Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Нефелиндер



Нефелиндер – жер қыртысындағы алюминий тотығының және сілтінің құрамы жоғары, салыстырмалы түрде кремний, темір-магнилі компоненттері аз өнім.

Құрамында алюминий оксиді 32-35% құрайтын нефелиннен алюминий тотығы жеңіл алынады.

Нефелин минералы (Na, K)2O·Al2O3·2SiO2 – натрий және калий алюмосиликаттары.

Минералдың атауы гректің «нефели» аспан бұлты деген сөзінен шыққан. Нефелин өнімінің құрамына нефелиннің өзінен басқа негізгі апатит немесе дала сілтілік шпаттары кіреді.

Қазақстанда нефелин рудалары Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қоры жағынан көбірек кездеседі.

Экономикалық тиімділігіне және құрамындағы алюминий тотығы мен сілтіге қарай Тасқұдық өңіріндегі нефелинді сиениттер келешекте өндіруге қолайлы аймақтың бірі болып табылады. Бұл аймақта көбінесе нефелинді және эпинефелинді сиениттер кездеседі.

Кесте 4 – Нефелинді сиониттердің химиялық құрамы

Алюминиқұрамдас- сілтілі шикізат кенорында ры Химиялық құрамы
Al2O3 K2O Na2O K2O+ Na2O K2O+ Na2O+ AL2O3 SiO2 Fe2O3 CaO
Құбасадыр, Солтүстік Қазақстан облысы (Нефелинді сиениттер);                
а) Тасқұдық өлкесі 28,70   0,33 12,4 12,73 41,43 42,40 1,40 2,60
б) Ащылысай өлкесі 23,00 1,20 5,80 7,00 30,00 53,50 1,70 3,00

Рентгенфазалы талдау Тасқұдық өлкесіндегі нефелинді сиениттің негізгі фазасын цеолиттер тобына кіретін натролит екендігін көрсетті, яғни (Na2O Al2O3· 3SiO2·2H2O) c (d/n=6,59; 5,85; 4,64; 4,68 оА) және аз құрамды альбитте бар екендігі анықталды (d/n=4,11 және 3,25 оА).

Талдау сараптамалары бойынша сиенит 70% цеолиттен тұратындығы анықталды.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 537 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...