Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

НАУҚАСТЫ КОЛОНОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ



Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, жуан ішектің жогары орналасқан бөлігінің сілемейлі қабыгын қарау.

Дайындаңыз: колоноскопты, Эсмарх крушкасын, шылапшынды, қайнатылган суды, фортрансты, клеенканы, жайманы, судноны, салфеткаларды, резеңке қолгаптарды, вазелинді, шпательді, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, жолдаманы.

Колоноскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оны жасауга келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психологиялык дайындықты жүргізіңіз.

3. Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зертгеу нэтижесі дүрыс шықпайды).

4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынга өткізілетінін хабарлаңыз.

5. Зерттеуге дейін 2-3 күн бүрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тагайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады.

6. Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тагайындалады (фортранс схемага сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмагына, бүл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке карай немесе бірдей болікке боліп кеш қарсаңында және зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңгы препарат емшара алдында 3-4 сагат бүрын қабылданады.

7. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай науқасқа биік тазарту клизмасын 1,5 литрдей сумен жасаңыз.

8. Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сагат бүрын 1 тазарту клизмасын жасаңыз.

9. Белгіленген сагатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен).

10. Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шыгарып салыңыз.

Ескерту: жуан ішекті нэжістен, сүйықтықтан жэне сілемей сүйықтықтардан тазарту - дайындықтың негізгі міндеті, осының дүрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 5770 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...