Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

С ережесі. Ересек адамдардың жүрегіне сырттай массаж жасау



Жүрекке массаж жасау жұмыс жасамайтын жүрек жағдайында кан айналымын қалпына келтіруге бағытталған. Төс пен омыртка арасындағы жүректі дүрыс қысу нәтижесінде, оның қуысындағы қан, қан жүретін тамырларға итеріп шығарылады. Төске қысуды тоқтатқаннан кейін, кеуде торы иілмелі күшімен қайта жазылып және қан қайтадан жүректі толтырады.

Мақсаты: жүрек қызметін, қан айналымын қалпына келтіру.

Қолдану көрсетілімдері: клиникалық өлім.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зардап шегушіні шалқасынан қатты жерге жатқызыңыз.

2. Онан қысып түрған киімін (көйлегін) шешіңіз, жүрек аймағын жалаңаштаңыз, белдікті босатыңыз.

3. Реаниматор зардап шегушіден қырына түрады.

4. Зардап шегушінің кеуде торы жанынан тізелеп түрып, төс сүйегінін төменгі үштен бір бөлігіне тіке үстаған колыңызды перпендикулярлі қойыңыз.

5. Өзіңіздің иығынызды оның төс сүйегіне паралельді орналастырыңыз.

6. Төстін томенгі үштен бір бөлігіне бір алақанға екінші алақанды, саусақтарды сәл жоғары көтере отырып қойыңыз. Зардап шегушінің кеуде торына сауқсақтарыңыз жанаспау керек - қолдарыңыз «үшып бара жатқан қүстын қанатындай» қалыпта болады.

7. Шынтақ буынынан қолыңызды толық түзетіңіз.

8. Төс сүйегінін төменгі үшінші бөлігін дене салмағы күшін пайдалана отырып, оны 4-5 см омыртқаға қарай ығыстырып 0,5 секунд үзіліспен жігерлі, итеріп, қатты басыңыз.

9. Үзілісте қолды төстен алмайды, саусақтары көтерінкі қалады, шынгақ буынынан қолдары толык түзетіледі.

Есте сақтаңыз! Кеуде торын қысу, оның толық тоқтауымен алмасуы қажет, жүрек қанмен толуы қажет. Ересек адамдарда қысу жиелігі минутына 60-80 соққы қүрастырады.

Кеуде торын қысқаннан соң ауа жіберілуі қажет.

Егерде реанимаңияны 1 адам жүргізсе, онда өкпеге 2 рет үрлеу және төске 15 компрессия (басу) жасайды. Екі адам жүргізсе, онда өкпеге 1 рет үрлеу және төске 5 компрессия жасайды.

Жүрекке тікелей емес массаж жасаудың нәтижелері оң: егер тірілті әдістері дұрыс жасалынып жатса, зардап шегушіде:

- Ұйқы және перифериялық артерияларда пульстің пайда болуы;

- Көз қарашығы біртіндеп тарылуы, жарыққа реакциясының пайда болуы;

- Тыныс алудың қалпына келуі;

- Тері түсінің жақсаруы.

Әрбір 2 минут сайын ұйқы артериясынан пульсін және көз қарашығы реакциясын бақылап тұру қажет.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Терминалдық жағдайлар түсінігі және терминалдық жағдайларға алып келетін себептер.

2. Терминалдық жағдайлардын сатылары, клиникалық көріністері.

3. Терминалдық жағдайлар кезінде шараларды ұйымдастыру (күтім, жағдайынын динамикасын бақылау).

4. Өлім халіндегі адамның және онын жанұясының қажеттілігі (психологиялық көмек көрсету).

5. Түрлі ургентті жағдайларда шұғыл көмек көрсету және ұйымдастыру.

6. Реанимация туралы түсінік, реанимация көрсеткіштері, қарапайым реанимациялық шараларды өткізу әдістері (бір және екі құтқарушылар).

7. Реанимациялық шаралардын әсерін қадағалау.

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 5936 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...