Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрі-дәрмектерді парентералды жолмен енгізу



Ас сіңіретін трактіден өткізбей, дәрілік заттарды енгізу жолдарын парентералдық деп атайды.

Парентералдық енгізу жолдарының бірнеше түрлері бар:

o Ұлпаларға тері, тері асты май қабаты, бұлшық ет, сүйек.

o Қан тамырға: көктамыр, артерия, лимфалық тамырлар.

o Қуыстарға: ішек қарын тұратын, превралды, жүрек, буын қуыстары.

o Субарахноидалдық кеңістікке ми қабығының астына.

Парентералды енгізу жолы басқаша «инъекция» (егу) деп аталады, латын сөзінен «inectio» - енгізу. Егулер басқа енгізу жолдарынан артық болғандықтан, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады, себебі:

1. Еккен дәрінің тез әсер етуі;

2. Дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері жойылады;

3. Бауырдың кедергілік рөлі жойылады;

4. Жедел көмек көрсеткенде басқамен ауыстырылмау.

Егуді жасау үшін шприц пен инені қолданады. Кез келген шприц негізгі бөліктерден тұрады:

a) Шкаласы бар цилиндр

b) Ине кигізетін конус

c) Поршень

Шприцтің бүтіндігін тексеру: саусақпен ине салатын конустағы тесігін жауып және поршеньді астына қарай таратып, кейін оны жіберу керек. Егер поршень тез өзінің орнына тұрса – шприц бүтін деп саналады.

Егу жасайтын шприцтің сыйымдылығы 1,2,5,10 және 20 мл болады.

Әр түрлі егуге сәйкес ине қолдану өте маңызды.

Тері ішіне – 1мл, 15мм иненің ұзындығымен, диаметрі 0,4мм туберкулинді шприц.

Тері астына – 1-2мл, кейде 5мл, иненің ұзындығы 20 мл, диаметрі 0,4-0,6мм шприц.

Бұлшық ет арасына – 1-10мл, 60-80мм иненің ұзындығымен, 0,8 мм диаметрлі шприц.

Көк тамырға – 10-20 мл,40мм иненің ұзындығымен, 0,8 мм диаметрлі шприц.

Шприцке дәрінің мөлшерін дұрыс сорып алу үшін, шприцтің бөлігінің бағасын білу керек. Бөліктің бағасын анықтау үшін, цилиндрде ине салатын конусқа ең жақын миллиметр санын көрсететін санды тауып, кейін сол санның және ине салатын конустың арасындағы бөліктердің санын анықтап, тапқан цифрды бөліктердің санына бөлу керек.

Мысалы: 20 мл шприцтің цилиндрінде ине салатын конусқа ең жақыны 10 саны. Конустың және 10 cанының арасындағы бөліктің саны 5-ке тең. 10-ды 5-ке бөлгенде 2мл болады. Бөліктің бағасы осы шприцте 2 мл тең.

Аз сыйымдылықпен тар және ұзын цилиндрлі арнайы шприцтер болады, осыған байланысты оған бір бірінен көп аралықта 0,01және 0.02 мл сәйкес бөліктер қойылады. Ол қатты әсер ететін дәрілерді – инсулин, вакцина, сивороткаларды ең нақты мөлшерде енгізуге мүмкіншілік береді.

Парентералды енгізу әдісі асептика және антисептика ережелерін қатаң сақтауды талап етеді, өйткені залалсыздандыру бқзылған жағдайда ағзаға ауыр асқынулар тудыратын патогендің микроағзалар түсуі мүмкін екенін ескере отырып, құралдар әр уақытта залалсыздандырылған, ал мейірбикенің қолдары мұқият түрде өңделген болуы керек.

