Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тау жыныстарының кеуектілігі



Тау жыныстарының кеуектілігі деп онда қатты заттармен толтырылмаған қуыстың бар болуын түсінеміз.

Толық (немесе абсолюттік) кеуектілік коэфициенті деп – барлық қуыстар Vпор көлемінің қосындысының жыныстың көлеміне V0 қатынасын айтамыз, яғни

m = Vпор/V0

Кейде жыныстың кейектілігін пайызбен өрнектейді, яғни

m = (Vпор/V0)*100%

Жыныстың толық кеуектілік коэфициентін мұнайдың абсолютті қорын бағалау кезінде сонымен қатар қабаттардың немесе сол қабаттың бөлімдерін салыстыру үшін қолданылады.

Ортаның қасиеттері, айтарлықтай, дәрежеде қуысты арналардың өлшемдерімен анықталады, олар капиллярлы және субкапиллярлы болып бөлінеді. Капилярлы деп диамерті 0,0002-ден 0,5мм.-ге дейінгі аралықта болатын арналарды жатқызу қабылданға, ал субкапиллярлы деп диаметрі 0,0002мм.-ден кіші арналар жатады.

Субкапиллярлы қуыстарда, табиғи жағдайларда, қысым түсуінің байқалуы кезінде сұйық қозғалысы байқалмайды. Бұл былай түсіндіріледі, арналар қабырғасының арасындағы қашықтықтың үлкен еместігінің есебінен субкапиллярлы қуыстағы сұйық қабырғаларға молекулярлы тартылысының өрісінде болады және қуыстарда берік ұсталып отырады. Сұйықтар мен газдар сол сияқты изоляцияланған және бір-бірімен байланыссыз қуыстардада қозғалыссыз болады. Сондықтан құрамында мұнай болатын жыныстарды сипаттау үшін толық кеуектіліктен басқа, оның ашық кеуектілік коэфициенті енгізіледі. Кейбір тау жыныстарының толық кеуектілік (%-да) коэфициенті.

Саз балшықты тақтатастар 0,54-1,4

Саз балшықтар 6-50,0

Құмдар 6-52,0

Құмайыттар 3,5-29,0

Әк тас пен доломиттер 0,65-38,0

Жыныстың кеуектілігінің біраз шектілі өзгеруі – келесілердің әсер етуімен түсіндіріледі: түйіршіктердің өзара орналасуы, олардың пішіні, өлшемдері бойынша түйіршіктердің біртекті емстігі, цементтелу үрдісі, тұздардың шөгуі мен еруі және тағы басқа. Соның ішінде айта кететіні құмның ұсақталған құрамы бір текті емес болған сайын кеуектілік аз болады, өйткені майда түйірлер ірі түйірлердің арасындағы қуысты толтырып тастайды да жалпы кеуектілікті азайтады.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 1829 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...