Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ҚОЛҒАПТЫ КИЮ



Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

- Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді.

- Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді.

- Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді.

Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медициналық қызметкерлердің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулер және манипуляциялар кезінде, клинико- диагностикалық, бактериологиялык зертханаларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, инъекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.

2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.

3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.

4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.

6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.

7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік үстаңыз.

8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.

9. Сол қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бүзбай қолға қолғапты киіңіз.

10.Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.

Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бүзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 9312 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...