Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мұнайдың, газдың және мұнай өнімдерінің негізгі физикалық және химиялық қасиеттері



Мұнай Салыстырмалы тығыздық API бойынша тығыздық, °API
Жеңіл 0,800-0,839 36°-45,4°
Орташа 0,840-0,879 29,5°-36°
Ауыр 0,880-0,920 22,3°-29,3°
Өте ауыр 0,920 көп 22,3° аз

Тығыздық. Заттың сумен салыстырғандағы тығыздығы деп заттың белгілі көлемі массасының көлемі дәл сондай судың массасына қатынасын айтады. Көбінесе заттың массасын 40С температурадағы судың массасымен салыстырады.

Кейде салыстырмалы тығыздықпен бірге немесе оның орнына

Американың Мұнай институты (API) ұсынған шартты градус (АPI0) өлшемі қолданылады.

Мұнайдың тығыздығы төмен болған сайын оны өңдеу оңай және одан алынатын мұнай өнімдерінің сапасы жоғары болады.

Мұнайдың салыстырмалы тығыздығын (r) 20°С температурада анықтау қалыптасқан. Басқа температурада анықталған тығыздық шамасын 20°С температурадағы мәніне аудару үшін Д.И.Менделеевтің теңдеуін пайдаланады. Ол 0 - 500С аралығында тығыздықтың біршама дәл мәнін береді:

r4t = r 420 - a (t - 20),

мұндағы r420 - мұнай өнімінің 200С температурадағы салыстырмалы тығыздығы; r4t - мұнай өнімінің t температурадағы салыстырмалы тығыздығы; а – 10С температураға түзету коэффициенті;

Мұнайдың тығыздығын ареомет­рмен, Мор-Вестфаль таразысының көмегімен немесе дәлдігі біршама жоғары пикнометрлік әдіспен анықтауға болады.

Молекулалық массасы. Көптеген мұнайлардың молекулалық массасы 250-300 аралығында жатпады, ал шайырлы-асфальтендік заттардікі- 1500-2000 аралығында болады.

Мұнай фракцияларының қайнау температурасы артқан сайын олардың молекулалық массасы 90-нан (60-100°С қайнайтын фракция) 480-ге (550—600°С қайнайтын фракция) дейін өседі. Осы тәуелдікті ескере отырып Б.М.Воинов мұнай фракцияларының молекулалық массасын (М) анықтауға қажетті мынадай теңдеуді ұсынды:

М = a + bt + ct2 ,

мұндағы t – фракцияның орташа молекулалық қайнау температурасы; а, в және с- коэффициенттер.

Парафиндер үшін:

М = 60 + 0,3 t + 0,001 t2

М = 52,63 +0,246 Т +0,001Т2 ,

мұндағы t мен Т – 0С-пен және К-мен алынған температура

Тұтқырлық

Динамикалық тұтқырлық деп ауданы1 м2 сұйық бетіне 1Н күш түсірілгенде1 м/с жылдамдықпен қозғалатын сұйық қабаттарының бір-біріне түсіретін кедергісінің (Па) шамасын айтады.

Мұнайдың динамикалық тұтқырлығын біле отырып, мұнай ұңғысының рационалды дебитін есептеп шығарады.

Кинематикалық тұтқырлық n деп берілген сұйықтың (газдың) динамикалық тұтқырлығының оның тығыздығына қатынасын айтады:

n = m/ r,

m - динамикалық тұтқырлық, кг/(м сек); n - абсолюттік тығыздық, кг/м3.

Кинематикалық тұтқырлықтың СИ системасындағы өлшем бірлігі м 2/сек, СГС системасында– стокс (ст) - 1 см2/сек

Кинематикалық тұтқырлық мұнай негізіндегі майлардың физика-механикалық сипаттамасының негізі болып саналады.

Сонымен бірге шартты тұтқырлық деген ұғым бар.

Шартты тұтқырлық деп көлемі 200 мл мұнай өнімінің берілген температурадағы вискозиметрден ағып өткен уақытының дәл сол температурада көлемі сондай судың вискозиметрден ағып өткен уақытына қатынасын айтады. Шартты тұтқырлық салыстырмалы шама, сондықтан өлшем бірлігі болмайды. Оны шартты градуспен (ВУ0) өрнектейді.

Шартты тұтқырлық мәнін мұнай өнімдерін практика тұрғысынан сипаттау үшін қолданады.

Динамикалық және кинематикалық тұтқырлықтарды капиллярмен жабдықталған арнайы шыныдан жасалған вискозимерлерде анықтайды. Көптеген мұнай өнімдерінің шартты тұтқырлықтарын металдан жасалған вискозиметрлерде анықтайды. Шартты тұтқырлықты кинематикалық тұтқырлыққа номограмма көмегімен ауыстырады:

nt = 0,0731ВУt - 0,0631/ВУt,

мұндағы nt - температурадағы кинематикалық тұтқырлық; ВУt – t температурадағы шартты тұтқырлық.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 3459 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...