Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы №33 Паллиативті көмекті ұйымдастыру. Стационар жағдайындағы паллиативті пациенттерді күту ерекшеліктері



7.2. Мақсаты: Студенттерге паллиативті көмекті ұйымдастыруды,стационар жағдайындағы паллиативті пациенттерді күту ерекшеліктерінтүсіндіру.

7.3. Оқыту нәтижесі:

Тақырыпты оқыту нәтижесінде студент білуі керек:

1. «Паллиативті көмек» түсінігі. Паллиативті көмектің қажеттілігі.

2. Өмір сонында медициналық қызмет көрсетуге кедергі болатын факторлар.

3. Паллиативті күтімнің этикалық аспектілері. Хоспис және паллиативті емдеудің тәжірбиелі қазметі.

4. Паллиативті емдеу сапасын жоғары көтерудегі медбике рөлі. Паллиативті пациенттерді бақылау және күтім көрсету.

5. Күтім түсінігі (жалпы, арнайы, компенсациялық, алмастыратын). Ойылуды алдын алу және емдеу.

6. Жеке бастын гигиенасын сақтауды қамтамасыз ету. Төсек ыңғайлығына қойылатын талаптар, төсек орын ауыстыру тәсілдері.

7. Дене биомеханикасы және эргономика түсінігі. Пациентті ауыстырудағы негізгі ережелер, эргономиңканың техникалық құралдары.

8. Пациенттің физикалық және психикалық ынғайлығын қамтамасыз ету. Пациенттің жағдайын бақылауды, АҚ өлшеуді, пульсті қадағалауды, ТАЖ санауды, температураны өлшеуді қамтамасыз ету.

9. Ағзаның түрлі функцияларының бұзылуы кезінде пациентке күтім жасаудын ерекшеліктері. Клизма қою, асқазан жуу, қуыққа катетеризация жүргізу техникасы.

Балалар - дені сау және белсенді болу керек, алайда олардың денсаулығына қауіп төніп тұрғанда, олардың қасындағы жақын адамдар, әсіресе ата-анасы өмірден түңіліп қалады.

Осындай жағдайда педиатриялық паллиативті қызмет көмектесе алады

Ересек адамдарға сияқты, паллиативті көмек аурудың белгісін жеңілдетіп, жақсы жағдай қалыптастыруға өз алдына мақсат қып қояды. Ол ем жүріп жатқан кезде физикалық, сезім мен рухани азаптан айығуға көмектеседі. Бірақ соның өзінде балаларға арналған паллиативті қызмет ересек адамдарға қарағанда, негізгі бағытпен ерекшеленеді.

Сырқаттың ағымы
Балалық шақта қауіпті ауру сирек кездеседі, бірақ аурудың ағымын алдын-ала білу мүмкін емес. Бала өлім аузында болғанның өзінде бір мезетте сырқаттан айығып кетуі мүмкін. Және де аз ғұмыры қалған баланың өзі емхана мен аурудың құшағында өзін-өзі кейде жақсы сезінуі мүмкін. Тәрбиешілер мен оның ата-анасы баласының сырқаттан сауығып кетуі үшін қолынан келетін де, келмейтінде тіршіліктің бәрін жасайды.

Сырқатты түсіну
Физикалық және рухани азапты, ауру мен өлімнің мәнін балалар әрқайсысы өзінше түсінеді. Ал кішкентай бүлдіршіндер емделу үшін қажет шаралардан және диагностткадан өткенде, оның себебін мүлде түсінбейді.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 7931 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...