Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мейірбикенің емшара бөлмесіндегі жұмыс реті



Емшара бөлмесіндегі санитарлы- эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау.

Емшара бөлмесіндегі медициналық құжаттар. Мейірбикелердің кәсіптік ауруларының алдын алу

Әрбір терапевтік бөлімшенің кұрамында емшара бөлмесі болады. Емшара бөлмесі әртүрлі шараларды дайындауға және жүргізуге арналған. Бұл дәрілік заттарды көк тамырға ағынмен және тамшылатып енгізу, бұлшық еттік және тері астылық инъекциялар, қан тобы мен резус-факторды анықтау, клиникалық және биохимиялық анализдерге көк тамырдан қан алу, сондай-ақ бөлімше ерекшелігіне қарай диагностикалық және емдік шаралар (төс, өкпе қабы пункциясы және т.б.) жүргізіледі. Емшара мейірбикесінің міндетін орындау үшін (штаттық кестеге байланысты) бөлімшенің аға мейірбикесі жалпы профильдік мейірбикелердің ішінен жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар жоғары маманданған немесе 3 деңгейлі колледжді оқып бітірген арнайы мейірбикені (3 жыл оқыған) таңдап алады. Бөлімше ерекшелігіне байланысты іс-шара бөлмесі кушеткамен, зарарсызданған үстелмен, (1 немесе 2), тамызғыштарға арналған штативпен, дәрілік заттар қоятын шыны шкафпен, қолдарды және кұрал-саймандарды жуатын колжуғышпен және т.б. жабдықталған. Қабырғалар мен еден жиі және мұқият санитарлық өңдеуге ыңғайлы материалдардан (кафель, майлы бояу) жасалуы керек. Емшара бөлмесінде ауаны зарарсыздандыруға арналған бактерицидті шамдар міндетті түрде болуы керек.

v Процедуралық мейірбике жұмысқа кіріспей тұрып бөлмені дымқыл шүберекпен тазалап сүртеді.

v Мейірбике халатын, бас киімін киіп, қолын жуады.

v Залалсыздандырылған столдың үстіне аспаптарды, яғни шприц инелермен т.б. қойып, дайындайды.

v Науқастардың тізімін тексеріп, оларды егуге шақыру ретін құрады.

v Мейірбике дәрігердің нұсқауы бойынша көк тамырға құйылатын дәрілерді құюды нашар халдегі науқастардан бастайды.

Егу бөлмесінің мейірбикесі плеврадан, іштен сары су алуға аспаптарды дайындап, дәрігерге көмектеседі, сонымен қатар осы процедура кезінде науқастың жағдайын бақылап отырады. Мейірбике егу бөлмесінің дәрі-дәрмектерін толықтырып отырады. Егу бөлмесінде тәжірибесі мол, өз мамандығының шебері, егу жұмысын жақсы білетін мейірбике жұмыс істеуі керек. Мейірбике егу кабинетінің тазалығына көңіл бөліп, өз жеке басының да таза болуын ұмытпауы тиіс.

Емшара мейірбикесінің орындайтын ерекше міндеттері: санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті жүзеге асыру және сақтау, бұл қажеттігіне қарай, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес, арнайы зарарсыздандырғыш (0,5% хлорамин немесе баскадай) заттарды қолданумен бөлмені күнделікті және тиянақты (аптасына 1 рет) дымқыл тазалау. Емшара бөлмесінде жүргізілетін шаралардың инвазивті сипатын ескере отырып, кесте бойынша, 15-30 минутган күніне 3 реттен сиретпей, бактерицидті шаммен зарарсыздандырудың арнайы тәртібі болады. Емшара бөлмесінде дәрілік заттарды көк тамырға енгізу үшін шприцтер мен жүйелерді құрайды, пайдаланғаннан кейін зарарсыздауга немесе бір реттік шприцтер мен инелерді, құрал-саймандарды пайдаға асыруға дайындайды. Көп реттік құрал-саймандар залалсыздау алдында бір ыдыстағы зарарсыздандырғыш ерітіндіге жуылады. Содан кейін басқа ыдыстағы зарарсыздандырғыш ерітіндіге (хлораминнің 0,5% ерітіндісіне, хлорлы әктің 0,5% сұйық ерітіндісіне 30 - 60 минутқа немесе Дезэффектің 2,5% ерітіндісіне 1 сағатқа немесе Лизоформиннің 2,5% ерітіндісіне 1 сағатқа немесе нұсқауға сәйкес кез келген басқа зарарсыздандырғыш ерітіндіге) салып қойылады. Жууға арналған зарарсыздандырғыш ерітінділер кірлеуіне байланысты және осы ерітіндінің инструкцйясына сәйкес ауыстырылады. Салып қоюға арналған «Лизоформин», «Дезэффект» сияқты жаңа зарасыздандырғыш ерітінділерді 14 күнге дейін пайдалануға болады, бірақ кірлегенде ертерек ауыстырған жөн. Сондай-ақ жаңа ерітінділерді қолданған кезде жуатын ерітіндіні жеке дайындамауға болады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 13632 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...