Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырыбы №31 Гериатриялық пациенттердің өзін-өзі сезіну динамикасын бақылау



7.2. Мақсаты: Студенттерге гериатриялық пациенттердің өзін-өзі сезіну динамикасын бақылаудытүсіндіру.

7.3. Оқыту нәтижесі:

Тақырыпты оқыту нәтижесінде студент білуі керек:

1. «Гериатрия», «геронтология», қартаю мен қарттық ұғымдарының түсінігі.

2. Күнтізбелік және биологиялық жас.

3. Кәрі және қарт жастағы адамдардын анатомия – физиологиялық ерекшеліктері. Қартаю түрлері.

4. Тыныс алу, қан айналу, ас қорыту, зәршығару мүшелерінің, эндокриндік, тірек – қимыл және қанөндірім жүйелерінің жасқа қарай өзгеруі.

5. Қарт адамның мәселелері. Қарт және әлсіз адамдарға көмек көрсетудің жалпы принциптері.

6. Психологиялық бұзылыстар (деменции, Альцгеймера ауруы, қаңғыру, сандырық, елестеулер).

7. Денсаулық жағдайы өзгеруі кезінде бейімделуге көмек көрсету. Құлаудын алдын алу.

Геронтология (грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және іatreіа – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30–40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеум.-гигиеналық себептері мен клиник. белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиол. және биохим. көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрілердің қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфол. және гистохим. өзгерістер зерттелді. Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларындағы (зерде, ес, зейін, т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоционалдық «ішкі әлемге кету», өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. Қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. Мыс., қанағаттану, парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік, т.б. қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі – осы қартаю кезінде орын алатын құбылыс. Қарт адамның шығарм. белсенділігі жоғары болатындығы жиі байқалады. Қартаюдың психик. ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударылса да, Геронтология ғылыми пән ретінде егде жастағы адамдардың көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгеруіне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланысты пайда болды. Геронтологияның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке дайындау, егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір сүруі амалдарын зерттеу, т.б. жатады

Альцгеймер — адамның зияткерлік (интел­лектуалдық) қасиеттерін төмендететін мидың дегенеративтік ауруы. Аурудың пайда болуына басты себепкер — APOE4 гені. Ол жақсы және жаман түрде дамиды. Жаман түрде дамығаны Альцгеймер ауруына душар етеді (мидағы нейрондарды өлтіреді). Алжақсы APOE4 гені нейрондарды түзуге қатысады.

Бүгінде біз мекен еткен Жершарындағы халықтың 15 пайызы Альцгеймер ауруына шалдыққан. Олардың көбі 75 жастан асқан қарт адамдар болып табылады. Сондықтан мұны қазақ қоғамында қарттыққабалап, онша мәнде бермейді.

Қазіргі уақытта медицинасы алдыңғы қатарда тұрған Израильдің

дәрігер-ғалымдарыАльцгеймерауруынбалықмайыменемдеугеболатындығынайтыпотыр. Оларөздерініңосығылыми-медици­налықашылуларынүстіміздегіжылдыңсәуірайыныңсоңындаБарселонада (Испания) өтетеінХалықаралықмедицинадықкөрмедежұртшылықназарынаұсынбақ

Альцгеймер ауруы - деменцияның ең кең таралған түрі, 1906 жылы неміс психиатры Алоис Альцгеймер тарапынан сипатталған нейрогенеративті сырқат. Әдетте 65 жастан асқан адамдарда кездеседі.

Жасы ұлғая келе кейбір адамдар ұмытшақ бола бастайды. Қартая келе тіпті бала сияқты болып кететіндер де кездеседі. Қариялардағы бұл құбылысты біз «алжыды» деп жатамыз. Ал медицинада ол Альцгеймер ауруы деп аталады.

Адамдардың неге алжитыны туралы ең алғашқы анықтаманы 1906 жылы дәрігер Альцгеймер жариялаған екен. Дәрігердің құрметіне оның ғылыми жаңалығы өз атымен аталыпты. Ал алжудың басты себебі деп мидың шаршауы мен есте сақтау қабілетінің төмендеуі көрсетіледі. Туылғаннан бастап әр күн, сағат, тіпті секунд сайын адам миына түрлі ақпарат жинала бастайды.

