Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сарпайды (сыртқы жыныс мүшелерін) қарау



Мақсаты- шаш шығудың түрлерін, жыныс саңылауының үңіреюін және

симметриясын, үлкен және кіші жыныс еріндерінің құрылысын,

бөлінулердің сипатын, патологиялық үрдістердің болуын, зәр шығару каналының сыртқы тесігін және бартолин бездерінің шығаратын жолдарының жағдайын, қыздық перденің немесе оның қалдықтарының түрін, бұтаралықты және артқы өтісті анықтау.

Көрсетулері –алдын ала қарау, гинекологиялық ауруды қарау және жүкті әйелдің әйелдер консультациясына алғашқы келуі.

Қарсы көрсетулері - жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары - жоқ.

Ресурстары –гинекологиялық орынтақ, жеке жаялықтар, бір рет киетін стерилді

резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге осы тексерудің маңызын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Әйелдің зәр қуығын босатуына көз жеткізіңіз.

3. Әйелді гинекологиялық орынтаққа, астына таза жаялық төсеп, аяқтары тізе және жамбас сан буындарында бүгіліп, ашылған күйінде жатқызыңыз.

4. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

5. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

6. Сарпайды қараңыз.

7. Сол қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен жыныс еріндерін ашып, қынаптың кіреберісін және кіретін жерін, шырышты қабықтың түсін, зәр шығару каналының сыртқы тесігін және бартолин бездерінің шығаратын жолдарының жағдайын, қыздық перденің немесе оның қалдықтарының түрін, бөлінулердің сипатын қараңыз.

8. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз, оны ҚҚҚ салыңыз.

9. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

10. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.

Ескерту. Емшараның алдында әйел зәр қуығын және керек десең тік ішектіде босатқаны қажет.





Дата публикования: 2015-09-18; Прочитано: 3952 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...