Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

КӨзге тамшы тамызу



Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке

тампондарын, дәрілік ерітіндіні (дәрігердің тағайындауы бойынша),

колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға

арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес, дэрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-37 С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

3. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалкасынан көпшіксіз жатқызыңыз.

6. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз жэне тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.

7. Оң қолыңызбен тамызғышты ұстап, дэрілік ерітіндіні сорып алыңыз, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен.

8. Сол қолыңызға дэке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз жэне науқасқа жоғары қарауын сүраңыз.

9. Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бүрышына жақынырақ, тамызғышты көзден 1,5см қашықтықта үстап тамызыңыз.

10.Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сүраңыз (дэрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.

11.Көздің ішкі бүрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.

12.Екінші көзінде тамшыны сол реттілікпен тамызыңыз.

13.Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

14.Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, қүрғатыңыз.

Ескерту:

- екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады;

- бір науқасқа тамызғыштың саны дэрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дэрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек;

- егерде көзде іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі козді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 7805 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...