Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Температуралық қасиеттері



Лап ету температурасы(температура вспышки) деп белгілі бір стандартты жағдайда мұнай өнімдері буының ауамен қоспасы қопарылғыш зат болып келетін және отты жақындатқанда лап ете түсетін температураны айтады. Ол мұнай өнімдерінің фракциялық құрамына байланысты. Айдау температурасы төмен болған сайын мұнай өнімінің лап ету температурасы да төмен болып келеді.

Тұтану температурасы (температура воспламенения) деп мұнай өнімін қыздырып, сонан соң оған отты жақындатқанда 5 сек. кем емес уақыт бойы жанатын температураны айтады. Тұтану температурасы әрқашан жарқылдау температурасынан жоғары болады. Өнім ауыр болған сайын жарқылдау және тұтану температуралары арасындағы айырмашылық өсе түседі.

Өздігінен тұтану температурасы (температура самовоспламене-ния) деп мұнай өнімін қыздырғанда оның ауамен қоспасы отты жақындатпаса да өздігінен тұтана алатын температураны айтады. Ол мұнайдың фракциялық құрамына байланысты. Мұнайдың ауыр фракциялары 300-3500С температурада өздігінен тұтанады, ал бензиндер 5000С-тан жоғары температурада ғана өздігінен тұтанады.

Қату температурасы деп мұнайдың құраушы бөліктерінің тұтқырлығы жоғарылап, ағу қасиетін жоғалтатын немесе қозғалғыштығы күрт төмендейтін, тіпті кейде құрамындағы кейбір көмірсутектер кристалл және тұнба түрінде бөлінетін температураны айтады. Ол мұнайдың төменгі температурада ағу қабілетін жоғалту қасиетін сипаттайды.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1385 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...