Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кіріспе. С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған



АЛЮМИНИЙ ТОТЫҒЫНЫҢ ӨНДІРІСІ

Оқулық құралы

Павлодар

УДК 669.71(075.8)

ББК 34.33 я73

М 27

С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған

Пiкiрсарапшы:

М.М.Сүйіндіков - техника ғылымдарының кандидаты, профессор

М27 Масенов К.Б.

Алюминий тотығының өндірісі. – Павлодар, С. Торайғыров

атындағы ПМУ, 2007. – 106 б.

ISBN 9965-583-11-0

Бұл оқулық құралы жалпы Қазақстандағы алюминий өндірісі жайлы тұңғыш мемлекеттік тілімізде жазылған оқулық болып табылады.

Оқулықта жалпы классикалық алюминий тотығының технологиясы қарастырылып қана қоймай, қазіргі таңдағы “Қазақстан алюминиі” Акционерлік Қоғамының “Байер - күйежентектелу” сұлбасының соңғы жылдардағы технологиялық жаңа өзгерістері қоса қарастырылған. Сапасы төмен бокситтердің құрамындағы темір құмдарын жаңа “Тік аппараттарда” тазалау технологиясы және кальциндеу пештеріне қолданылатын бағасы қымбат мазуттың орынына қолданғалы жүрген газ генераторында таскөмірді газдандыру әдістеріде қарастырылған.

ISBN 9965-583-11-0

© Масенов К.Б., 2007

© С.Торайғыров атындағы Павлодар

мемлекеттiк университетi, 2007

Кіріспе

Әуелде Павлодар алюминий зауыты болып ашылып, соңынан аты өзгерген «Қазақстан Алюминиі» Акционерлік қоғамы қазіргі таңда әлемнің алюминий тотығын өндіретін алдыңғы қатарлы он өнеркәсіптің ішіне кіреді.

Әлемдік тәжірибеде Павлодар алюминий зауытында (ПАЗ) алғаш рет құрамында кремний мен темірі көп бокситті өңдеуге болатын маңызды технологиялық проблема өз шешуін тапты.

Қазақстандағы боксит сапасы жағынан шетелде боксит тәріздес саз ретінде саналады. Өйткені Қазақстан бокситінің құрамында көптеген зиянды қоспалар бар: олар органикалық қосылыстар, карбонаттар, кремнезем, хлор қосындылары.

Аталған зиянды қоспалар технологияның әр саласының жұмысын ауырлатып, көп шығынға ұшыратады.

Сондықтан мұндай төменгі сапалы бокситті ПАЗ-да бүгінде Байер –күйежентектелу жүйелі технологиялық тізбегі арқылы өңдеп, жоғарғы техника-экономикалық көрсеткіштерге жетіп отыр.

Бұл көрсеткіштер тек байырғы өндірістің химия-технологиясына өзгерістер енгізіп, инновациялық енгізулермен жоғарғы сапалы бұрын алюминий тотығы өндірісінде қолданылмаған аппараттарды қосудың арқасында жүзеге асып отыр.

Бокситтің қоры еліміздің аймағында әсіресе солтүстік және солтүстік-батысында жеткілікті. Сондықтан төменгі сапалы бокситтен жоғарғы сапалы әлемдік бәсекеге түсе алатын алюминий тотығын өндіріп шығару республикамыздың алюминий өндірісінде үлкен жол ашып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға және жоғары экономикалық табыстарға жеткізетініне кәміл сенемін.

Жоғарғы сапалы алюминий тотығы Қазақстандағы салынып жатқан тұңғыш электролиз зауытына жіберілетін шикізат.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 441 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...