Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Егу жасауға дайындалу



Парентеральдық енгізу әдісі асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтауды талап етеді, өйткені залалсыздандыру бұзылған жағдайда ағзаға ауыр асқынулар тудыратын патогенді микроағзалар түсуі мүмкін. Соны ескеріп құралдар әр уақытта залалсыздандырылған, ал мейірбикенің қолдары мұқият түрде өңделген болуы керек. Егу жасаудың алдында медбике қолдарын кран астында сабындап жуады, содан соң спирттелген мақта шаригімен қолдарын өңдейді.

Шприцті залалсыздандырылғаннан кейін толық суыған жағдайда жинайды. Шприцті залалсыздандырылған пинцетпен залалсыздандырылған астаушада, стерилизатордың қақпағының ішкі жағында, крафт-пакетті жыртып - оның ішкі жағында жинайды. Шприцтің және инелердің дәрімен шектескен жерлеріне қолдарын тигізуге болмайды.

Егуді ауруханада немесе емханада егу жасайтын бөлмеде жасайды, ал халі нашар емделушілерге төсекте жасайды.

Егу жасайтын бөлменің жұмыс үстелінде йод, спирт, ампуланы ашатын егеуіш, ішінде мақта шариктері бар бикс, дезерітіндіде залалсыздандырылған пинсеттер болуы керек. Одан басқа егу жасайтын бөлмеде залалсызданырылған үстел болуы керек, яғни залалсыздандырылған ақжайма төселген үстел. Ақжайманың арасында залалсыздандырылған шприцтер, инелер, астаушалар жайылып қойылады. Үстелді тек қана қысқыштармен ұстап ашуға болады.

Егу жасауға арналған дәрілерді залалсыздандырылған ампулаларда және флакондарда шығарады. Шприцке дәріні сорып алудың алдында дәрінің атын, мөлшерін, қолдану мерзімін оқып, ерітіндінің мөлдірлігін тексеру керек. Әр инъекцияға 2 ине керек. Біреуі шприцке ампуладан дәріні сорып алу үшін, екіншісі егуді жасау үшін қажет. Бірінші иненің қуысы кең болғаны дұрыс. Инелердің ауыстырылуы залалсыздандыруды сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл талапқа ампуланың мойынын немесе флакон тығынын алдынғы өңделуі де жауап береді.

Егер майлы ерітінді енгізілсе, ампуланы жылы суға малып, 38 С дейін жылыту керек. Егу жасауға дайын шприцті палатаға ішінде залалсыздандырылған спиртке малынған мақта шариктері бар залалсыздандырылған астаушада науқасқа әкеледі.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Дәрілік заттарды парентеральді енгізу қандай жолдарын білесіз?

2. Артықшылығы және жетіспеушілігін атап беріңіз?

3. Шприцтер мен инелердің түрлері, жұмыс істеу ережесі?

4. Егу жасау кезінде асептиканы сақтау ережелерін атаңыз?

5. Емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру: ғимаратқа, жиһаздарға, құрылғыларға қойылатын талаптар қандай?

6. «Дезинфекция зонасы» және «шартты стерильді зона» түсінігі дегеніміз не?

7. Емшара бөлмесін жұмысқа дайындау ережелері қандай?

8. Емшара бөлмесінің санитарлық-эпидемиологиялық тәртібі, жинастыру түрлері және оларды жүргізу ережелері?

9. Емшара бөлмесінің жинау инвентарьларын қолдануға қойылатын талаптарды атаңыз?

10. Кәсіби қауіпсіздікті және ауруханаішілік гигиенаны сақтаудың қандай талаптарын білесіз?

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 10069 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...