Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жыныстың ұсақталған (механикалық) құрамы



Тау жынысының құрамында түйірлер (массалар) саны пайызбен көрсетілген, әр түрлі іріліктегі түйірлердің болуы ұсақталған (механикалық) құрам деп атайды.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей ұсақталған құрамға кеуектілік ғана емес, қуысты ортаның басқа да маңызды қасиеттері де тәуелді - өткізгіштік, меншікті алаң (удельная поверхность), т.б. Бастапқы зерттеулер кезінде жынысты механикалық талдау – шөгінді жыныстың генезисін, соның ішінде мұнай кен орындарының генезисін болжауға мүмкіншілік береді. Өйткені ұсақталған құрам бойынша қабаттардың геологиялық және полеографиялық орналасу шарттары туралы айтуға болады.

Кен орнын игеру барысында жүргізілетін механикалық талдау нәтижелерінің негізінде мұнай скважиналарының түбін жабдықтау үшін, оған құмның кіріп кеуінен сақтандыратын сүзгіні таңдап алады: құмайытты тағындырды жуудың режимін таңдайды және т.с.с.

Осылайша механикалық талдау жыныс қасиетін және олардың шығу тегін зерттеу үшін де, сол сияқты мұнай кәсіпшіліктегі тәжірибелерде де кеңінен қолданылады.

Жыныстың механикалық құрамы еленген және сидеминтациялық талдау жолымен анықталады. Сусымалы тау жыныстарының еленген анализі, (әр түрлі тесігі бар електер) құрамында өлшемі 0,05мм.-ден және одан жоғары фракциялардың болуын анықтау үшін, ал сұйық ішінде әр түрлі өлшемдегі бөлшектердің шөгу жылдамдықтарының айырмашылығына негізднлген седиментациялық анализ құрамында өлшемі 0,05мм. кіші болатын бөлшектердің болуын анықтау үшін қолданылады





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1069 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...