Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ынаптық үйректұмсық (қос жармалы) өздігінен ұстайтын Куско айналарының көмегімен тексеру



Мақсаты- қынаптың шырышты қабығының түсін, жатыр мойнының жағдайын және орналасуын, пішінін, мөлшерін, сыртқы ернеудің жағдайын және пішінін, патологиялық үрдістердің болуын, цервикалды каналдан шығатын бөлінділердің сипатын бағалау.

Көрсетулері –гинекологиялық ауруды қарау, алдын ала қарау, жүкті әйелдің әйелдер консультациясына бірінші рет келуі, перзентханаға түскен кезде.

Қарсы көрсетулері –қыздық перденің бүтіндігі, плацентаның жатуына күдік кезінде.

Мүмкін болатын асқынулары –плацентаның жатуы кезінде қан ағу, дефлорация (қыздық перденің жыртылуы).

Ресурстары –гинекологиялық орынтақ, жеке жаялық, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар,стерилді үйректұмсық өздігінен ұстайтын Куско айнасы, корнцанг, дәкелі шариктер, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге гинекологиялық айналармен қараудың мақсатын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Әйел зәр қуығын босатқанына көз жеткізіңіз.

3. Әйелді гинекологиялық орынтаққа, оның астына таза жаялықты төсеп, аяқтарын тізе және жамбассан буындарына бүгіп, екі жаққа қарай ашып, жатқызыңыз.

4. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

5. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

6. Жатыр мойнынын және қынапты жақсы қарау үшін жеткілікті жарық түсіруді қамтамасыз етіңіз.

7. Оң қолға үйректұмсықты айнаны алыңыз, сол қолмен (1-2 саусақтармен) үлкен және кіші жыныс еріндерін ашыңыз және айнаны бүйірімен кіші жамбастың шығу жазықтығының түзу өлшемінде қынаптың артқы қабырғасы бойынша артқы күмбезге дейін енгізіңіз, айнаны кіші жамбастың көлденең өлшеміне қарай бұрыңыз, айнаны ашыңыз және жатыр мойнынын және қынапты көріңіз. Оларды дәкелі шарикпен корнцангтің көмегімен құрғатыңыз.

Қараған кезде назар аударыңыз:

· қынаптың шырышты қабығының түсіне;

· жатыр мойнының жағдайына және орналасуына, пішініне, мөлшеріне;

· сыртқы ернеудің жағдайына және пішініне;

· патологиялық үрдістердің болуына;

· цервикалды каналдан шығатын бөлінділердің сипатына.

8. Үйректұмсық Куско айнасын қынаптан енгізудің кері ретінде шығарыңыз.

9. Үйректұмсық Куско айнасын және корнцангті ҚҚҚ салыңыз.

10. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

11. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

12. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.

Ескерту. Осы тексеру гинекологиялық тексерудің негізгі әдісіне жатады, сарпайды көзбен шолып қарағаннан кейін жүргізіледі. Тексерудің алдына зәр қуығын және тік ішекті босату қажет.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 2130 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...