етілмейтін жағдайларда мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (мейірбике күтімі ауруханаларында) немесе үйдегі стационар нысанында жүзеге асырылады.
3. Науқастар мына көрсетімдер болған жағдайда паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсету ұйымдарына жатқызылады:
1) науқаста денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлері берген медициналық қорытындымен расталған онкологиялық, бүйрек, бауыр, жүрек-қан тамыры, неврологиялық немесе аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы басқа да патологияның болуы, ЖИТС-тың ақырғы сатысындағылар және ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын, өмір сүру болжамы шектелген адамдар;
2) науқасты кейін амбулаториялық жағдайда емдеуге ауыстыру үшін қолдаушы, ауырсындырмайтын немесе басқа да симптоматикалық терапияны таңдаудың қажеттілігі;
3) әлеуметтік-психологиялық айғақтардың болуы: депрессиялық жағдай, отбасындағы реактивті немесе жанжалды жағдай, науқасты күту үшін тұрмыстық жағдайының болмауы.
4. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі стационарлық және стационарды алмастыратын көмек нысанында көрсетілуі мүмкін.
5. Стационарлық көмек тәуліктік медициналық бақылау арқылы жазылмайтын науқастарды білікті емдеуді қамтамасыз етеді.
6. Стационарды алмастыратын көмек нысанында көрсетілетін паллиативтік көмек және мейірбике күтімі тәулік бойы ұзақтығы төрттен сегіз сағатқа дейінгі медициналық бақылауы болатын дәрігерге дейінгі, білікті медициналық көмек түрінде үйдегі стационарлардажүзеге асырылады.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. «Паллиативті көмек» түсінігі. Паллиативті көмектің қажеттілігі.

2. Өмір сонында медициналық қызмет көрсетуге кедергі болатын факторлар.

3. Паллиативті күтімнің этикалық аспектілері. Хоспис және паллиативті емдеудің тәжірбиелі қазметі.

4. Паллиативті емдеу сапасын жоғары көтерудегі медбике рөлі. Паллиативті пациенттерді бақылау және күтім көрсету.

5. Күтім түсінігі (жалпы, арнайы, компенсациялық, алмастыратын). Ойылуды алдын алу және емдеу.

6. Жеке бастын гигиенасын сақтауды қамтамасыз ету. Төсек ыңғайлығына қойылатын талаптар, төсек орын ауыстыру тәсілдері.

7. Дене биомеханикасы және эргономика түсінігі. Пациентті ауыстырудағы негізгі ережелер, эргономиңканың техникалық құралдары.

8. Пациенттің физикалық және психикалық ынғайлығын қамтамасыз ету. Пациенттің жағдайын бақылауды, АҚ өлшеуді, пульсті қадағалауды, ТАЖ санауды, температураны өлшеуді қамтамасыз ету.

9. Ағзаның түрлі функцияларының бұзылуы кезінде пациентке күтім жасаудын ерекшеліктері. Клизма қою, асқазан жуу, қуыққа катетеризация жүргізу техникасы.

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 4866 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...