Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәрілерді енгізу тәсілдері



Енгізу тәсілдері келесі түрлерге бөлінеді:

1. Сыртқы тәсілмен дәрі енгізу – тері, шырышты қабықтар арқылы енгізілген ағзаға жергілікті әсерін тигізеді.

2. Ішкі (энтеральды) тәсілмен дәрі енгізу – деп тіл астына, ауыз қуысы дәрі қабылдауды айтады.

3. Парентеральды тәсіл – иньекциялар арқылы дәріні енгізу.

4. Ингаляционды жолмен – тыныс алу жолдары арқылы.

Энтеральды, парентеральды тәсілді қолдану барысында ағзаға дәрілер резорбтивті әсерін тигізеді. Мейірбике дәрі тарату ережесін қатаң сақтауы керек және жауапкершілікті, ұқыптылықты қажет етеді.

Дәрілерді тарату дәрігер нұсқауына сәйкес жүргізіледі. Дәрі тарату алдында мейірбике қолын мұқият жуады, жұмыс орнын дайындайды. Жүре алатын пациенттер мейірбике бақылауымен өздері келіп қабылдайды, төсек режимдегі пациенттерге дәрілерді палатаға апарып береді. Қайнаған суы бар графин және мензурка қажет.

Мейірбике келесі жағдайларды есте сақтауы қажет:

1. Дәрілердің емдік әсерімен қатар организмге қосалқы әсері бар екендігі;

2. Дәрілердің мөлшерін білу керек:

Бір реттік доза – бір қабылдауға арналған дәрі мөлшері.

Тәуліктік доза – тәулік бойы қабылданатын дәрі мөлшері.

Бір реттік жоғары доза – бір рет қабылдауға арналған дәрінің жоғарғы мөлшері.

Токсикалық доза – улану белгілері байқалатын дәрі мөлшері.

· Бір дәріні екінші пакетке, сұйық дәріні бір шыныдан екіншісіне құюға, дәрінің орауын ауыстыруға, ұнтақ дәріден ертінді дайындауға құқы жоқ.

· Дәрілердің нәжіс және несеп түрін өзгертуі мүмкін екендігі.

· Дәрілер нұсқауға байланысты тамақпен бірге, тамаққа дейін немесе тамақтан кейін, ұйықтар алдында беріледі.

Бөлімшелерде дәрі таратудың бірнеше тәсілі қолданылады.

· Астаушаларда ұялар жасалынады, пациент аты-жөні жазылады, палатаға апарып таратылады.

· Жылжымалы үстелдер палатаға итеріліп кіргізіліп, пациент мейірбике бақылауымен дәрілерді қабылдайды.

· Мейірбике дәріні таратып болған соң нұсқау парағына белгі соғып, қолын қояды.

Дәрілік заттарды таратудың неғұрлым ұтымды тәсілі:

1) жылжымалы үстелшеге қатты дәрілік формалар бар ыдысты, сұйық дәрілік формалар бар флаконды, пипеткаларды (әрбір флаконға жеке-жеке), мензуркаларды, суы бар графинді, қайшыларды, тағайындау қағаздарын қойыңыз;

2) науқастан науқасқа өте отырып, дәрілік заттарды науқастың төсегінің жанында, тағайындау қағазына сәйкес, берген жөн.

3) дәрілік заттарды науқастың жанында тұрғанда қабылдатқан жөн.

Дәрілік заттарды таратудың осындай ретінің артықшылығы:

§ Біріншіден, мейірбике науқастың дәріні қабылдағанын қадағалай алады.

§ Екіншіден, мейірбике науқастың қандай дәрілерді қабылдайтыны және оның тағайындалуы туралы сұрақтарына жауап бере алады.

§ Үшіншіден, дәрілік затгарды тарату кезінде қателіктер болмайды.

Кейбір емдеу бөлімшелерінде мейірбикелер уақытты үнемдеу үшін дәрілік заттарды науқастың аты-жөні. палатасы көрсетілген торларға бөлінген астаушаға алдын ала салып қояды да күніне үш рет науқастарға таратады.

Дәрілік заттарды тарату жолының кемшілігі бар:

Ø науқастың дәрілік затты қабылдағанын қадағалау мүмкін емес;

Ø таратудың жекелей схемасы сақталынбайды (дәрілік заттардың барлығы тәулігіне үш рет қабылданбайды кейде тәулігіне 4-6 рет, кейбіреуі асқа дейін, кейбіреуі - астан кейін немесе ас кезінде, ал үшіншілері - түнге қарай);

Ø қателіктер болуы мүмкін (бір науқасқа тағайындалған дәрілер, мейірбикенің көңіл қоймауынан, басқа науқасқа арналған торға салынып кетуі мүмкін);

Ø тағайындалған дәрілік заттар туралы науқастың сурағына жауап беру қиындайды, өйткені дәрілер астаушада дәріхананың қорабынсыз болады. Мейірбике дәріні және оның мөлшерін, әсіресе әсер етуін көбінесе айта алмайды да науқастың сенімділігін және өзіне белгісіз дәрілерді ішкісі келмеуін туғызуы мүмкін.

