Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Саздар және ақсаздар



Саздар мен ақсаздар құрамында алюминиі бар кең таралған өнім болып табылады. Олардың құрамына алюминий ақсаз минералы ретінде кіреді Al2O3·2SiO2·2H2O. Саз бен ақсаздар өзара құрамдарындағы зиянды кварц, магний, темір және басқа металдардың сан мөлшерлері көп немесе аз екендігімен анықталады.

Ақсаздардың құрамында (оттөзімді саз) ол зиянды металдардың мөлшері аз.

Қазақстанда ақсаздың ең ірі орналасқан аймағы Көкшетау қаласына жақын Алексеевка доломит кенорыны.

Ақсаздың минералдық құрамы төмендегідей: 55-65% каолин, 20-35% кварц, 5% жуық калиі бар дала шпаты, 5-10% биотит.

Ал химиялық құрамы пайызға шаққанда мынадай: 57-70 SiO2; 16,8-29,3 Al2O3; 0,04-2,07 Fe2 O3; 0,24-0,91 TiO2; 0,14-0,41 CaO; 0,14-0,66 MgO; 0,66-2,06 (K2O+ Na2O); 0,1-0,006 SO3; 5,5-9,7 шығын.

Саздардың орасан зор қоры бокситтермен бірге немесе соның маңайында Арқалық кенорындарында шоғырланған.

Арқалық кенорындарындағы саздың химиялық құрамы пайызға шаққанда төмендегідей (АР-3): 41,71 SiO2; 35,10 Al2O3; 5,0 Fe2 O3; 2,8 TiO2; 0,84 CaO; 0,5 Na2O; 12,98 шығын.

Арқалық кенорындарындағы саздан алюминй тотығын өндіруге мынадай қолайлы мүмкіндіктер бар: біріншіден саздың қоры орасан зор; екіншіден саз жердің бетінде болғандықтан оны қазып алудың қажеті жоқ, сондықтанда қазу үшін қаржыны талап етпейді.

1.2.1 Таскөмірдің қалдық күлдері. Болашақта алюминий өндірісінде Екібастұз көмір әуітіндегі қалдық күлді қолдану әбден мүмкін және бүгінде бұл сұрақ өзекті мәселелердің бірі.

Екібастұз көмір әуітінің төңірегінде бірнеше жылу электр станциялары жұмыс істейді және олар 80 миллион тоннаға жуық көмірді тұтынады.

Көмірді жаққанда шамамен орташа 54% күлге айналады.

Күлдің құрамындағы алюминий тотығы шикізатты дайындауда ешбір шығынсыз қолданыла алады.

Күлдің пайызға шаққандағы химиялық құрамы: 59-64 SiO2; 23-32 Al2O3; 2,9-9,1 Fe2O3; 1,3 TiO2; 1,1-3,9 CaO; 0,4-1,6 MgO; 0,5K2O; 0,28 Na2O; 0,0,6-1,1 SO3.

Екібастұз көмірінің фазалық құрамының минералдық бөлімі пайызбен алғанда 28 кварцтан, 54 ақсаздан, 5 кальциттен, 2 магнезиттен, 2 гипстан және 10 сидериттен тұрады.

1.2.2 Домна қождары және серициттік концентраттар. Алюминий шикізатының көзі ретінде домна қожылары мен серициттық концентраттарды да қарастыруға болады.

Кесектелген магнитік лисаков концентратарының қорытылған алюмосиликат қожының химиялық құрамы: 21,28 SiO2%; 24,44 Al2O3%; 48,18CaO%; 2,66MgO%; 0,56TiO2%; 0,53FeO.

Алюмосиликаттық қождарының кристалооптикалық зерттеу нәтижелері олар негізінен γ-түрлендірілген қоскальцилі силикаттан –

2 CaO·SiO2 (45-50%), гелениттен - 2 CaO·Al2O3·SiO2 (25-30 %) және кальци алюминатынан – 3CaO·Al2O3(25-25 %) тұратындығын анықтады.

Құрамында алюминий тотығы мол темір рудаларының бай кенорындары 10 млрд. тоннаға жуық жалпы қорымен Костанай обылысының Лисаковск және Аят деген жерлерінде есепке алынған.

Балхаш фабрикасындағы қалдықтарды байыту кезіндегі алынған серицитті концентраттың химиялық құрамы төмендегідей: 32,1Al2O3%; 7,5K2O%; 0,71 Na2O%; 1,48Fe2 O3%; 18 TiO2%.

Серицитті концентраттардан алюминий тотығын, сілті және цемент алуға болады, негізінен серицит концентраттарының табылған жері Орталық Қазақстан.

Сонымен жоғарыда қарастырылған материалдарға сүйене отырып, Қазақстанның алюминий өндірісіне алюминий шикізатының әртүрлі минералогиялық және химиялық құрамымен орасан зор қоры бар мемлекет деп айтуымызға толық мүмкіндігіміз бар.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 545 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...