Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орындалған жол-құрылыс жұмыстарын қабылдау



Орындалатын құжаттардың құрамына кіретіндер:

1.) Орындалатын сызбалар

Орындалатын сызбалар подрядчиктің қатысуымен бір данасы жасалады және құрылыс объектісі аяқталғаннан кейін жұмысшы қабылдау комиссиясына тапсырады. Ол бөлек құжат есебінде ұсынылады, (қайтадан жасалған) немесе (оны қайта жасау үшін жол құрылыс жобасының жұмыс сызбалары қолданылады). Соңғы жағдайда жұмыс сызбаларына орындалатын белгілері енгізіледі (белгілер, геометриялық пішіндері, материалдар) осыған қарап нақты орындалған жұмыстың жобамен сәйкес жасалғаны жөнінде мағлұмат береді.

Орындалатын сызбалар келесі бөлімдерден тұрады:

- тұрғызылған жер төсемесінің әр пикетте жер төсемесінің жиегінің белгілері көрсетіледі (орындалатын ұзына бойлық профиль), жобадағы жолдың осінің орналасуы, көлденең профиль, торырақ түрлері және т.б.;

- аяқталған су өткізгіш құбырлар;

- аяқталған жол жамылғысының пикетттік пландық осінің орналасуында белгілерін көрсету, көлденең қиманың геометриялық пішіндерін, қолданылатын материалдар мен олардың негізгі сипаттамалары;

- көпірлердің тіректері;

- көпірлер және т.б.;.

б) журналдар:

- жалпы жұмыс журналы;

- геодезиялық жұмыстар журналы;

- зертханалық жұмыс журналы;

- бөлек жұмыс түрлерінің арнайы журналы;

- авторлық надзор журналы;

- күнделікті рапорттар.

Сәйкес жобалық шешімдердің бағалану талаптары СНиП пен ПК РК және басқада нормативтік құжаттар қабылдау бақылауының мақсаты болып саналады. Сәулет заңдары, қалашық құрылыстары мен ҚР құрылыс саласы,, міндеттерін бекіту ережелері, сонымен қатар қабылдау мен жұмыс комиссиясының салынған объектілерді пайдалануға қабылдауда міндетті құрамы (ҚР үкіметінің бекітілген бұйрығы 15.10.2001 ж. № 1320), Инструкция да ПК РК 218-35-04, бекітілген жобалы-сметалы құжаттар, сәйкес жұмыс түрлері үшін нормативтік құжаттар (СниП, инструкциялар, ТУ, ГОСТ және т.б..) аяқталған құрылыс объектілері мен жұмыстарды қабылдауда методологиялық және құқықтық негіз болып саналады.

Қабылдауға құрылыста орындалған ЖСҚ талабына, жұмыс сызбаларына, ҚНмЕ мен басқа да нормативтік құжаттарға толық сай келетін объектілер мен жұмыстар жатады.

Қабылдау түрлері:

жасырын жұмыстарды қабылдау, бөлек жұмыстар мен конструктивті элементтерді дұрыс орындалғанын тексеру үшін жасалады;

1) жауапты конструкцияларды аралық қабылдау;

2) заказ берушіден жұмысты орындаушының қабылдауы (жұмыс комиссиясы);

3) автомобиль жолының аяқталған құрылысын мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдауы;

4) автомобиль жолдарындағы, ондағы қондырғыларды капитальді немесе орташа жөндеу жұмыстарын қабылдау.

Пайдалануға енгізуге болмайды:

1) автомобиль жолында қар жамылғысымен;

2) аяқталмаған объектілер;

3) қоршаған ортаға залалды болдырмау шараларын жүргізбейінше;

4) тазалау тиімділігі мен қауіпті өндіріс қалдықтарын жібермеуін қамтамасыз ете алмайтын объектілер.

Пайдалануға жіберілмеген объектілерде көлік қозғалысына рұқсат етілмейді. Айналмалы жолдар мен сәйкес белгілері болуы керек.

Жабық жұмыстарды қабылдамайынша келесі операцияларды орындауға рұқсат етілмейді.

Келесі комиссия мүшелері қабылдайды:

- заказ берушінің технадзор өкілі;

- жұмыс атқарушы өкілі;

- зертхана мен геодезиялық бақылау жұмысшылары.

Жұмыс атқарушы ұсынады:

- орындалатын сызбалар;

- зертханалық бақылау журналы;

- өндіріс жұмыстарының журналы;

- т/б конструкциясына сертификаттар мен құжаттар;

- бақылау үлгілерін сынау актісі.

Жабық жұмыстарды тапсыру үшін, жұмысты орындайтын ұйымдар, уақтылы жолды салушы басшыларды (немесе заказ берушінің технадзор өкілін) шақырту керек немесе белгіленген уақытқа оның келуін талап ету.

Егерде бұл өкіл келмесе, онда телеграмманың көшірмесі түсіріліп келмегені жөнінде акт жасалып, жасырын жұмысты қабылдау бір жақты қабылданады да бір данасы заказ берушіге жөнелтіледі.

Аралық қабылдау дайын болған жұмысты тапсыру процессі кезінде жүргізіледі. Қажетті деген жауапты конструкциялардың тізімі жоба бойынша анықталады.

Комиссия мүшелері:

- жолды салушы басшылардың өкілі немесе жол ұйымының техникалық надзор өкілі);

- жұмысты орындаушы ұйымның өкілі;

- авторлық надзор өкілі;

- сұрыптау өкілі;

- жұмыс өндіруші, мастер, зертханашы мен геодозист.

Бірінші рет қабылданбаған жұмыстар екінші рет қабылдауға қалады.

Жұмыс атқарушы заказ берушіге аралық қабылдаудың өткізілу мерзімін ескертеді, ал заказ беруші бекітілген мерзімге комиссия мүшелерін жинайды.

Жұмыс атқарушы ұйым комиссия мүшелеріне келесі құжаттарды ұсынады, жолды қарағаннан кейін комиссия таңдаған бақылауды жүзеге асыруға болады:

1) тапсырылатын конструктивті элементтердің орындалатын сызбалары;

2) жалпы журнал мен өндіріс жұмыс журналы;

3) жасырын жұмыстар актысы;

4) геодезиялық-маркшейдерлі бөлу жұмыстарының өндіріс актысы;

5) зертханалық бақылау журналы;

6) құрылыс материалдары мен конструкцияларды, сонымен қатар бақылау үлгілерін сынау актысы;

7) құжаттар мен сертификаттар;

Қабылдау актысы үш данада жасалады. 1 данасы заказ берушіде, 2-ші дана жұмыс атқарушыда, 3-ші дана жоба ұйымында сақталады.

МАЗМҰНЫ:





Дата публикования: 2015-09-17; Прочитано: 840 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...