Дәрілік заттарды тарату ережелері:

Дәрілерді таратқан кезде есте сақтау керек:

  1. Дәрілерді тарату кезінде көбінесе дәрілерді тамақтанудан 15-30 минут бұрын береді, себебі дәрілер тамақпен араласып сорылуын баяулатады.
  2. Ас қорыту жолдарының кілегей қабатын тітіркендіретін (темір препараттары, ацетилсалицил қышқылы, кальций хлориді ерітіндісі және т.б. дәрілерді) ас ішіп болған соң 15-30 минуттан кейін қабылдайды.
  3. Ас қорыту процесін жақсартатын ферментті препараттарды (фестал, панзинорм, асқазан сөлі және т.б.) емделушіге аспен бірге береді.
  4. «Ашқарынға» белгіленген дәрілер емделушілерге таңғы астан 20-60 минут бұрын беріледі.
  5. Ұйықтатын дәрілер ұйқыдан 30 минут бұрын қабылданады.
  6. Нитроглицерин, валидол (қажет болса) емделушінің тумбочкасында үнемі болады.
  7. Тұнбалар, қайнатпалар, ерітінділер, микстуралар әдетте ас қасықпен (15 мл) белгіленеді. Ал ауруханада мөлшерленген мензурка қолданған ыңғайлы.
  8. Спирттік тұнбалар, сығындылар мен кейбір ерітінділер (мысалы, 0,1% атропин ерітіндісі, сасық шөп тұнбасы) тамшы ретінде белгіленеді. Дәрі толтырылған флаконның тамызғышы болмаса, пипетканы қолданады. Әрбір дәріге арналған бөлек тамызғыш болуы керек.
  9. Құрамында темірі бар пилюля, драже, капсула және таблеткалар өзгермеген күйінде қолданылады.

7.4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Дәрілік заттардың негізгі топтарын атап беріңіз?

2. Ағзаға дәрілік заттарды енгізудің қандай жолдарын, олардың артықшылықтары мен жетіспеушіліктерін білесіз?

3. МҰ емдеу бөлімшелерінде дәріханадан дәрі жаздырып алудың қандай ережелерін білесіз?

4. Бөлімшелердегі дәрілік заттардың сақталуына қойылатын жалпы талаптарын атап беріңіз?

5. Қатты әсер ететін, наркотикалық және психотропты дәрілік заттардың тіркеу және сақтау ережелерін атаңыз?

6. Емдеу бөлімшелерінде дәрілерді пациенттерге тарату ерекшеліктері мен ережелері қандай?

7. Медикаментозды терапияны тіркеу менбақылау ережелерін атаңыз?

7.5. Сабақ берудің және үйретудің әдіс-тәсілдері:

- жұппен жұмыс істеу;

- ситуациялық есептер;

-тест алу.

7.6. Әдебиеттер:

7.6.1 Негізгі:

1. Момынов Е.Ә., Тойшиева Г.Т., ЕшоваГ.А. «Мейірбике ісінің негіздері» Шымкент 2006 жыл

2. Муратбекова С.Қ. «Мейірбике ісі негіздері» Көкшетау 2008 жыл

3. Мухина С.А., Тарновская И.И., «Теоретические основы сестринского дела» М,. 2008 год

4. Мухина С.А., Тарновская И.И., Практическое рукаводство к предмету «Основы сестринского дела»: учебник- М., 2000 год

5. Островская И.И., Шикорова Н.В. «Основы сестринского дела» М.,2008 год

7.6.2Қосымша:

1. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела» Практикум. Ростов-на-Дону, «Феникс» 2005 год

2. Т.Морозова Г.И. Ситуационные задачи по дисциплине «Основы сестринского дела»: Практикум. – М., 2008год

3. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2005 год

4. Т.П. Обуховец «Основы сестринского дела». Практикум-Растов-на-Дону. «Феникс» 2009 год

7.7. Білім алушылардың білімі мен дағдысын бағалау әдіс-тәсілдері:

-ауысша сұрау;

-тәжірибе негізінде әрбір манипуляцияларды муляждарда көрсету;

- тест алу.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 30062 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...