Инъекцияны стационарда немесе емханада ғы егу жасайтын бөлмеде жасайды, ал халә нашар емделушілерге төсекте жасайды.
Дәрілік заттарды ас қорыту жүйесіне түспей енгізу жолын - парентеральдық деп атайды.
Парентеральдық енгізу жолдарының бірнеше түрлері бар:

  1. Тіндерге - тері, тері астындағы май қабатына, бұлшық етке, сүйекке.
  2. Тамырларға - көктамыр, артерия, лимфа тамырларына.
  3. Қуыстарға - іш қуысына, плевра, жүрек, буын қуыстарына.
  4. Субарахноидалдық кеңістікке – ми қабығының астына.

Парентеральдық енгізу жолы басқаша «инъекция» деп аталады, латын сөзінен «inectio» - енгізу деген мағына береді. Егулердің басқа енгізу жолдарынан артықшылықтары болғандықтан, медициналық тәжірибеде кеңінен қолданылады, себебі:

  1. енгізген дәрі тез әсер етеді;
  2. дәрінің нақты мөлшерде есептелуі, яғни дәріге ас қорыту ферменттерінің әсері болмайды;
  3. бауырдың кедергі ролі жойылады;
  4. жедел көмек көрсеткенде өте тиімді.


Егуді жасау үшін шприц пен инені қолданады. Кез-келген шприц келесі негізгі бөлектерден тұрады: шкаласы бар цилиндр, ине кигізетін конус, поршень.
ЖИТС инфекцияның таратуын алдын алу мақсатымен пластмассадан стерильді, бүтін қапшықтағы бір рет қолданылатын шприцтер кеңінен тараған. Шприц - тюбиктің бір рет қолданатын шприцтен айырмашылығы - оның іші дәріге толтырылады. 100 және 200 мл сыйымдылықты Жане шприці қуыстарды жуу үшін қолданылады.
Шприц тұтас, жарықсыз, жақсы келетін поршеньмен болуы тиіс, сонда ол бүтіндігін сақтайды.
Шприцтің бүтіндігін тексеру оңай: саусақпен ине салатын конустағы тесігін жауып, поршеньді кері қарай тартып, кейін оны жіберу керек. Егер поршень тез өзінің орнына тұрса, шприц бүтін деп саналады.
Егу жасайтын шприцтің сыйымдылығы 1, 2, 5, 10 және 20 мл болады.
Әр түрлі егуге сәйкес ине қолдану өте маңызды.
Тері ішіне - 1 мл, 15 мм иненің ұзындығымен диаметрі 0,4 мм туберкулинді шприц.
Тері астына – 1-2 мл, кейде 5 мл, иненің ұзындығы 20 мм диаметрі 0,4-0,6 мм шприц.
Бұлшық ет арасына – 1-10 мл, 60, 80 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц Көк тамырға- 10-20 мл, 40 мм иненің ұзындығымен 0,8 мм диаметрлі шприц.
Шприцке дәрінің мөлшерін дұрыс сорып алу үшін, шприцтің бөлігінің деңгейін білу керек. Бөліктің деңгейін анықтау үшін, цилиндрде ине салатын конусқа ең жақын миллиметр санын көрсететін санды тауып алып, кейін сол санның және ине салатын конустың арасындағы бөліктердің санын анықтап, тапқан санды бөліктердің санына бөлу керек.
Мысалы: 20 мл шприцтің цилиндрінде ине салатын конусқа ең жақыны 10 саны. Конустың және 10 санының арасындағы бөліктің саны 5-ке тең, 10-ды 5-ке бөлгенде 2 мл болады. Бөліктің деңгейі бағасы осы шприцте 2 мл.
Аз сыйымдылықпен арнайы шприцтер болады, ондағы бір-бірінің аралықтары 0,01 және 0,02 мл сәйкес бөліктер қойылады. Ол ауыр әсер ететін дәрілерді – инсулин, вакцина, сарысуларды ең нақты мөлшерде енгізуге мүмкіндік береді.
Барлық жұмыстарды процедуралық мейірбике өзі күнделікті арнайы киімде (халат, қалпақ, бет перде, аяқ киім, қолғап) жұмыс күннің басында келесі ретімен жүргізу керек:





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 7618 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...