Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мұнай құрамындағы гетероатомдық қосылыстар



6. Оттекті қосылыстардың мұнай құрамындағы үлес салмағы көп жағдайда 10%-тен аспайды. Олар қышқылдар, эфирлер, фенолдар және т.б. түрінде кездеседі. Мұнай фракцияларындағы оттектің үлес салмағы оның қайнау температурасы артқан сайын өсе түседі. Мұнай құрамындағы оттектің 90-95% мөлшері асфальтендер мен шайырлардың үлесіне тиеді.

7. Азотты қосылыстарды азотты негіздер мен нейтрал азотты қосылыстар деп үлкен екі топқа бөледі.

Мұнай құрамындағы нейтрал азотты қосылыстар пирролдың арил туындылары және қышқылдардың амидтері түрінде кездеседі. Мұнай фракциясының қайнау температурасы артқан сайын оның құрамындағы нейтрал азотты қосылыстардың үлес салмағы арта түседі де, ал негіздік азотты қосылыстардікі кемиді.

8. Күкіртті қосылыстар мұнайлар құрамында біркелкі тарамаған. Көбінесе олардың үлес салмағы мұнай фракциясының қайнау температурасы артқан сайын арта түседі. Күкірт мұнай және мұнай өнімдері құрамдарындағы бірден-бір кең тараған гетероэлемент болып саналады.

Мұнай құрамында күкірт еріген элементар күкірт, күкіртті сутек, меркаптандар, сульфидтер, дисульфидтер мен тиофеннің туындылары түрінде, сонымен бірге құрамында бір мезгілде күкірт, азот және оттек атомдары болатын күрделі қосылыстар түрінде де кездеседі.

9. Минералды қосылыстар мұнайлар құрамында металдар, қышқылдар тұздары, металдардың комплексті қосылыстары түрінде, сонымен бірге минералды қосылыстардың коллоидтық ерітінділері түрінде кездеседі.

Мұндай қосылыстардың құрамдарына кіретін элементтерді микро-элементтер деп атайды. Олардың мұнай құрамындағы үлес салмағы 2-тен 10 %-ке дейін жетеді.

Мұнайлар құрамында көптеген металдар, мысалы сілтілік және сілтілік жер металдар, сонымен бірге мыс, мырыш, бор, ванадий топшасының металдары кездеседі. Мұнайлар құрамдарында нағыз бейметалдарда кездеседі.

Мұнайдың фракциялық құрамы

Мұнайды айдағандағы пайда болатын негізгі дистиляттар:

Газдар С1- С4 < 600С

 
 
Тікелей айдалатын бензин С511 (60 – 2000С) Нафта (лигроин) С8 – С14 (150-2500С) Керосин С12 – С18 (180—3000С) Газойль С14- С20 (250 – 4500С) Мазут > С20 (> 5000С)


Мұнайдың әрбір фракциясына бастапқы және соңғы қайнау температуралары тән. Қайнау температурасы 3500С-тан аспайтын фракцияларды атмосфералық қысымнан біршама жоғары қысымда бөліп алады, оларды мөлдір дистиляттар (фракциялар) деп атайды. Фракциялардың атауларын олардың пайдалануына қарай береді.

Мазут-мөлдір дистилляттарды бөліп алғаннан кейінгі қалған қалдық. Оны ары қарай құрғақ айдайды. Құрғақ айдағаннан кейінгі түзілетін қалдықты гудрон деп атайды.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1676 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...