Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

МҰрынҒа дӘрілік тамшы тамызу



Мақсаты: емдік

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тагайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрі-дәрмектерді (дәрігердің тағайындауы бойынша), қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз л<оюға арналган контейнерді. қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің тағайындауына сәйкес дэрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлыгын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дэрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дэрілік ерітіндіні су моншасында 1-36-37°С дейін жылытыңыз.

3. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

5. Мүрын жолдарын қараңыз, егерде бөлініс немесе қабыршақ болса, онда вазелин майына суландырған мақта турундасымен тазартыңыз.

6. Науқастың сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бүрып немесе тамшы тамызатын немесе екінші мүрын жолына қарама-қарсы жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.

7. Оң қолга мақта шаригін алып. оны V саусақпен алақанға қысыңыз.

8. Пластикалык флакондағы мүрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) жэне тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.

9. Оң қолға тамызғышты алып, мүрынның екі жағына есептей отырып, дэрілік ертіндіні сорып алыңыз.

10.Сол қолдың IV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мүрынның үшын жоғары көтеріңіз.

П.Мүрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.

12.Мүрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дэрілік ертіндіні тамызыңыз.

13.Мүрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозгалмалы айналысты жасаңыз.

14. Дәрілік ертіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз.

15.1-2 минуттан кейін екінші мүрын жолында дэрілік ертіндіні сол реттілікпен тамызыңыз. Науқастан қал жағдайын сұраңыз.

16.Қолыңызды жуып кептіріңіз қолғапты шешіңіз.

17.Тамызгышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз.

Ескерту: майлы ертіндіні мұрынға тамызғанда науқас тамшының дэмін сезуі қажет жэне бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын канатын сүйек қалқанына баспаңыз).





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 6601 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...