Бұл ақпараттар басымызда сақталып қала береді. Осылайша бастағы «сандықша» біртіндеп тола бастайды да, елу жыл шамасында адам есінде артық ақпарат сақтау қиынға түседі. Осы кезде адамда ұмытшақтық пайда болады екен. Өйткені «сандықшаға» сыймай қалған ақпараттар адам жадынан өше бастайды. Шаршаған ми да бұрынғыдай жұмыс істемейтіндіктен қариялар ұмытып қалған ақпаратын қайта есіне түсіре алмай әлек болып жатады. (Ағза да бұл кезде қартая бастайды). Алжудың қартаюмен тығыз байланысты болатыны сондықтан. Альцгеймер ауруының тағы бір қызық жағы - білімге, көп білуге құштар адамдардың тез алжып, ал ештеңеге қызықпайтын, жалқау жандардың 80-90 жасқа дейін алжымауында. Өйткені «сандықшасы» толмағандардың милары онша шаршай бермейді. Көп жағдайда адамдар Альгеймер ауруы мен ұмытшақтықты шатастырып алады. Егер осы екеуінің аражігін дұрыс ажырата алса және уақтылы емделсе, алжудың да, ұмытшақтықтың да алдын-алуға болады екен. Ал оны қалай ажыратады?

Ең алдымен адамның іс-әрекетін бақылау керек. Ұмытшақ адам затты қайда қойғанын білмей, кешегі оқиғаны есіне түсіре алмай қиналады, адамдардың атын шатастырады. Альцгеймер ауруында адам өзімен-өзі сөйлесуі, елес көруі, бірнеше жыл бұрынғы өмірмен өмір сүруі мүмкін. Күнделікті қызмет барысында адамның психикалық қызметі туралы түсінік алу үшін науқасқа келесідей сұрақтар беруге болады: • Ұйқыңыз қалай? • Тәбетіңіз жақсы ма? • Әдетте күні бойы немен айналысасыз? • Тез шаршайсыз ба? • Бір нәрсеге зейін қоюыңыз қиын ба? • Сіз өзіңізге ұмытшақ болып қалғандай көрінбейсіз бе? Шұғыл еске түсіру • Есте сақтау қабілетіңізді тексеріп көрейік (мен қазір айтатын үш сөзді есте сақтап, қайталаңыз, мысалы, көйлек, Мәскеу, жасыл). Зейін және есеп • дауыстап 1-ден 20-ға дейін санаңыз; • бұдан кейін кері ретпен санаңыз; • «құм» сөзін жеке дыбыстары бойынша оқыңыз; • осы сөзді әріптері бойынша кері бағытта оқыңыз. Кештетіп еске түсіру • Бірнеше минут бұрын мен есте сақтап қалыңыздар деген үш сөзді қайталаңыздар. Егер науқас жауап беруге қиналса, жетелейтін сұрақтар қойыңыз, мысалы: «Қандай қала?», «Киімнің қандай бөлігі?», «Қандай түс?» Сөйлеу • заттардың атауын ұмытқан кездеріңіз болған ба?; • өтініш, осы заттарды (қалам, сағаттың бауы, тіс щеткасы т.б.) атаңыз; • осы қағазда жазылған сөйлемді оқып, орындаңыз. Парақта "Көзіңізді жұмыңыз" деп жазылған; • құрамында бастауыш пен баяндауышы бар мағыналы кез келген сөйлем жазыңыз; • конвертті сол қолыңызға алыңыз, ортасынан бүктеңіз. Оны еденге қойыңыз.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. «Гериатрия», «геронтология», қартаю мен қарттық ұғымдарының түсінігі.

2. Күнтізбелік және биологиялық жас.

3. Кәрі және қарт жастағы адамдардын анатомия – физиологиялық ерекшеліктері. Қартаю түрлері.

4. Тыныс алу, қан айналу, ас қорыту, зәршығару мүшелерінің, эндокриндік, тірек – қимыл және қанөндірім жүйелерінің жасқа қарай өзгеруі.

5. Қарт адамның мәселелері. Қарт және әлсіз адамдарға көмек көрсетудің жалпы принциптері.

6. Психологиялық бұзылыстар (деменции, Альцгеймера ауруы, қаңғыру, сандырық, елестеулер).

7. Денсаулық жағдайы өзгеруі кезінде бейімделуге көмек көрсету. Құлаудын алдын алу.

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 6932 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...