Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

НАУҚАСТЫ ФИБРОГАСТРОДУОДЕНОСКОПИЯҒА ДАЯРЛАУ



Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету,

өңеш, асказан жэне он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зертгеуге

жолдаманы.

ФГДС-ті дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызмегін атқарады

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын жэне мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

3. Наукасқа зерттеу таңертең ашқарынға откізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, дэрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.

4. Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.

5. Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

6. Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге жэне түкірігін жүтуға болмайтынын наукасқа ескертіңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).

7. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарыңыз.

8. Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жүту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сүраңыз. Темекі шегуге болмайды.

Ескерту:

- т/а премедикаңия жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді;

- биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 6032 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...