Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бокситті шикіқұрамды дайындау



Бокситті шикіқұрамды үш компонентен дайындайды: бокситтен, әктастан және содадан.Сонымен қатар үш компонентен басқа шикіқұрамның құрамына дайындаған кезде айналымдағы басқа өнімдерде түседі, олар: айналымдағы содалы ерітінділер және алюминат ерітінділерін кремниден айыру кезінде пайда болған ақ шлам.

Шикіқұрамды дайындағанда төмендегідей молярлық қатынастарды алу мақсатымен есептейді

(3.12)

(3.13)

Мұндай қаныққан деп аталатын шикіқұрам күйежентекті ерітінділеу кезінде алюминий тотығы Al2O3 мен сілтіні Na2O барынша толық бөліп шығарады.

Мұқият ұсақталып және жақсы араластырылған ылғалдылығы 37-42% бокситті шикіқұрам күйежентектелу пештеріне жіберіледі.

Бокситті шикіқұрамды 1200-1250 оС аралығында айналатын құбырлы пештерде күйежентектейді.

Пештің ішіне шикіқұрамды қойртпақ бүріккіштерінің көмегімен шашып тозаңқондырады.

Шикіқұрамды күйжектелеу процессі кезінде мынадай негізгі компонентер қатысады:

Al2O3, Na2CO3, Fe2O3, SiO2, CaCO3, TiO2.

Алюминий тотығы мен соданың өзара әрекеттесуі 700 оС шамасында басталып, 1150 оС аяқталады.

Al2O3 + Na2CO3= Na2O·Al2O3+ СО2 (3.14)

Темір оксиді мен соданың әрекеттесу реакциясы мынадай:

Fe2O3+ Na2CO3= Na2O·Fe2O3+ СО2 (3.15)

Бұл реакция шамамен 1000оС аяқталады, реакция өнімі натрий метаферриті (Na2O·Fe2O3) болып табылады.

Соданың жетпеушілігінен 900оС - ден жоғары температурада алюминий оксиді натрий метаферритінен темір оксидін төмендегі реакция үлгісі бойынша ығыстырып шығарады.

Na2O·Fe2O3+ Al2O3= Na2O·Al2O3+ Fe2O3 (3.16)

Кремний оксиді мен натрий карбонатының, яғни соданың өзара әрекеттесу реакциясы 800-820оС арлығында барынша қарқынды жүріп, натрий метасиликатын түзейді

SiO2+ Na2CO3= Na2O· SiO2+ СО2 (3.17)

Натрий метасиликаты натрий алюминатымен екінші өзара әрекеттесу реациясына түсіп, 1520 оС балқу температурасында натрий алюмиосиликаты пайда болады (Na2O·Al2O3· SiO2), бұл реакцияның түзілуі процесте керексіз құбылыс.

Дегенмен де кальций оксиді бар болғандықтан реакция нәтижесінде кальций силикаты түзеледі

CaCO3+ SiO2=2CaO·SiO2+CO2 (3.18)

Титан оксиді жоғары температурада содамен және әктаспен өзара әрекеттесіп, өзіне белгілі мөлшерде сілтімен кальций оксидін қосып титанаттарды құрайды (Na2O·TiO2; және CaO·TiO2).

Сонымен күйежентектің негізгі құрамы төмендегідей химиялық қосылыстар.

Натрий метаалюминаты Na2O·Al2O3, натрий метаферриті Na2O·Fe2O3 және қос кальцилі силикат 2СаО·SiO2.

Натрий метаалюминаты мен метаферриті күйежентекте үзіліссіз бірнеше қатты ерітінділерді түзейді.

Күйежентектелу процесінде шикіқұрамның сайма-сайлық қатынасының ауытқуының нәтижесінде басқа да қосылыстардың түзілуі мүмкін, мысалы кальций алюминаты, кальий алюмосиликаты, натрий-кальцилі силикаттар.





Дата публикования: 2015-07-22; Прочитано: 631 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...